«Біз біргеміз – Мы вместе» Қарағанды облысының балалар-жеткіншектер ұйымының IV форумы



Дата14.07.2016
өлшемі27.86 Kb.
#198066
«Біз біргеміз – Мы вместе»

Қарағанды облысының балалар-жеткіншектер ұйымының IV Форумы
Балалардың құқығы жайлы БҰҰ Конвенциясын Қазақстан Республикасында бекіту, «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы жайлы» заңын қабылдау балалар ұйымының қызметіне тек қана құқықтық алаң құрмайды, сонымен қатар әр-бір баланың құқығы мен бостандығын әзірлеуде және таратуда ересектердің жауапкершілігіне анық өлшемдер еңгізеді, балалардың қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу үшін жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында «Болашақ» балалар-жеткіншектер ұйымы, «Тұлға» Қарағанды облысының балалар-жеткіншектер қозғалысының Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, жас көшбасшылар Ассоциациясы құрамында шамамен 39000 бала есептелген, Қазақстандағы скаутты қозғалыс Ұйымының Қарағандыдағы филиалы белсенді қызмет етуде.

Ынтымақтастық және өзара әрекеттестік мақсатында балалар қозғалысының проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдарын табу үшін 28-30 наурызда Қарағанды облысының балалар-жеткіншектер ұйымының «Біз біргеміз – Мы вместе» IV Форумы өткізілді. Форум мақсаты балалар ұйымдарының мүшелеріне жауапты шешім қабылдайтын әр бір әлеуметтік топта қызметтерді және қарым-қатынасты реттеуші жетекші рөлді өзіне ала білетін жеке тұлға болу қажеттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Форум жұмысының шеңберінде:



  • қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен «Қарағанды облысының балалар қозғалысының проблемалары мен преспективалары» атты брифинг өткізілді;

  • талқылау орталықтарының «балалалық аймағына қатысты мемлекеттік мәселелерді шешуге балалар-жеткіншектер ұйыдары өкілдерінің қатысу проблемалары», «Балалардың құқықтарын қорғау проблемалары. Балалардың өздерімен бала құқықтарын сақтау мониторингі», «Қарағанды облысының балалар-жеткіншектер қозғалысының коммуникациялық және ақпараттық аймағын дамыту проблемалары», «Балалар-жеткіншектер бастамаларын дамыту механизмін әзірлеу» жұмыстары жүргізілді;

  • Көшбасшы мінбесі;

  • оқыту бағдарламалары өткізілді.

Қарағанды облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылған «Балалардың құқықтарын қорғау проблемалары. Балалардың өздерімен бала құқықтарын сақтау мониторингі» талқылау орталығы қызметінде Қарағанды облысы аймағынан келген 23 өкіл қатысты. Департамент маманымен Форумға қатысушылардың бірлескен интерактивтік нысандағы қызметі өкілдерге «құқық», «міндет», «бостандық», «мониторинг» атауларын меңгеруге көмектесті. Балалар балалардың құқықтарын қорғау проблемаларын талқылады, өздерінің құқықтарын қорғаудағы жауапкершіліктері туралы айтты. Жұмыс барысында балалар құқтары және оларды қорғау тәсілдері жөніндегі оқу бағдарламаларын циклын; осы проблема бойынша ересектер мен балалар қатысатын семинарлар, тренингтер, акциялар өткізу ұсынысын жасады. Балалар өздерінің бастамалары мен ұсыныстарын, талқылау орталығының жұмысы жайлы пікірлерін Көшбасшылар Мінбесінде ұсынды, бұл тақырып басқа Форум өкілдерінде үлкен қызығушылық тудырды. «Маған осы орталық жұмысы өте ұнады, қайда туғанына, қайда тұратынына және қалай киінгеніне қарамастан, бұнда барлығы бір-бірімен тең. Облысымыздың әр бұрышынан келген балалар өз құқықтары жайлы ойлап, талдап, проблемаларын шешті және құқық қадағалау нәтижесінің бақылауы мен балалардың ересектердің міндеттері туралы ойланды» (Катира). «Мен, міндетті түрде сыныпқа келгенде балалар ары қарай балалардың құқықтары мәселелелерімен айналысу үшін, оларға осы секцияның жұмысы жайлы айтып беремін және қызықты танымдық тапсырмаларды өткізуге тырысамын» (Лена). «Өзіңнің құқығын және оны қорғау жайлы көбірек білгін келеді, осы проблема барлығына ересектерге де балаларға да қатысты, сондай-ақ оның әзірленуі мен қорғалуы біздің өзімізге байланысты» (Диана).



Сонымен қатар, «Құқығым бар – Имею право» мектебінің жас еріктілері (11 бала) Форумның өкілдері болды. Олар басқа секцияларда белсенді жұмыс атқарды, Көшбасшы Мінбесіне өз ұсыныстарымен алға шықты, брифинг уақытында қоғамдық құрылымдарға және мемлекет өкілдеріне сұрақтар қойды.

Форум жұмысының нәтижесінде Қарағанды облысының жеткіншектері мен балаларына үндеуі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет