Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы



Дата29.02.2016
өлшемі82.68 Kb.
#30846
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523

ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы өзіндік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы белгіленсін.

2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.

3. Қоса беріліп отырған

1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері;

2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

4. Осы Жарлыќтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасы

Президенті Н.Назарбаев 

 

 



Астана, Ақорда, 23 қаңтар 2008 жыл

№ 523


 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы

N 523 Жарлығымен бекітілген

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру

2) осы саладағы қолда бар аз тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі

2. Конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде конкурс лауреаттары атақтары жыл сайын үш санатта:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша беріледі.

3. Үміткерлер тұтас алғанда ќоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.

Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.

 

2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі



жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің тәртібі

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы - конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдастырушылары) болып табылады.

5. Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес рәсімдейді және ұйымдастырушыларға ұсынады.

6. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;

2) әлеуметтік және қайырымдылық қызмет саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауға тиіс.

7. Ұйымдастырушылар:

1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;

2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;

3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

8. Конкурсты өткізу мерзімдері:

қаңтар - конкурстың басталуы туралы хабарлау;

жыл сайын 1 желтоқсанға дейін - өтінімдер қабылдау.

желтоқсан - қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

9. Материалдар қарау үшін конкурс ұйымдастырушыларына ќағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынылады.

10. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды ұсынады, оларда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар) болуы тиіс.

11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.

12. Ұйымдастырушылар үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.

13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті ќорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

2) "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы".

Бұл номинацияда тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.

15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.

16. Лауреаттар тізімі бұқаралыќ ақпарат құралдарында жарияланады.

17. Конкурс лауреаттары бұл атақ берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде оны алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің



2008 жылғы 23 ќаңтардағы

N 523 Жарлығымен бекітілген  

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру

жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады.

Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.



2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

3. Комиссияның міндеттері:

1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау;

2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу;

3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.

4. Комиссияның:

1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;

3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар  

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

5. Комиссия құрамына:

1) Комиссияның төрағасы;

2) Комиссия төрағасының орынбасары;

3) Комиссияның хатшысы;

4) Комиссияның мүшелері кіреді.

6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.

7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.

8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:

1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;

2) конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден келіп түскен материалдарды қабылдау және алдын ала қарау;

3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;

4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;

5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.

9. Комиссия конкурсты ўйымдастыру жјне ґткізу жґніндегі тиісті жылєа арналєан іс-шаралар жоспарын жыл сайын айќындайды жјне бекітеді.

10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.

11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен рәсімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.

Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.



13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет