АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ
№6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЖҮГІНІСОВА АЙНҰР САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ
ПӘНІ: ХИМИЯ
СЫНЫБЫ: 9а ТАҚЫРЫБЫ: АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫ Сабақтың мақсаты: БІЛІМДІЛІК: Азот қышқылының жалпы сипаттамасын, физикалық және химиялық қасиеттерін, табиғатта кездесуі мен
қолдануын, өзіндік жұмыстар арқылы меңгерту және алған білімдерін өз бетімен қолдана алуға жағдай туғызу;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды
біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның
қабілетіне сәйкес құзырлығын дамыту. ТӘРБИЕЛІК: Өз бетімен топтық және жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуі нәтижеге жетуге, білім
бәсекесіне түсуіне, өзінде шығармашылық
ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
2. Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдегі тапсырмалар 3. Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде сұрақ-жауап; ІІ кезеңде а) оқулықпен жұмыс; ә) дискуссия в) практикада бекіту әдісі;
ІІІ кезеңде –үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындату арқылы бағалау әдістері. 4. Сабақтың формасы: І кезеңде – фронтальды, жеке ІІ кезеңде- топтық, фронтальды, ұжымдық, ІІІ кезеңде-жеке. 5. Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері, ашық журналдар, оқулық- слайдтар, тақта, оқулық, бор, тақта Сабақтың барысы: 6.Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен сәлемдесу,сыныпты түгендеу,т.б 7.Үй тапсырмасын сұрау Барлық оқушыларға жұмыс дәптерлер беріледі, соған тапсырмаларды орындайды.
кезең
|
«Көпір»
тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
|
Сұрақтарға жауап бер
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Азот (ІІ) оксидінің формуласы- NO, ол тотыққанда қоңыр түсті , улы газ түзеді.Азоттың (ІҮ) оксидінің формуласы – NO2, суда еріткенде НNO3 қышқылын түзеді.
2.Мына қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежелерін анықтап сәйкестендір.
Тотығу дәрежесі +3 N2O5
Тотығу дәрежесі +4 N Н3
Тотығу дәрежесі +5 NO2
3.Азот оксидтерінің физикалық қасиеттерін сипатта. Жауап : NO- түссіз иіссіз, дәмсіз газ N2O3 сұйық зат NO2 қоңыр түсті үлы газ N2O5түссіз кристалл
|
ІІ кезең Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
|
Теориясы:
«Білу»
(Кім?Не?Нені?
Қашан?Қандай?
Қалай?Не істеді?)
|
Сұрақтарға жауап бер
1.Азот қышқылының молекулалық ,құрылымдық формуласы қандай?
Жауап:Молекулалық формуласы – НNO3
Құрылымдық формуласы-H-O-N=0
О
2.Азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі неше?
Жауап:азот қышқылындағы азот атомының тотығу дәрежесі+5
3.Қалыпты жағдайда зертханада қандай азот қышқылының қолданады?
Жауап: Зертханада 63азот қышқылын қолданады.
|
Теориясы:
«Түсіну»
(Неге?
Неліктен?Себебі?
Не үшін?)
|
Сұрақтарға жауап бер.
1.Азот және тұз қышқылдарының НNO3:НСІ=1:3 болса «патша»сұйықтығы деп неге атайды?
Жауап.Кәдімгі жағдайда концентрациялы азот қышқылы мен концентрациялы тұз қышқылының 1:3 қатынасындай қоспасы алтынмен платинаны ерітеді.
2.Азот қышқылы неліктен бір сатылы диссоциацияланады?
Жауап: НNO3 Н++NO-3 өйткені бір негізді қышқыл
|
Теориясы:
«Талдау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған :
Мазмұнды жүйеле,анықтама бер,кесте,сызба толтыр,сөзжұмбақ,
ребус ,шеш сияқты т.б сөздер тапсырма шартында болу керек)
|
1.Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияны аяқта.
МgО = Mg(NO3)2+H2O
2НNO3 + Мg(ОН)2=Mg(NO3)2+2H2O
Nа 2СO3=2NaNO3+CO2 +H2O
2.Азот қышқылының тұздары қалай аталады?
Жауап:Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады.
|
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығар ,анықтама бер.Мазмұнды жүйеле,кесте ,сызба ,т.б.түрінде)
|
1.Азот қышқылын сипаттайтын кестені толтыр.
Молекулалық формуласы
|
Салыстырмалы молекулалық массасы
|
Физикалық қасиеттері
|
Тұздарының атауы
|
НNO3
|
Мг(НNO3)=63г/моль
|
Өткір иісті ,
суда жақсы ериді ,
сұйықтық
|
Натрий селитрасы
NaNO3 натрий нитраты
|
|
Практикасы
«Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)
| -
«Азот қышқылы-өдірісте маңызы зор шикізат» тірексызбасын толтыр.
Жауабы: Азот қышқылының қолданылуы: коллоидий алуға, патша сұйықтығын, целлулоид, фотопленка, дәрілер, минералды тыңайтқыштар алу, қопарылғыш заттар алу.
|
Практикасы:
«Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?)
|
1.Не себепті мына металдармен (АІ,Ғе,А,Рt ,т.б) концентрациялы азот қышқылы әрекеттеспейді.Менің ойымша
Ол металдардың белсенділігі және азот қышқылының концентрациясына байланысты.Мысалы Аu+ НNO3+3HCl=AuCl3+NO+2H2O
3Cu+8HNO33Cu(NO3)2+2NO+4H2O
|
|
ІІІ кезең Деңгейлік тапсрмаларды орындап , балл жинау
|
|
І деңгей (5балл)
|
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Сұрақтарға жауап бер
1.Қышқылдардың құрамында : сутек , оттек, азот атомдары.
2.Сандық құрамы: бір атом сутек , бір атом азот, үш атом оттек
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма
|
1.Азот қышқылын сапалық анықтау үшін қандай зат қолданады?жауаптарыңды реакция теңдеуімен дәлелде:
Жауап:Азот қышқылын сапалық анықтау үшін мыс қолданылады, ол үшін анықтайтын тұздар концентрациялы күкірт қышқылымен бірге қолданады.
4NaNO3+Cu+H2SO4Cu(NO3)2+2Na2SO4+2NO2+2H2O
Конц қоңыр
|
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
|
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
|
1.Азот қышқылының тұздарының формулаларын құрастыр.
Кальций селитрасы Ca (NO3)2 Аммоний нитраты NH4 NO3
Аммоний хлориді NH4Cl Литий нитраты LiNO3
2.Есеп шығару
6.4 г мыс пен азот қышқылы әрекеттескенде қанша литр (қ.ж) газы түзіледі?
Бер:m(Cu)=6,4г Шешуі:3Cu+2HNO33Cu(NO3)2+2NO+H2O
6,4 Xл
192 44,8л
Табу керек: V(NO)=? Mr (3Cu)=364=192 X==1,5 л
Жауабы : V(NO)=1,5л
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
|
Венн диаграммасын толтыр
|
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
|
1.Концентрациялы азот қышқылымен жұмыс істегенде қандай сақтық шаралары қолданылады?
Жауап: Азот қышқыл терімен матаны бүлдіреді. Сондықтан азот қышқылымен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек.
|
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
|
Кестені толтыр
Заттың аталуы
|
Формуласы
|
1.Натрий селитрасы
|
NaNO3
|
2.Аммоний селитрасы
|
NH4NO3
|
3.Әк селитрасы
|
Cа(NО3) 2
|
4.Кальций цианиді
|
Ca(СN)2
|
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
|
1.Калий, натрий тыңайтқыштарын қосымша қорек ретінде өсімдіктерге қалай қолдануға болады? Сен қалай ойлайсың?
Калий , натрий және кальций нитраттарын селитралар деп атайды. Оларды көкеністерге тез пісіріп, мол өнім алу үшін шамадан тыс қолдануға болмайды. Тыңайтқыштарды көп пайдаланудан өнім жарамсыз болып шығады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |