Бұйырамын: Қазақстан Республикасының



бет1/6
Дата25.09.2023
өлшемі25.58 Kb.
#478530
  1   2   3   4   5   6
Сынып жетекшінің міндеттері


"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
18 бұйрығымен бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже


Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 31.05.2022 № 251 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагогке (бұдан әрі - сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.


Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы", басқа да Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
1. Сынып жетекшісінің қызметібілім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.
-Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.
-Сынып жетекшісі білім беру ұйымы басшысының (директорының) бұйрығымен тағайындалады.
-Сынып жетекшісі қызметін жоспарлауды және бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының (директорының) тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет