Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет4/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Лаб

Алынған нәтижелерді өңдеу
1.Ылғалдылықтың құрамы (масс %) формула бойынша есептеледі:
,
мұндағы М0-бос бюкстің массасы, г;
М1-кептіргенге дейін биомассамен бірге бюкстің массасы, г;
М2-кептіруден кейін биомассамен бірге бюкстің массасы, г;
2.Күлдің құрамы(Х,мас%)биомассаның абсолюті құрғақ массасы
формула бойынша есептеледі:
,
Мұндағы:
А0-бос тигелдің массасы, г;
А1-күл болғанға дейінгі тигелдің биомассамен бірге массасы, г;
А2-күлмен бірге тигелдің массасы, г;
W-биомассадағы ылғалдың массасы, %.


Бақылау сұрақтары

1.Ауыл шаруашылығында азықтық микробты ақуыздың мәні неде?


2. Азықтық ашытқының құрамында не болады?
3. Азықтық ашытқылардың тауарлы атаулары?
4.Бұл жұмысқа қандай қоректік орта қолданылды?
5.Ашытқыны концентрлеуде қандай технология қолданылады?
6.Плазмолиздің нәтижесінде не болады?
7.Дайын өнімнің сапасына күлдің әсері.
8. Дайын өнімнің сапасына ылғалдың әсері.
9.Биомассаның ылғалдылығына және дайын өнімнің күлділігіне
кептіру процесінің параметрінің әсері.

2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Микроорганизм культурасының, ауаның және қоректік ортаның тазалығын бақылау


Жұмыстың мақсаты
Қоректік ортаның және ауаның залалсыздығын бақылау әдісін зерттеу
және меңгеру


Теориялық негіздері

Асептикалық жағдайда культивирлеу процесі бөгде микрофлорасыз жүргізуге мүмкіндік жасайды. Ортаны сенімді қорғау талабы микроорганизм – продуцентінің өндірістік штамын культивирлеу микробиологиялық синтездің негізгі технологиясының бірі болып саналады. Микробиологиялық синтез өндірісінде асептикалық жағдайда жүргізу жағдайы әсіресе маңызы зор мәнге ие. Ірі өндіріс масштабында асептикалық жағдайда қамтамасыз ету – күрделі инженерлік проблеманың бірі. Жалпы екі жолмен жүргізіледі.


Біріншісі өндірістің технологиялық гигиенасын қамтамасыз ету. Мұнда қоректік ортадағы және өндіріс бөлімдеріндегі продуценттің ластануын төмендететін комплексті заттарды қолдану жатады.
Екіншісі технологияға қатысты комлпекс технологиялық шешімдерді және әдісті қосады. Олар арнайы технологиялық құрал – жабдықтарды (фильтр, залалсызданғыш) болып табылады немесе арнайы негізгі технологиялық құрал – жабдықты (ферментерді) бақылау - өлшегіш аспапты құруда, асептикалық талапты қолдану. Процестің соңғы мақсаты құрал – жабдықтың көмегімен іске асырылады демек, ферментерде материалдардың барлық ағып өтетін барлығын (аэрирлеуші ауаны қоректік ортаны, көбік сөндіргішті т.б.) толығымен бөгде микрофлорадан толығымен босату. Культивирлеу процесін асептикалық жағдайда жүргізу үшін герметикалық нығыздалып жабылатын аппарат және құбыр өтікзгіш, аэрирлеуші ауаның залалсыздығын, қоректік ортаның және көбік сөндіргіш заттардың және ферментерге келіп қосылатын басқада қоспаның залалсыздығын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.
Биотехнологиялық технологияда және биосинтезде көмекші операциялар үшін мол мөлшерде сығылған ауа немесе инертті газ қажет болады. Ауаны дайындау жүйесі технологиялық белгісі бойынша төрт топқа бөлінеді:
1) аэробты культивирлеу кезінде ферментацияға ауаны дайындау және беру;
2) анаэробты культивирлеу кезінде культуралды сұйықтықтан газ тәрізді өнімді шығаруға арналған инертті газды дайындау және беру;
3) пневматикалық тасымалдағышта сусымалы өнімді тасмалдауда және микроорганизм суспензиясын бір аппараттан екінші аппаратқа айдау үшін тасымалдағышқа сығылған ауаны дайындау және беру;
4) технологиялық құрал-жабдықтың барлық түрлерінен шығарылатын газ қоспасын немесе ауаны тазарту;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет