Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 96 қаулысына
54-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
-
көрсетілетін қызметті беруші;
-
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті берушіден салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қағаз жеткізгіште алу;
2) портал арқылы өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті берушіден салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қойылған қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) ұсынылған салымшының (алушының), заңды өкілінің, сенім білдірілген адамының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынылған құжаттың қолданылу мерзіміне тексеру;
2) сенім білдірілген адам өтініш жасаған кезде нотариат куәландырған құжаттардың дұрыс ресімделуін және мазмұнын тексеру;
сенім білдірілген адамының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға берілген сенімхаттың түпнұсқасында не нотариат куәландырған көшірмесінде көрсетілген өкілеттіктері;
деректердің: сенім білдірілген адамының сенімхаттың түпнұсқасында не нотариат куәландырған көшірмесінде көрсетілген тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) сенім білдірілген адамының жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болса) сәйкес келуі;
3) заңды өкілі өтініш жасаған кезде оның жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жөніндегі деректердің туу туралы куәлігінде, қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындау туралы құжатта, баланы патронатқа тәрбиелеуге беру туралы шартта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жөніндегі деректерге сәйкес келуін тексеру.
4) салымшының (алушының) деректемелерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), жеке басын куәландыратын құжатының (түпнұсқасы) көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ААЖ) деректерімен сәйкес келуін тексеру;
5) деректер сәйкес келген, ААШЖ-да ашық (қолданыстағы) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) болған жағдайда, ААШЖ арқылы қалыптастырылған ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені басып шығару, оған бұрыштама қою және «ЖЗШ үзінді көшірмелері үшін» деген дөңгелек мөрмен куәландыру;
6) ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін салымшыларға (алушыларға) берілген жеке зейнетақы шотының үзінді көшірмелерін тіркеу журналында барлық көзделген бағандарды толтырып және салымшының (алушының) заңды өкілінің, сенім білдірілген адамының қолдарын қойдыра отырып тіркеу;
7) салымшыға (алушыға), заңды өкіліне, сенім білдірілген адамына ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары;
2) көрсетілетін қызметті берушінің дербес құрылымдық бөлімшелері.
8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
9. Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру тәртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы: көрсетілмейді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу процессінің сипаты, оның ұзақтығы: көрсетілмейді.
11. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰКО АЖ) тұтынушының ЭЦҚ-сын қалыптастыру және тексеру процесін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті берушіге берілген сұрау салудың негізінде беріледі;
3) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушыны авторизациялау жүзеге асырылады;
4) 2- процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ кілтін таңдауы;
6) 4-процесс - сәйкестендіру деректеріне және көрсетілетін қызметті алушының «ҰКО» АЖ-дағы ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;
7) 1-талап – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, тіркеу куәлігінде Ұлттық куәландыру орталығының тиісті қажетті саясаттардыі болуын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты арасындағы) сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы түпнұсқалылығының расталмауына немесе деректердің сәйкес келмеуіне байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – ҰКО АЖ-дан және ААЖ-дан қажетті деректерге сұрау салу;
11) 2-талап – электрондық құжатты ЭЦҚ-тың дұрыстығына, сондай-ақ ҰКО АЖ-дан және ААЖ-дан түскен деректерді тексеру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратылған деректерінің ААЖ-да болмауына және (немесе) сәйкес келмеуіне байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ААЖ-да қалыптастырылған қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
12. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының
(алушысының) зейнетақы жинақтарының
(инвестициялық кірістерін ескере отырып)
жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
2. Көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары, дербес құрылымдық бөлімшелері:
1) ұсынылған салымшының (алушының), заңды өкілінің, сенім білдірілген адамының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынылған құжаттың қолданылу мерзіміне тексеру;
2) сенім білдірілген адам өтініш жасаған кезде нотариат куәландырған құжаттардың дұрыс ресімделуін және мазмұнын тексеру;
сенім білдірілген адамының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға берілген сенімхаттың түпнұсқасында не нотариат куәландырған көшірмесінде көрсетілген өкілеттіктері;
деректердің: сенім білдірілген адамының сенімхаттың түпнұсқасында не нотариат куәландырған көшірмесінде көрсетілген тегінің, атының, әкесінің атының (ол бар болса) сенім білдірілген адамының жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (ол бар болса) сәйкес келуі;
3) заңды өкілі өтініш жасаған кезде оның жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) жөніндегі деректердің туу туралы куәлігінде қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындау туралы құжатта, баланы патронатқа тәрбиелеуге беру туралы шартта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) жөніндегі деректерге сәйкес келуін тексеру.
4) салымшының (алушының) деректемелерінің (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған күні және ЖСН), жеке басын куәландыратын құжатының (түпнұсқасы) көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-дағы деректерімен сәйкес келуін тексеру;
5) деректер сәйкес келген және ААШЖ-дғы ашық (қолданыстағы) ЖЗШ болған жағдайда, ААЖ арқылы қалыптастырылған ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені басып шығару, оған бұрыштама қою және «ЖЗШ үзінді көшірмелері үшін» деген дөңгелек мөрмен куәландыру;
6) ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін салымшыларға (алушыларға) берілген жеке зейнетақы шотының үзінді көшірмелерін тіркеу журналында барлық көзделген бағандарды толтырып және салымшының (алушының) заңды өкілінің, сенім білдірілген адамының қолдарын қойдыра отырып тіркеу;
7) салымшыға (алушыға), заңды өкіліне, сенім білдірілген адамына ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін беру.
ескерту:
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының
(алушысының) зейнетақы жинақтарының
(инвестициялық кірістерін ескере отырып)
жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы
Шартты белгілер
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының
(алушысының) зейнетақы жинақтарының
(инвестициялық кірістерін ескере отырып)
жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |