«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі 2005 жылғы 31 желтоқсанмен аяқталатын жыл үшін қаржы есептілігі (Тәуелсіз аудитордың есебімен)
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Мазмұны:
Тәуелсіз аудитордың есебі
Таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп
1
Таза зейнетақы активтері туралы есеп
2
Ақша қозғалысы туралы есеп
3
Қаржылық есептілікке ескертпелер
4-31
Тәуелсіз аудиторлардың есебі «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басшылығына
Біз 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша таза зейнетақы активтері туралы есептен, таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістері туралы есептен және көрсетілген датаға аяқталатын жылғы ақша қозғалысы туралы есептен және есеп саясатының негізгі ережелерінің қысқаша мазмұнынан және басқа түсініктеме береуші ескертпелерден тұратын, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жарналарының белгіленген мөлшері бар тәсімінің (бұдан әрі – «Тәсім») бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік. Осы қаржылық есептіліктің әзірленуіне арналған жауапкершілікті «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – «Қор») басшылыға алады. Біздің жауапкершілігіміз өзіміз жүргізген аудиттің негізінде көзделген қаржылық есептемесі туралы пікірімізді білдіруде топтасады.
Біз аудитті Аудиттің халықаралық стандарттарына сай жүргіздік. Аталған стандарттар қолданыстағы этикалық нормаларды сақтауды, сондай-ақ аудитті қаржылық есептілікте ерекше бұрмалаушылықтар орын алмағанына көз жеткізерліктей сапада жүргізуді талап етеді. Аудит қаржылық есептілікте мазмұндалған есептік көрсеткіштер мен ашып көрсетулерді растайтын аудиторлық дәлелдемелерді алуға бағытталған рәсімдерді жүргізуден тұрады. Аудит сонымен қатар пайдаланылған бухгалтерлік қағидаттардың дұрыстығына және басшылық есептеп көрсеткен бағам көрсеткіштерінің негізділігіне баға беруге, сондай-ақ тұтастай алғандағы қаржылық есептілікке баға беруден тұрады. Біз аудит жүргізу барысында алынған дәлелдемелер аталған қаржылық есептілік туралы пікір қалыптастыру үшін жеткілікті негіздеме береді деп ойлаймыз.
Біздің ойымызша бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілік 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Тәсімнің барлық қаржылық ережелерін, сондай-ақ таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістерді және аталған датаға аяқталған жылдағы ақша қозғалысын Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес шынайы мазмұндайды.
Бердалина Ж.К.
Сертификатталған аудитор
Басқарушы Серіктес
Митчелл Вилсон
Аудит жөніндегі серіктес
«КPMG Janat» ЖШС
жинақтаушы зейнетақы қорларына аудиторлық тексеруге құқық беретін 2005 жылғы 10 наурыздағы №Ю-8 лицензия
2006 жылғы 27 наурыз
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп
Ескерту
2005
мың теңге
2004
мың теңге
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС
Сыйақы түріндегі кіріс
4
5,412,914
4,454,607
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды сатудан түскен таза кіріс (залал)
6
172,732
(1,348,496
Дивидендтер түріндегі кіріс
7
95,858
229,989
Шетел валюталарын қайта бағалаудан таза кіріс
8
(841,659)
(1,125,763)
Басқа кірістер/(залал)
(20,442)
8,333
Жиынтығы инвестициялық кірістер
4,819,403
2,218,670
ШЫҒЫСТАР
Зейнетақы активтерін әкімшілдендіру және басқару үшін комиссиялық сыйақы
9
(1,449,297)
(573,524)
3,370,106
1,645,146
САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДА БАР БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ӘДІЛ ҚҰНЫН ӨЗГЕРТУДЕН ТҮСКЕН ТАЗА КІРІС
5
359,123
170,912
ТАЗА АКТИВТЕРДЕГІ БАСҚА ӨЗГЕРІСТЕР
Салымшылардың жарналары
23,090,141
19,501,336
Басқа қорлардан келіп түскен зейнетақы жарналары
466,930
870,607
Міндетті зейнетақы жарналарын мезгілімен аудармағаны үшін өсімпұл
249,481
261,881
Жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу
10
(2,048,638)
(1,386,482)
Төлем көзінен алынатын салық
(106,275)
(73,715)
Жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аудару
11
(4,882,662)
(5,591,894)
Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымдарына аудару
-
(1,225)
Таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер
20,498,206
15,396,566
Жыл басындағы таза зейнетақы қаражаты
105,717,420
90,320,854
Жыл соңындағы таза зейнетақы қаражаты
126,215,626
105,717,420
1 бастап 31 бетке дейін баяндалған қаржылық есеп беру 2006 жылғы 27 наурызда бекітілген
Ж.Б.Құрманов Р.А.Еспенбетова
Таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістерді аталған қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпелермен бірге оқыған жөн.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп
Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борышты және үлестік бағалы қағаздары
14
10,572,092
8,441,182
Қазақстандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
14
33,393,982
13,966,289
Ипотекалық облигациялар
14
754,505
406,960
-
22,780,925
Кері РЕПО келісім-шарттары бойынша дебиторлық берешек
15
7,571,471
85,911,261
Активтер жиынтығы
126,436,606
105,911,261
МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Зейнетақы активтерін әкімшілдендіру және басқару үшін есепке алынған комиссиялық сыйақылар
16
188,085
190,598
Басқа міндеттемелер
32,895
3,243
Міндеттемелер жиынтығы
220,980
193,841
ТАЗА ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
126,215,626
105,717,420
Таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістерді аталған қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпелермен бірге оқыған жөн.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
Шетелдік эмитенттердің борыштық және үлестік бағалы қағаздары
(2,130,910)
1,315,940
Қазақстандық эмитенттердің боорыштық және үлестік бағалы қағаздары
(19,427,693)
(11,289,288)
Ипотекалық облигациялар
(347,545)
10,143
Кері РЕПО мәмілелері бойынша дебиторлық берешектің (өсуі)/кемуі
(7,486,461)
48,583
Инвестициялық қызметтегі ақшаны пайдалану
(19,529,936)
(15,373,732
Ақшаның таза (кемуі)/көбеюі
948,634
31,268
1 қаңтардағы ақша
219,318
188,050
31 желтоқсандағы ақша (ескертпе 12)
1,167,961
219,318
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2006 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе 1. Бизнесті ұйымдастыру а) Негізгі қызмет «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) басқаратын жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі (бұдан әрі – Тәсім) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен реттеледі. Тәсім зейнетақы жарналары шоғырланатын және зейнетақы төлемдері төленетін жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімін құрайды. Қор зейнетақы активтері үшін жауап береді. Оның басқаруындағы тәсімдер бұдан төменірек мазмұндалған. Зейнетақы жарналары мемлекеттік бағалы қағаздардан, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарынан, корпоративтік бағалы қағаздардан, банктердің депозиттерінен және басқаларынан тұратын түрлі активтерге инвестицияланады.
Міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші өзінің зейнетақы қоры ретінде Тәсімді таңдаған, қызметкердің пайдасына заңнамада белгіленген лимит шегінде қызметкердің еңбекақысынан 10 пайыз мөлшерінде аударады.
Басқа мемлекетке көшуіне немесе қайтыс болуына байланысты қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда, салымшы (қайтыс болған кезде – мұрагер) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын бір жолы алуға құқылы. Салымшы зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа келген сәтте ол өз қалауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті келісім-шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудара алады немесе зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады. Жинақталған зейнетақы қорларынан төленетін жинақталған зейнетақы қаражатының төлемі зейнетақы заңнамасына сәйкес Қормен жыл сайын келісілетін кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір салымшының жеке зейнетақы шоты бар, ол шотқа салымшының келіп түсетін зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы активтерін басқарудан бөлінетін инвестициялық кіріс есепке алынады, ал комиссиялық сыйақы шегеріліп отырады. Есепке алынатын инвестициялық кірістің және ұсталынып қалатын комиссиялық сыйақылардың сомалары жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшеріне және оның сақталуы мерзіміне қарай анықталады. Салымшы өзінің жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын алуға құқылы.
2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Тәсімде 3,242,865 жеке зейнетақы шоты бар, оның 699,067 шоты тіркелген жеке әлеуметтік кодтары жоқ салымшыларға тиесілі. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша тиісінше көрсеткіштер 3,138,530 және 707,405 шотты құрайды. Қате шоттарда шоғырланған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 2005 жылғы 31 желтоқсанға жобамен 3,5 миллиард теңгені құрайды. Қате шоттардың басым бөлігі зейнетақы реформасының бастапқы кезеңінде 1998 жылы ашылған. Зейнетақы заңнамасына сәйкес барлық салымшылар әлеуметтік жеке код алулары және таңдап алынған жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы келісім-шартын жасасуы тиіс. Даму кезеңіндегі зейнетақы жүйесіне тән жетімсіздіктер салдарынан әлеуметтік жеке код тағайындалмаған салымшылардың зейнетақы жарналары «жанама» түрде Тәсімге аударылып отырды.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе