Біркелкілік заңы деп аталады. Бұл заңды домтанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тән жалпы құбылыс. Толымсыз доминанттылық
Ата-аналық организмдердегі альтернативті жұп белгілердің тұқым қуалауын оларды будандастыру арқылы зерттейді. Сол жұп белгілердің санына қарай будандастыру моногибридті, дигибридті және полигибридті деп ажыратылады.
Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті деп айтады. Мысалы Мендель тәжірибелері үшін альтернативті жеті белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың әртүрлі сорттарын тандап алды: тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегіс немесе бұдыр, тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биік немесе аласа т.б.
Өздігінен тозаңданатын бұршақтың осы сорттарын бір-бірімен будандастырудың нәтижесінде Мендель тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарын ашты.
Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланғанына қарамастан, будандасудан алынған Ғ, гибридтерінде альтернативті жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді. Мұндай белгіні Мендель доминантты деп атады. Ол жұп белгілердің ішінен: тұқымның сары түсі жасыл түске, тегістігі тұқым бұдырлығына, тұқым қабығының сұр түсі ақ түске, бойының биіктігі аласалығына қарағанда доминанттылық көрсететінін байқады. Бірінші гибрид ұрпақта көрінбеген белгілерді Мендель рецессивті белгілер деп атады. Доминантты белгілерді Мендель жоғарыда атап өткендей латын алфавитінің әріпімен, рецессивтік белгілерді - кіші әріпімен белгіледі. Тұқым қуалауға талдау жасағанда бірінші гибрид ұрпақ бірдей пішінді, бір типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы немесе бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп аталады. Бұл заңды домтанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тән жалпы құбылыс.
Толымсыз доминанттылық Мендельдің бұршақпен жүргізген тәжірибелерінен байқалған доминанттылық құбылысын толық доминанттылық деп қарастыруға болады. Егер Ғ1-дегі гибридтердің белгілері ата және аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса оны толымсыз доминанттылық деп атайды. Гүлдердің түстерін анықтайтын гендер бойынша болатын толымсыз доминанттылықтың классикалық мысалы намазшамгүл (Anthirrhinum majus) мен түн аруы (Mirabilis jalapae) өсімдіктерінде жақсы келтірілген. Қызыл гүлді өсімдіктерді (АА) ақ гүлді өсімдіктермен (aа)будандастырғанда Ғ1-де генотиптері гетерозиготалы (Aа) гүлдері қызғылт Ғ1 ұрпақ алынған. Сонда, гетерозиготалы өсімдіктер (Aа) фенотипі жағынан доминантты гомозиготалы (АА) өсімдіктерден өзгеше болған. Толымсыз доминанттылық жағдайында Ғ2 де генотиптер мен фенотиптердің арақатынасы сәйкес келеді (1АА:2Аа:1аа), ол толық доминанттылықта гетерозиготалар мен доминантты гомозиготалар бірдей белгіні көрсетеді. Бұл фенотип бойынша 3:1 қатынасындай болып ажыраудың өзгеруіне әкеп соғады.