«Бірлік орта мектебі» мкм мекемесі Ата-аналар жиналысының хаттамасы



бет1/4
Дата17.03.2024
өлшемі46.78 Kb.
#495869
  1   2   3   4
Ата-анамен жұмыс жасаудың тиімді жолдары




«Бірлік орта мектебі» мкм мекемесі



Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Сынып: 1 «Ә»


Сынып жетекшісі: Шілдебай Мөлдір Күмісбекқызы


Хаттама № 1

«Балқаш ауданы білім бөлімінің Бірлік орта мектебі» мк мекемесінде 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.


04.09.2016
Жалпы оқушы саны – 18
Қатысқаны – 18
Күн тәртібінде:

  1. «Отбасы мен мектептің байланысы»!» мектеп психологы Оспанова Айнұрдың баяндамасы.

  2. 2016-2017 оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қысқаша таныстырып өту

  3. Оқушы портфолиосы

  4. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  5. Ата-аналар комитетін сайлау

«Амандасу» салты
Ең алдымен сынып жетеші ата-аналарға бір ақ парақ қағаздан ұсынып шықты.Сол қағазға барлық ата-аналарға сағат салуды ұсынды. Сол сағаттың тілдерін салып 3,6,9,12 сандарын жазуды ұсынды. Төрт санның тұсына кез-келген жиналыста отырған ата аналардың есімдерін жазу нұсқалды.Содан кейін ғана барып мұғалім ата-аналарға:

  • 3 санының тұсына жазылған ата-анамен қол алысып;

  • 6 санының тұсына жазылған ата-анамен төс қағыстырып;

  • 9 санының тұсына жазылған ата-анамен тізе түйістіріп;

  • 12 санының тұсына жазылған ата-анамен бетінен сүйіп амандасу керектігін нұсқады.

Тыңдалды:
1.«Отбасы мен мектептің байланысы»!» мектеп психологы Оспанова Айнұрдың баяндамасы тыңдалды.
2 сұрақ бойынша  сынып жетекші Шілдебай Мөлдір сөз сөйледі. Биылғы мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу үлгісі енгенін айтты. Үлкен жауапкершілік ата-анаға да, мұғалімге де артылатыны, жаңартылған білім беру үдерісінде 1-сынып оқушылары қалай білім алатыны және қандай жетістіктерге жететіні туралы қысқаша мәлімдеді.
3 сұрақ бойынша сынып жетекші өзге сыныптың оқушыларының порфолиоларының нұсқасын көрсете отырып, сынып оқушыларына да осындай портфолио басталу керектігін айтты.
4 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді.
5 сұрақ бойынша ата-аналар комитетіне дауыс берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет