Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы № 9 хаттама
2015 жылы бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу
Астана қ.
|
2015 жылғы 5 наурыз сағат 10:00
|
1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.
2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 34 366 964,29 (отыз төрт миллион үш жүз алпыс алты мың тоғыз жүз алпыс төрт) теңге жиырма тоғыз тиын (ҚҚС-сыз), оның ішінде:
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері (мәліметтерді берудің бірлескен желісін техникалық қолдау қызметі) – 6 135 565,48 теңге;
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері (IP- телефондардың техникалық (кепілдіктен кейінгі) қолдау қызметтері) – 6 679 464,29 теңге;
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері – 21 551 934,52 теңге.
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 11-4/135 бұйрығының және Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2014 жылғы 30 желтоқсандағы негіздемесінің негізінде, егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;
4. «Астана-Новые Технологии-2008» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:
- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы анықтама;
- «Хан шатыр» ЦБО бастығы Б. Қалиеваның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Цеснабанк» АҚ Астаналық филиалы бойынша банкінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5034 анықтамасының түпнұсқасы;
- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 2 наурыздағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген 2015 жылғы 3 наурыздағы анықтамасының түпнұсқасы;
- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:
- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;
- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.
5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Астана-Новые Технологии-2008» ЖШС, Астана қ., Достық көшесі 5/2 үй ВП 3 кеңсе және мұндай шарттардың бағасы 34 366 963,18 (отыз төрт миллион үш жүз алпыс алты мың тоғыз жүз алпыс үш) теңге он сегіз тиын (ҚҚС-сыз), оның ішінде;
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері (мәліметтерді берудің бірлескен желісін техникалық қолдау қызметі) – 6 135 565,48 теңге;
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері (IP- телефондардың техникалық (кепілдіктен кейінгі) қолдау қызметтері) – 6 679 464,18 теңге;
- бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері – 21 551 933,52 теңге.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 11-4/135 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық сарапшы тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) 2015 жылы бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Достық көшесі 5/2 үй ВП 3 кеңсе, мекен-жайы бойынша орналасқан «Астана-Новые Технологии-2008» ЖШС -нен сатып алынсын.
2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2014 жылғы « 12 » наурызға дейін «Казагромаркетинг» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.
3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
ҚР АШМ Жауапты хатшы
|
А. Қ. Евниев
|
Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаментінің директоры
|
Б. С. Аймбетов
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары
|
Р. А. Түкішева
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы
|
Г. Ж. Баймаханова
|
Хаттамаға қосымша
Экспертное заключение
Об осуществлении государственных закупок услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса в 2015 году способом из одного источника, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 11-4/135
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса в 2015 году (далее – Техническая спецификация), предоставленную ТОО «Астана-Новые Технологии-2008», сообщает, что Техническая спецификация соответствует лоту 4, приложения 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 11-4/135.
Эксперт А. Котельников
04.03.2015 г.
Достарыңызбен бөлісу: |