Мүшелдегі 12 жануарлардың алтауы – үй жануарлары, алтауы – дала (түз) тағысы. Мүшелдегі жануарлардың жынысы, жасы есепке алынбайды. Сондықтан қой жылын қошқар жылы деп айтуға да болады.
Мүшелдің шығуы жайында мынадай аңыз бар. Он екі жануар жыл атына ие болуға таласады. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз де ерте тұрып, шығып келе жатқан күнді аңдиық. Сонда алдымен көргеніміз бірінші жылды, одан соңырақ көргеніміз екінші жылды т.с.с. өз кезегімізбен үлестіріп аламыз», - деп ұсыныс жасайды. Бұған келіскен жануарлар дем алып жатқанда, тышқан ептеп түйенің басына шығып алады. Сөйтіп, ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы болған екен. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалады.
Жыл санау
Биыл – осы жылы.
Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын.
Бұрнағы (мұрнағы) жылы – 2 жыл бұрын.
Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын.
Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары
Қаңтар Ақпан Наурыз
Қаңтар келді қышынып, Ақпанда қыс ызғары Наурыз келді шуақты,
Сірескен қар жан-жағың, Қайтпағанмен, күн жылып, Шаттанбаған бар ма алап?
Үдегенмен үскірік, Айналаның мұз – қары Жылғалармен су ақты.
Күн ұзарды бір қадам. Бір қатады, бір жібіп. Бүрін жарды тал-тарақ.
Сәуір Мамыр Маусым
Сәуір келді жетті енді, Мамыр келді ән – думан, Құс көбейді көлдегі,
Дала гүл-гүл жайнады. Көлде аққу қалқыды. Маусым келді- жаз мейрам.
Жырға қосып көктемді, Орақ түскен шалғыннан Асыр салып төлдері,
Әнші құстар сайрады. Жұпар иіс аңқылды. Жан –жануар мәз –мейрам.
Шілде Тамыз Қыркүйек
Шілде келді. Бұл бір ай- Тамыз жомарт бұйырды, Қыркүйек пен күз келіп,
Жаз айы ғой ең ыстық Пісті қауын, алма, өрік, Шопан көшті күзеуге.
Апамызға құлпынай, Жүзім, алмұрт үйілді, Мектепке бет түзедік
Алша, шие терістік. Дастарқанға сән беріп. Гүл құшақтап біздер де.
Қазан Қараша Желтоқсан
Қазан келіп, көсілді Қараша кеп шіренді - Азынайды бораны,
Аяқтап жұрт жұмысты. Қара суық қысады. Желтоқсан- бұл қыс басы
Тал- тарақтар шешінді, Аспан жиі түнерді, Әйнекке ою ояды:
Қыс қамына кірісті. Сезіліп қыс нышаны. «Осы,- деп,- қыс нұсқасы».
С. Қалиев.
Жаз Күз
Жаз келіпті дегенше, Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Алма пісті дегейсің. Дымқыл туман басады.
Бақшамызда ендеше Шөп сарғайып, өңі тайып,
Алма теру көбейсін. Дала сұры қашады.
Жаз келіпті дегенше, Ойнай алмай...
Жайлау кеттік дегейсің. Денең мұздап тоңады.
Қорамызда ендеше Айтыңдаршы, бөбектерім,
Қой – қозылар көбейсін. Т. Молдағалиев. Бұл қай кезде болады?
Қыс суреті Көктем
Ауа мөлдір, тұп – тұнық, Қар, мұз еріп, су көбейіп
Аппақ, таза жаңа қар. Сай – салада ағады.
Асау аттай жұлқынып, Бүршік шашып,
Зуылдайды шаналар. Жапырақ ашып,
Күмістен алқа тағынып. Жер гүл шашақ тағады.
Бақтар күлім қағады. Бөбектерім!
Күн нұрына шағылып, Айтыңдаршы,
Қар жұлдыздай жанады. С. Мәуленов. Бұл қай кезде болады? Ш. Ахметов.
Материалды дайындаған
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК
оқытушысы А.М. Темірбекова