Биомедициналық зерттеу жұмыстарында жануарларды адамгершілікке сәйкес пайдаланудың ережелері



Дата01.07.2016
өлшемі29.5 Kb.
#171232
БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖАНУАРЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ СӘЙКЕС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ * **

  1. Зерттеуде пайданылатын жаунуарларды баптау жергілікті заңнамалардағы жануарларды қорғау талаптарына, басқарушы міндеттемелер мен саясатқа сәйкес жүргізілуі керек. Осы шарт жөніндегі баяндама редакцияға ұсынылуы тиіс.

  2. Жануарлардың қатысуымен жүретін зерттеулер адам денсаулығы үшін қолдануға болатын, қоғамның пайдасына жарар және іргелі білімді жетілдіруге арналған болуы шарт. Жасалған жұмыстың кез-келгені бағасы мен оң әсерінің қорытынды нәтижесіне байланысты болып, редакцияға ұсынылуы керек.

  3. Мүмкіндігінше, зерттеуде жануарлардың қатысуын бөлшектеп немесе толық алмастыра алатын балама процедуралар (математикалық модельді қолдану, ЭВМ көмегімен модельдеу, зертхана жағдайындағы биологиялық жүйелерді қолдану) қолданылуы керек. Бұл мүмкін болмаған жағдайда зерттеудің ғылыми мақсатына жету үшін мүмкіндігінше аз жануар қолданылуы тиіс.

  4. Кез–келген процедура үшін қолданылатын жануарлар толық дайындалып, таңдалып алынуы керек.

  5. Жануарлардың ауырсынуын жағымсыздық сезімін мүмкіндігінше азайту мақсатында адамгершілік тұрғыдан қарауға кепілдік беретін барлық қадамдар жасалынуы тиіс. Кез-келген хирургиялық процедура сәйкес жансыздандыру мен седациядан кейін ғана жүзеге асырылады, отадан кейінгі бақылау да сапалы болуы тиіс. Бұлшықеттік релаксант секілді химиялық затпен салданған жануарға процедуралар жансыздандырусыз жасалмауы керек.

  6. Ауыр созылмалы аурумен ауыратын, ауырсыну жанына батқан жануарлар ауырсынусыз эвтаназия көмегімен өлтірілуі керек. Ауырсыну тудыратын процедуралар мен эвтаназия басқа жануарлардың көзінше жасалмауы тиіс.

  7. Зерттеуге қатысатын жануарларды бағатын орын қауіпсіз және ыңғайлы болуы қажет.

  8. Мал дәрігерінің күтімі қажет болған жағдайда уақытында көмек көрсету мәселесі қолжетімді болуы шарт.

  9. Жануарлармен жұмыс жасайтын және оларды күтетін қызметкерлер мен зерттеушілер сәйкес мамандандырылған болуы керек.

  10. Жануарлардың қатысуымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының хаттамалары этикалық комитетте тексеруден өтуі тиіс.

  11. Әр зерттеуде пайданылған жануарлардың жынысы, түрі, тұқымы, жүргізілген процедуралар, жансыздандыру, эвтаназия, жануарлардың ауырсыну дәрежесі қолжазбада көрсетіліп, қажет болғанда редакцияға ұсынылуы керек.

  12. Ауырсынуды азайтатын, адамгершілікке сай қағидалар жұмыста қолданылып, олар қолжазбадан орын алуы тиіс.

  13. Осы ұстанымдарды қарай отырып, кез-келген зерттеудің мәні мен мақсаты алдымен этикалық сараптамадан өтуі керек.

*Бұл ережелер келесі FRAME веб-сайтында жарық көрген ақпарат бойынша жазылды (www.frame.org.uk/reductioncommittee/journalguidelines.htm).

**Бұл талаптар мақаланы бастапқы тіркеудің бірден-бір критерийі емес!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет