Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №18 хаттама



Дата29.02.2016
өлшемі42.35 Kb.
#32233
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 18 хаттама

2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 28 наурыз сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» шеңберінде 2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 7 672 365,72 (жеті миллион алты жүз жетпіс екі мың үш жүз алпыс бес) теңге жетпіс екі тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 12-4/144 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы 24 ақпандағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «Казкоммерцбанк» АҚ банкінің директорының орынбасарының Т. Арзымбетованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ банкінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 66024413 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 5 наурыздағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 7 наурыздағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК, Астана қ., Хусейна бен Талала, көшесі 13 және мұндай шарттардың бағасы 7 672 365,72 (жеті миллион алты жүз жетпіс екі мың үш жүз алпыс бес) теңге жетпіс екі тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 12-4/144 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы қызметтік автокөлікпен көліктік қызмет көрсету қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ Хусейна бен Талала, көшесі 13 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 4 » сәуірге дейін «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев










Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының м.а.


Б. С. Аймбетов




Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г.Ж. Баймаханова

Приложение к Протоколу




Экспертное заключение

по предлагаемым потенциальным поставщиком услугам на соответствие требованиям конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 21.01.14 г. №12-4/61

Эксперт, определенный приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства РК от 11.03.14 г. №12-4/143, рассмотрев техническую спецификацию РГП «Управления Делами Президента Республики Казахстан» по государственным закупкам услуг транспорта различного вида по городским и пригородным перевозкам пассажиров по расписанию способом из одного источника сообщает, что техническая спецификация соответствует требованиям конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства РК от 21.01.14 г. №12-4/61.



Эксперт Нурумов Т.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет