Ересек «Балбөбек» тобындағы ата –аналар жиналысының жоспары Тақырыбы: «Қызығушылыққа қалай баулу керек?» Мақсаты



Дата24.12.2022
өлшемі15.75 Kb.
#467865
ата -аналар жиналысы семинар тренинг


Ересек «Балбөбек» тобындағы ата –аналар жиналысының жоспары
Тақырыбы: «Қызығушылыққа қалай баулу керек?»
Мақсаты: Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылыққа баулу шарттарымен таныстыру; ата-аналарды баланың бойында қызығушлық қасиеттерді тәрбиелеу мәселесін талқылауға тарту; мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын дамытуға әсер ететін факторларды анықтау.
Міндеттері:

  1. Балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата –аналардың ықпалы зор екенін айту.

  2. Баланың қызығушылығын арттыру жолдарын табу

  3. Өзара түсіністік атмосферасын құру, баланы қызығушылыққа баулу үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш –жігерін біріктіру.

Өткізілу нысаны: Семинар-тренинг
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу әдісі
Ата –аналар нейрожаттығу арқылы амандасады.

Ынтымақтастық берекеге бастайды «Тренинг»


Ата –аналарға кофе құйылған стакандарды ұсынады әр стаканда жұлдызшалар бейнеленген. 1,2,3 жұлдызды стакандардан ата –аналар біреуін таңдап орындарына отыруы тиіс.
1-Жұлдызы бар стаканды таңдаған ата –ана бір бағытты мықты ұстайтын, өз ісіне тиянақты тұлға екенін білідреді.
2-жұлдызы бар стаканды таңдаған ата –ана үйде де, қызметтеде ықпалды, екі жұмысты қатар алып жүретін адамдар.
3-жұлдызы бар стаканды таңдаған ата –ана барлық істе белсенді, мақсатқа жету жолын білетін адамдар.
Негізігі бөлім
- Бала-ізденімпаз табиғат - ол барлық жаңа, белгісіз нәрселерге қызығушылық танытады. Ол үшін әр күн - бұл жаңалық.
- Білуге деген ұмтылыс балаларды жиі сәтсіздікке ұшыратады, мысалы: Тыйым салынған заттарды одан әрі зерттеуге қызығушылығы артады, немесе ішінде не бар екенін және неге қозғалатынын білу үшін ойыншықтарды бөлшектейді, сындырады. Бұл арқылы олар бізге, ересектерге өздеріне назар аудартуға тырысады. Осыдан баланың қызығушылығы қандай? Неге қызығушылығы бар? деген сұрақтар туындайды. Біз сіздермен баланың қызығушылығын қалай арттыруға болады деген сұраққа бірлесе жауап іздейік.
Ең алдымен сіздерге сауалнама жүргізуге рұқсат етіңіздер?

  • Сіз балаңыздың сұрағына әрқашанда толық, нақты жауап бересіз бе?

  • Балаңыз бәрінен нені жақсы жасай алады?

  • Балаңызға қаншалықты жиі ертегі оқып бересіз?

  • Қандай бірлескен жұмыс жасайсыздар?

  • Балаңызды болашақта кім болғанын қалайсыз?

Ата –аналармен бірлескен жұмыс
Құрметті ата –аналар қазір сіздермен бірге баланы қызығушылыққа баулу жолдарын бірлесіп құрайық.
Қортынды
Құрметті ата –аналар біз сіздермен баланы қызығушылыққа баулу жолдарын бірлесе қарастырып құрдық, біздің болашағымыз да үмітіміз де балалар, сол үшін қызығушылығы мол, жан –жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу сіздер мен біздің қолымызда. Өз сөзіміді Абай атамыздың 7-ші қара сөзімен қортындылағым келеді
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар –тәннің құмары, ал біреулер білсем екен, көрсем екен, оқысам екен деп туады, Бұлар –жан құмары.
Ата-аналармен бірлесе ән шашу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет