Аружан Апталықтың жабылуына байланысты ұйымдастырылған салтанатты жиын ашық деп жариялансын. Елхан



Дата05.02.2024
өлшемі20.59 Kb.
#490868
Білімді ел – мәңгілік ел бастауыш апталығының жабылуы


Елхан
Қайырлы күн қадірлі қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы бастауыш сынып оқушылары. Қаңтар айының 22-сінен 2-ші ақпан аралығында бастауыш сынып пән бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық болып өтті, сол апталығымыздың соңғы іс-шарасын өткізгелі отырмыз.

Аружан
Апталықтың жабылуына байланысты ұйымдастырылған салтанатты жиын ашық деп жариялансын.

Елхан
Мектеп қой еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі–бәрі,
Жабылу салтанатты жиынында
Шырқалсын қазақтың бір шаттық әні.

Аружан
Дүбірлі той бүгін сенде мектебім,
Жарқырап тұрар бүгінің мен өткенің.
Бастауыштың апта бойы өткізген.
Іс-шарасы мәресіне жеткен күн, - дей келе кезекті келесі марапаттауға берейік

Елхан
Оқушылар, қонақтар!
Біздің апталығымызда сыныптан тыс жұмыстар, көрме, сайыс, ойындар, білімділер сайысы, шығарма жазу, көркем жазу байқаулары өткізілді. Оған 2 апта ішінде барлық бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Олай болса өзімізді шапалақ соғу арқылы бағалайықшы. Бәрекелді, балалар!

Аружан
Биік болсын білімің,
Біреуі бол ірінің.
Әр күніміз жақсы болсын.
Өнер білім серік болсын, -деп апталығымыздың жабылғандығын хабарлаймын.

Елхан
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сау болыңыздар, келесі жолы кездескенше.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет