Мазмұны
Аннотация.........................................................................................................
Кіріспе ............................................................................................................ 1
Бірінші бөлім
Қоршаған орта, адам, ақпарат........................................................................2
Ақпарат түрлері ...............................................................................................3
Адам ақпаратты қалай алады..........................................................................6
Екінші бөлім
Ақпараттарды кодтау.......................................................................................7
Кодтаудың түрлері............................................................................................9
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі сөздерді кодтау...........................10
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі жырларды кодтау.......................12
Қорытынды ......................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................15
Аннотация
Зерттеу нәтижесі баяндалған бұл еңбекте б.з.дың І мың жылдығының орта шенінде Қазақстан даласында ірі этникалық өзгерістер сөз болады.
Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік дәуірі дейді. Мұнда құлпытастарға қашалған жазу-сызулар бейнеленген. Солардың ішіндегі құндысы Орхон ескерткіштері-Күлтегінге, Білге қағанға, Тоныкөкке арналған жазулар.
Біз осы ескерткіштегі руна жазуларын информатика пәніне лайықтап ақпараттық кодтау жасадық.
Ежелгі руна алфавиттеріне, өнер зерттеуші ғалымдар мен тарихшы оқымыстылар еңбектеріне сілтеме жасай отырып, нақты дәлелдер арқылы баяндалады.
Бұл еңбектің бір ерекшелігі мұндағы руна алфавиттеріндегі кодтау бұрын соңды ғылыми айналымда болмаған.
Әр дәуірдің өзіне тән ақпараттық жаңалық ерекшелігі кезең-кезеңге бөлініп, кодтау арқылы дәлелдеп, көрсете білуі мен ерекшеленеді.
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Естемі қаған отырған.
Отырып, Түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен.
Орхон-Енисей жазуларынан
АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР
САҚТАУ
АЛМАСУ
ӨҢДЕУ
Ақпаратты тасымалдаушылар (жад)
Ақпарат көзі
Арна
Қабылдағыш
Техникалық құралдарды қолданбай
Техникалық құралдарды қолданып
Сезім мүшелері-адамның биологиялық арнасы
Техникалық байланыс құралдары: телефон, радио және т.б.
Ішкі жад
Сыртқы жад
Кіріспе
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio деген сөзінен шыққан. Қазіргі кездегі ақпарат күнделікті тұрмысқа ғылымның әртүрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өзінің ұғымы мен түсінігі бар.Тас беттерінде, жер қатпарларында ертедегі сақталып қалған хайуанаттардың сүйектерін, өсімдіктердің жапырақтарын зерттеу нәтижесінже Жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер және сол кездегі ауа-райы туралы көп мәліметтер аламыз. Жазу дегеніміз-адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар жүйесі, яғни жазудың ең алдымен атқаратын қызметі хабар беру. Мысалы, тас дәуірінің өзінде аңшылар мен балықшылар сурет жазуды пайдаланған. Кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін жазудың түрлері пайда болды. Ең алғашқы жазу бұдан бес мың жыл бұрын сурет шартты белгілер түрінде пайда болды. Ертедегі адамдар өз ойларын жеткізу үшін әр сөзге, әр буынға бір сурет немесе шартты белгі ойлап тапты. Оны жазба материалы болмағандықтан, тасқа қашап жазу қиындық туғызды. Осындай тасқа, қышқа жазылған жазуларды пиктография деп атайды. Құстың, жануардың, өсімдіктің суреті бейнеленген жазу- иероглиф деп аталады. Бізге белгілі ең көне жазу үлгісі-Шумер сына жазуы, ол суреттер мен шартты белгілер негізінде б.з.б. IV мың жылдықтың ортасында Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында пайда болды. Оны ойлап тапқан шумер тайпалары. Бертін келе көне жазулардың ішінде әлі де тарихы толық анықталмағандары бар.Соның бірі түрік халықтарының тас бетіндегі сына (руна) жазуы. Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштерін білеміз. Ол Орхон мен Енисей өзендерінің бойынан табылған.Осы құлпытас ескерткіштер көне түркі жазуна толы.Біз көтергелі отырған мәселе осы көне ескерткіштердегі көне түркі сөздерін қазіргі қазақ тіліне аударып, ақпараттық тілде ұсыну (кодтау) болып табылады.
Қазіргі Қазақстанның барлық халқы сауатты, алты жастан асқандардың барлығы оқи алады, жаза біледі. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін оның мектептердегі білім мазмұнына да, оқу пәндерінің құрамына да, оқыту әдіс-тәсілдеріне де көп өзгерістер енгізілді.Менің мақсатым келешекте ақпараттандыру саласына, соның ішінде «Орхон-Енисей жазба ескерткіш- теріндегі ақпараттарды кодтау» тақырыбына титей де болса өз үлесіміді қосқым келеді. Сол себепті мен, Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі көне жазуларды кодтауды арқау еттім. Осы ғылыми жұмысым арқылы
«Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі ақпараттарды кодтау» тақырыбын ауқымды етіп көрсеткім келді.
1.1. ҚОРШАҒАН ОРТА, АДАМ, АҚПАРАТ
Ақпарат қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу т.б. әрекеттер нәтижесінде болады. Оны қоршаған орта дүние туралы және онда жүріп жатқан процесстер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады. Біз оны газет, журналдар оқығанда, теледидар көргенде, радио тыңдағанда, телефонмен сөйлескенде аламыз.Демек адам миы ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны ұмытпай сақтай алады. Адамзат жинаған білім және тәжірибе қоры өте кең сондықтан оларды түгел сақтай алмайды және өзгеріссіз дәлме-дәл жеткізе алмайды. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқа ақпарат тасушылар: қағаз,папирус, пергамент, түрлі таспалар, дискілер т.б.қолданылады.
Екіншіден, ақпарат жеткізе алады.Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерден кездестіреміз. Ақпарат алмасу үшін оны беруші және қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуде пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізуші арна деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі басылған құжаттар жатады.
Үшіншіден, адам ақпараттты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп-мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
Мысалы, есеп шығарғанда:
1) есептің шартын оқулықтан оқимыз-ақпарат аламыз;
2) есепті шешеміз-ақпаратты өңдейміз;
3) нәтижесін мұғалімге көрсетеміз-ақпарат береміз;
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс, тіпті ұйықтап жатқанда да, ойлау процесі, яғни ақпаратты өңдей процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді талдауда, математикалық есептерді шешуде, қиын жолдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жана ақпаратты қайта ойлап шығарады.
Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су,жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та тура сондай қажет.
Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздену нәтижесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімі мен үнемі салыстырып оны реттейді әрі талдайды.
Адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалды делік.Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі (психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол кең қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай қалады. Өйткені адамға кез-келген тірі ағза сияқты әрқашан қоршаған болмыс, уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезеді, яғни ақпарат алады.
Адамның ең басты мүшелері көру мен есту. Ол кітаптан, теледидардан, радиодан алған ақпаратты тек осы сезім мүшелері арқылы қабылдайды.
1.2. АҚПАРАТ ТҮРЛЕРІ
Сырттан қабылдайтын ақпараттың 90 %-ы сезім мүшелері арқылы алынады. Бірақ басқа сезім мүшелерінің рөлін жоққа шығаруға болмайды. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп екіге бөлуге болады.
Бейнелі (графикалық) ақпарат деп-табиғат көріністері мен кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арылы алынатын ақпаратты айтады.
Ертедегі тасқа ойып қашалған белгілер
Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бір тас тақтайшаның бетін қашап бұғының , адамның, жұлдыздың, балтаның, айдың суретін салыпты. Маман ғалымдар сол суреттерден мынадай сөйлемдерді құрастырып шығарыпты. «Бұғы атты көсем жеті жорықта, тоғыз айқас өткізді, айдың екінші тууына созылған жорықтың кезінде айбалтамен өлтірілді»
Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алынатын ақпараттар жатады. Рулық ұлыстық дәуірде адам еңбек етіп күн көруді еңбектің арқасында өркендеген тұрмыс-жағдайы оның тәжірибесін молайта түсті. Дүниетану, жаратылысты ұғыну көзқарасын кеңейтті, білімін арттырды. Осыдан кейін халықтың наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-санасы, даналығы пайда болды; халық түрлі өнер мен жазу-сызуды ойлап тапты. Бері келе тайпа,ұлыстар өздерінің басынан өткендерін, бұрын-соңды болған батыр адамдарын жыр еткен. Олардың өлісін жоқтаған, тірісін мадақтаған. Осының нәтижесінде аңыз-әңгімелер, батырлар жыры туған. Сондай-ақ, ру ұлыстық дәуірде түркі тайпаларының бәріне ортақ әліппесі жазу-сызуы болған.
Олар- бұрынғы арамей әліппелері, Орхон-Енисей ,Талас-Шу жазулары.
1466 жылы күз айында Сарыарқадағы Нұра өзенінің бойындағы Қаратұз деген жерде Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ хандығын құрды. Сол жерде халық жырауы Асанқайғы әр рудың таңбасын үлестірді. Қыпшаққа-айбалтаны, үйсінге-жалауды, арғынға-көзтаңбаны, шапраштыға-айды, адайға-садақ пен оқты берді.
Ру таңбалары: 1. Шапырашты. 2. Арғын. 3. Адай.
Ежелгі мемлекеттердің туларындағы таңба-белгілері:
1. Ғұн қағандығы туындағы таңба-белгісі
2. Түрік қағандығы туындағы таңба-белгі
3. Алтын Орда мемлекеті туындағы таңба-белгі
Таңба-белгілерінің ең ертеден келе жатқандарының бірі-тулар, жалаулар.Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды деп болып бөлінеді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады. Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
1.3. АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
Әр тілдің өз алфавиті, яғни символдар жиыны бар. Бұл осы тілдің таңбалары. Мысалы, қазақ алфавитінде 42 символ, орыс алфавитінде 33 символ, ағылшын алфавитінде 26 символ, Морзе тілінде 2-ақ символ бар: «.», «-».
Санды көрсететін алфавиттер де бар. Мысалы, екілік, сегіздік, ондық, оналтылық алфавит атауында берілген жүйедегі символдар саны көрсетіледі. Жүйенің негізі қанша болса, жүйеге сонша символ енеді. Мысалы, екілік жүйеде сандар тек 0 мен 1 символдарымен көрсетіледі.Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпаратты бейнелі және таңбалы түрде қабылдайды.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті (сәуле, толқын және т.б.) химиялық, грабитациялық (қысым, тартылу) табиғаты бар нақты физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттерді сигнал деп атайды.
Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс. Сигнал-ақпарат тасушы. Ақпарат жіберу дегеніміз-сигналдар тізбегін жеткізу. Сигналдар аналогтық (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдардың мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналдарды дискретті түрде ұсынғанда, ол арқылы сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық шығарманың нота таңбалары, түстер палитрасы реңдерінің жиыны т.б. туралы ақпарат аламыз. Дискретті ақпаратты кейбір алфавиттің символдары түрінде ұсынуды кодтау деп, ал кері процесті кері кодтау деп атайды. Кез-келген аналогтық ақпаратты белгілі дәлдік дәрежесімен дискретті түрде ұсынуға болады. Мысалы, электр тогының кернеуінің (U) уақыт (t) бойынша өзгеруі үздіксіз процесс.
Бұл аналогтық процесті U-дің t-дан тәуелді өзгеру мәндерінің сәйкес жиынтығы сияқты, дискретті түрде ұсынуға болады.
уақыт аралығын неғұрлым жиірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз.
Керісінше, дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Мұндай айналдыру мүмкіндігінің маңызы өте зор себебі, адам өзінің сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
2.1.АҚПАРАТТАРДЫ КОДТАУ
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп атайды. Мысалы бір ғана ақпаратты әртүрлі әдістермен ұғынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы мектепте оқитын оқушылар санын 96710 , 17088 ,3C716 , 11110001112 сияқты жазуға болады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана өзгереді.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпаратты кодтау (шифрлау) деп те атайды. Оның кері кодталуы (декодтау-декодирование) процесімен тікелей байланысты.Кодтауға қолданған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
Морзе алфавиті
Техникада ақпаратты кодтау үшін Морзе әліппесін-екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбалары теріледі. Мысалы, ХІХ- ғасырда ойлап табылған телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын.Түйіспені қосқанда қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын, сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын. Мұндай хабарларды жіберу үшін Морзе әліппесі пайдаланылған
Ағылшын тіліндегі екілік Binary digit сөзінен қысқартып бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0 немесе 1) бит деп атаймыз.
Ақпартты өлшеу бірлі 1 битке тең одан қолайлырақ өлшем бірлігі-сегіз екілік разрядтың жиынтығы-1 байт. Бір байт-8 битке тең.
Ақпаратты өлшеу бірліктері
Сонымен хабардың ақпараттық көлемі-оның бит немесе байтта өлшенетін ұзындығы. Ыңғайлы болу үшін бит және байтпен бірге ақпарат көлемін өлшеудің ірірек бірліктері енгізілген:
1Кбайт (килобайт)=1024 байт ≈ 1000 байт;
1Мбайт (мегабайт)=1024 Кбайт ≈ 1 (миллион байт);
1Гбайт (гигабайт)=1024 Мбайт ≈ 1 (миллиард байт).
Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жеткізілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді. Мысалы, телефон кабельі арқылы ақпараттың жылдамдығы 4Кбайт/секундқа, адамның мәтін оқу жылдамдығы 38 байт/секундқа, ал сөйлеу жылдамдығы 16 байт/секундқа жуық.
Хабардың ақпараттық көлемі сол хабардағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядты екілік сандармен, яғни байттармен ұсыну қабылданған. Көлемі 100 Мбайт жадқа орналастыруға болады.
-50 000 беттік мәтінді;
-150 түсті слайдты;
-1,5 сағаттық сөздік аудио жазбасын;
-10 минуттық стерео музыкалық үзіндіні:
-15 секундтық фильмді;
-Windows’98, Word’97 программаларын.
2.2.КОДТАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ақпаратты екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеуіш техникасында кең таралуына себеп болды. Ақпаратты екілік кодпен жазу үшін құрылғы екі күйді айыра білуі керек. Мысалы, 1-құрылғыда ток барын, ал 0-жоғын немесе 1жоғары кернеуді 0 төменгі кернеуді білдіреді. Екілік алфавитті пайдаланып кодтау процесі қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттерге ие. Егер екілік алфавит өте маңызды болса, онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкіндік береді. Олар: 00,01,10,11 бұл өт аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін тьыныс белгілері мен цифрларды санамағанда 33 символ қажет. Кез-келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символдарды кодтау үшін 8 биттен яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8 нөлдер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірдің, яғни 1 байттың көмегімен 256 символда кодтауға болады:
00000000, 00000001, 00000010,...,11111111.
Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қана қоймай, ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да кодтауға болады. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды. Ақпараттық процестің әртүрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді.
ASCII коды
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код- ASCII (американдық ақпарат алмасудың стандартты коды) болып табылады. Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі символдардың орны оның оналтылық коды арқылы анықталады. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.
Стандартты бөліктегі- бірінші 128 символ, 0-ден 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі-екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін орыс, қазақ, жапон т.б. псевдографиялық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған. Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесінде келтірілген. Осы кесте негізінде жұмыс істеп көрейік. Алдымен оналтылық жүйеде сандарды жазу үшін 16 цифры қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның бірінші он цифры ондық жүйедегі цифрларға сәйкес келеді, әрі латын алфавитінің әріптері пайдаланылады.
-
Ондық
|
Оналтылық
|
Екілік
|
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
A
B
C
D
E
F
|
0000
0001
0010
0011
0100
0101
0110
0111
1000
1001
1010
1011
1100
1101
1110
1111
|
Сәйкестендіру кестесі
2.3.ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ
СӨЗДЕРДІ КОДТАУ
Ұлттық жазулардың көбі грек, араб, арамей алфавиті негізінде жасалған.Көне жазулардың ішінде әлі толық анықталмағаны түркі халықтарының тас бетіндегі сына (руна) жазуы. Руна жазуының айқын үлгілері Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде сақталған. Бұл жазулар Енисей-Орхон өзендері бойларынан табылған. Жазу қыш ыдыстардың шетіне, құлпытастарға, жартастарға ойылып жазылған. Күлтегінге арналған ескерткіште, «Мен кемеңгер Тоныкөкпін» деп басталатын Тоныкөктің құрметіне орнатылған ескерткіште көркем теңеулер, эпитеттер, метафоралар, афоризмдер, мақал-мәтелдер молынан ұшырайды. Ал енді «Мен кемеңгер Тоныкөкпін» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз: М-8C, E-А5, H-АD, K-АA, E-А5, М-АC, E-А5,
H-АD, Г-А3, E-А5, Р-Е0, Т-92, О-АЕ, H-АD, Ы-ЕВ, K-АA, О-АЕ, K-АA,
П-АF, І-ЕВ, H-АD, .- F9 «Мен кемеңгер Тоныкөкпін» сөзі кодта былай болады: 8CА5 АD АA А5АCА5АDА3А5Е092АЕАDЕВАAАЕАAАFЕВАD
ASCII- кодын екілік кодта ұсыну үшін сәйкестендіру кестесін қолданайық. Мұнда: 8F-10001111, 80-10000000, 90-10010000, 92-10010010
Бұларды тізбектеп жазсақ: 10001111 10000000 10010000 10010010 шығады.
Оналтылық жүй ақпаратты жинақы түрде жазу үшін пайдаланылады, ал шын мәнінде ол екілік жүйе болып табылады. Онда тек екілік жүйедегі әрбір төрт цифр тобы бір символмен алмастырылып жазылған. Мәтіндік ақпаратты ASCII- алфавитіне жазу үшін немесе бір символдық ақпаратты ASCII- кодына қайта кодтау үшін әрбір символды оның ASCII- кестесіндегі кодына ауыстырып, содан кейін оналтылық кодта екілік кодқа ауыстыру керек.
Мәтіндік ақпаратты сезгіз разрядты екілік кодта жазу үшін:
1. Мәтіннің әр символының кодын ASCII- кестесінен табу керек.Оның коды-
екі оналтылық сан, оның біріншісі-осы символ орналасқан көлденең
жолдың нөмірін, ал екіншісі тік баған нөмірін көрсетеді.
2. Алынған оналтылық кодта сәйкестендіру кестесі бойынша санның
оналтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде ұсынылуына ауыстыру
керек.
Бұл процесті керісінше жүргізуге, яғни екілік код бойынша алғашқы мәтінді табуға болады. Мысалы, мына код бойынша:
010000110100111101001101010100000101010101000100010101010010
алғашқы мәтінді табу қажет. Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен тетрадаларға бөліп шығамыз.
0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000
0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010
Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбір тетраданы оның оналтылық ұсынылуымен ауыстырады. Әр санды екіге бөліп және әр жұпты ASCII- кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра отырып, Көк тәңірі мәтінін табамыз. К-8А, ө-АЕ, к-АА, т-Е2, ә-А0, ң-АD, і-ЕВ, р-Е0, і-ЕВ, .-FE
8ААЕААЕ2А0АDЕВЕ0ЕВFE
ASCII- кодының кез-келген символы сегіз екілік разрядтың немесе екі оналтылық разрядтың көмегімен кодталады, оның бір разряды 4 бит.
2.4.ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ
ЖЫРЛАРДЫ КОДТАУ
Б-81, и-А8, і-ЕВ, к-АА, т-Е2, е-А5, к-АА, ө-АЕ, к-АА, т-Е2, а-А0, ң-АD, і-ЕВ, р-Е0, і-ЕВ,
Т-92, ө-АЕ, м-АС, е-А5, н-АD, д-А4, е-А5, қ-АА, а-А0, р-Е0, а-А0, ж-А6,
е-А5, р-Е0, ж-А6, а-А0, р-Е0, а-А0, л-АВ, ғ-83, а-А0, н-АD, д-А4, а-А0,
Е-85, к-АА, е-А5, у-Е3, і-ЕВ, н-АD, і-ЕВ, ң-АD, а-А0, р-Е0, а-А0, с-Е1, ы-ЕВ, н-АD, д-А4, а-А0, а-А0, д-А4, а-А0, м-АС, б-А1, а-А0, л-АВ, а-А0, с-Е1, ы-ЕВ, ж-А6, а-А0, р-Е0, а-А0, л-АВ, ғ-83, а-А0, н-АD, .-FE
А-80, д-А4, а-А0, м-АС, б-А1, а-А0, л-АВ, а-А0, с-Е1, ы-ЕВ, ү-Е3, с-Е1, т-Е2, ы-ЕВ, н-АD, е-А5, а-А0, т-Е2, а-А0, т-Е2, е-А5, г-А3, і-ЕВ, м-АС
Б-81,у-Е3, м-АС, ы-ЕВ, н-АD, қ-АА, а-А0, ғ-А3, а-А0, н-АD, Е-85, с-Е1, т-Е2, е-А5, м-АС, і-ЕВ, қ-АА, а-А0, ғ-А3, а-А0, н-АD, о-АЕ, т-Е2, ы-ЕВ, р-Е0, ғ-А3, а-А0, н-АD,
О-8Е, т-Е2, ы-ЕВ, р-Е0, ы-ЕВ, п-AF, т-Е2, ү-Е3, р-Е0, к-АА, і-ЕВ, х-Е5, а-А0,
л-АВ, қ-АА, ы-ЕВ, н-АD, ы-ЕВ, ң-АD, е-А5, л-АВ 16 ж-А6, ұ-Е3, р-Е0, т-Е2, ы-ЕВ, н-АD
Қ-8А, а-А0,л-АВ, ы-ЕВ, п-AF, т-Е2, а-А0, с-Е1, т-Е2, ы-ЕВ, р-Е0, ғ-А3, а-А0, н-АD, и-А8, е-А5, л-АВ, і-ЕВ, к-АА е-А5, т-Е2, к-АА е-А5, н-АD FE
T-92, ә-А, ң-АD, і-ЕВ, р-Е0, і-ЕВ, ж-А6, а-А0, р-Е0, ы-ЕВ, л-АВ, қ-АА, а-А0,
ғ-А3, а-А0, н-АD, д-А4, ы-ЕВ, қ-АА, т-е2, а-А0, н-АD
Е-85, л-АВ, д-А4, і-ЕВ, ғ-А3, н-АD, е-А5, л-АВ, с-Е1, і-ЕВ, р-Е0, е-А5, т-е2,
т-е2, і-ЕВ,
Қ-8А, а-А0, ғ-А3, а-А0, н-АD, д-А4, ы-ЕВ, ғ-А3, ы-ЕВ, н-АD, қ-АА, а-А0,
ғ-А3, а-А0, н-АD, с-Е1, ы-ЕВ, р-Е0, а-А0, т-е2, т-е2, ы-ЕВ,
Ж-86, а-А0, у-Е3, ы-ЕВ, б-А1, е-А5, й-А9, і-ЕВ, т-е2 е-А5, т-е2,
т-е2, і-ЕВ,
T-92, і-ЕВ, з-А7, е-А5, л-АВ, і-ЕВ, н-АD, і-ЕВ б-А1, ү-Е3, к-АА, т-е2, і-ЕВ,
р-Е0, д-А4, і-ЕВ,
Б-81, а-А0, с-Е1, т-е2, ы-ЕВ, н-АD, ы-ЕВ, е-А5, ң-АD, к-АА, е-А5, й-А9, т-е2, т-е2, і-ЕВ, .-FE
Қорытынды
Қорыта келе, адамды жетілдіре түсуге бақытқа, молшылыққа жетлеуді көздеген Әл-Фараби әділетті халықтар арасында мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін әрі шығыс елдерінің, дүниежүзі халықтарының көкейкесті проблемаларының үндестігін («Бақытқа жету жолында барлық халықтар біріне-бірі көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген сөзі дәп бүгінде мәнін жоғалтпаған) ол адамның іс-әрекетіндегі зиялылық пен зерделіктің символы.
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелілік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Түптеп келгенде бәрі диалектика заңына келіп тіреледі. Күні кешеге дейін тарихи маңызына, ақпараттық сипатына шүбә келтірген Орхон-Енисей жазбалары түркі тектес халықтарға ортақ мұра екені ақиқатқа айналды. Әйткенмен, информатика ғылымы адамзат жасаған тарихи, мәдени мұраларды егжей-тегжейіне жетіп зерттеп біткен жоқ. Сонау ертекезде көркем сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, ру таңбалары, жазу-сызулар халқымызыдың бейнелі ойға, шешендік өнерге көне заманнан-ақ шебер екенін дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Ермеков, Н.Стифутина Информатика /Алматы, «Атамұра»2007/
2. Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдықов
«Ежелгі әдебиет нұсқалары»- / «Мектеп» баспасы, Алматы-1967/
3. С.А.Абрамов, «Математические построения и программирование»
/Москва «Наука»Главная редакция физико-математической литературы 1978/
4. Т.Тұрлығұл, Ж.Таймағанбетов, Б.Адырбек «Ежелгі Қазақстан тарихы»
/Алматы Атамұра 2005/
5. С.Т.Мұхаметжанова «Компьютерлік графика» /Алматы 2008/
6. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев,А.Б.Дәулетқұлов
«Жаңа информатикалық технологиялар» /Алматы ЖТИ 2005/
Достарыңызбен бөлісу: |