Сынып жетекшісі өз функцияларына сәйкес білім алушылармен жұмыс жасау формаларын таңдайды:
1) жеке (әңгімелесулер, консультациялар, мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп іздеу және т.б.);
2) топтық (шығармашылық бірлестіктер, өзін-өзі басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (конкурстар, спектакльдер, концерттер, жорықтар, жарыстар және т.б.).
Не істеуге болмайды?
Сынып жетекшісі:
1. Оқушының намысын қорлауға;
2. Қосалқы ат қоюға, кемсітуге;
3. Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін қолдануға;
4. Оқушының сенгіштігін пайдаланып, уәдесіне тұрмай, қате бағдар беруге;
5. Отбасын оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға;
Ұйымдастырушылық:
· түрлі қоғамдық іс- шаралар ұйымдастыру;
· оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру.
Коммуникативтік:
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу;
- «Оқушы-мұғалім » , «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;
- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету.
Сынып жетекшісі білуі тиіс:
· Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын;
· Бала құқықтары туралы конвенцияны;
· Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін;
· Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын;
· Педагогикалық этиканы;
· Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
· Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру;
· Еңбек заңнамасының негіздерін;
· Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін.
В соответствии с подпунктом 12-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:
Утвержден приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 12 февраля 2016 года №18
|
Достарыңызбен бөлісу: |