Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №27 хаттама



Дата29.02.2016
өлшемі39.75 Kb.
#31502
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 27 хаттама
2015 жылы тауарларды (картридждер) мемлекеттік сатып алу


Астана қ.


2015 жылғы 12 қазан сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы тауарларды (картридждер) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сомасы 2 560 044,30 (екі миллион бес жүз алпыс мың қырық төрт) теңге отыз тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 11-4/866 бұйрығының және Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы 16 қыркүйектегі негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «SBS-CAPITAL» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілінің тіркелгені туралы анықтама;

- «Цеснабанк» АҚ Ақмолалық филиалдың операциялық басқарманың бастығы Р. А. Аюловтың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Цеснабанк» АҚ Ақмолалық филиалдың 2015 жылғы 5 қазандағы № 10/6819 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 5 қазандағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Кокшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген анықтамасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған тауарлардың бағалардың негіздемесі;

- тауарлардың техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «SBS-CAPITAL» ЖШС, Көкшетау қ., Ақан сері көшесі 29 үй және мұндай шарттардың бағасы 2 560 044,30 (екі миллион бес жүз алпыс мың қырық төрт) теңге отыз тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 11-4/866 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық сарапшы тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы тауарларды (картрдждер) бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Ақан-сері көшесі 8 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «SBS-CAPITAL» ЖШС -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы « 20 » қазанға дейін «SBS-CAPITAL» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы


А.Қ. Евниев


Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаментінің директоры


Б.С. Аймбетов


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Р.А. Түкішева



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г. Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша

Экспертное заключение

об осуществлении государственных закупок товаров (картриджи)

в 2015 году способом из одного источника утвержденный приказом ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан № 11-4/866 от 30.09.2015 г.
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию по государственным закупкам товаров (картриджи) в 2015 году, предоставленная ТОО «SBS-CAPITAL», сообщает, что техническая спецификация соответствует требованиям приложения 2 к Конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 09.07.2015 года № 11-4/629.


Эксперт __________________ Искакова Д.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет