Бұйрыққа Қосымша «Самұрық Қазына» АҚ



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі479.5 Kb.
1   2   3   4   5



Соңғы төрт жылға арналған негізгі қаржылық көрсетіштер динамикасы





2008

2009

2010

2011

Пайда/ залал

(мың теңге)



+ 10 609

+ 1 683

+3 591

+ 1 314

«Павлодар әуежай» АҚ өндірістік қуаттылығы туралы жалпы ақпарат

Әуежайдың жобалық қуаттылығы тәулігінде 4800 жолаушыға қызмет көрсетіп, 50 тонна қолжүк, жүк және поштаны өңдей алады.

Ұшу-қону жолағының техникалық жағдайы ИКАО талабының 1 санатына жеткізілді, қазіргі уақытта шектелмеген жоғары ұшу өлшемі бар әуе кемелерін қабыладуға мүмкінідігі бар.

2011 жылы өндіріс қуаттылығын пайдалану:

әуе кемелерін ұшу және қонуын қамтамасыз ету бойынша -6,6%

жолаушыларға қызмет көрсету бойынша – 3,0%

қолжүк, жүк және пошталарды өңдеу бойынша – 1,1%
Қоғамның шешімді нарығы

Қоғамның негізгі қызмет көрсететін клиенттері жиі рейс орындайтын авиакомпаниялар болып табылады:

Отандық авиатасымалдаушылардан: «Эйр Астана» АҚ, «Иртыш Эйр»АҚ, «ЕвроАзияЭйр» АҚ. Маршрут бағыты: Астана, Алматы қалалары.

Шетелдік авиакомпаниялардан: ФГУП «ГТК Россия», РУП НАК «Белавиа», «Сибирь» АК. Маршрут бағыты: Москва қ., Санкт –Петербург қ, Минск қ., Германия қалалары.

Павлодар қаласы әуежайынан рейстер мен жолаушыларға қызмет көрсету жалпы көлемінің негізгі үлесі (50-ден аса) ішкі авиажелілерде ұшуларды орындайтын «Эйр Астана» АК тиесілі.
Қызметтің негізгі түрлері бойынша Қоғамның нарықтық үлесі

Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтерінде Қоғамның негізгі қызмет түрлері бойынша әуе кемелері мен жолаушыларға әуежайлық және жерүсті қызмет көрсету -бөлек санат ретінде қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылы әуе көлігімен 29,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2010 жылғы деңгейден 0,2 мың тоннаға жоғары.

2011 жылы Павлодар облысы бойынша әуе көлігімен тасымалданған жүктердің жалпы көлемі 0,51% құрайды.







2009 жыл

2010 жыл

2011ж.

2010жылға

2011 ж %%

Қазақстан Республикасы

21,3

29,2

29,4

100,7

Павлодар облысы

0,13

0,18

0,20

111,0

Тасымалданған жүктердің жалпы көлеміндегі Павлодар облысының үлесі, %%

0,6

0,51

0,68

-

2011 жылы Қазақстанның әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 20,9% өсті және 4 111,5 мың адамды құрайды, Павлодар облысының үлесі 1,3% құрайды.







2009 жыл

2010 жыл

2011ж.

2010жылға

2011 ж %%

Қазақстан Республикасы

2 758,7

3 401,2

4 111,5

120,9

Павлодар облысы

36,2

43,4

53,0

122,1

Тасымалданған жолаушылардың жалпы көлеміндегі Павлодар облысының үлесі, %%

1,3

1,3

1,3

-



Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, ірі мәміле болып танылған акционерлік қоғамның есеп жылында жасаған мәмілелерінің тізімі.

2011 жылы Қоғаммен ірі мәмлелер бекітілген жоқ.


Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, ірі мәміле болып танылған акционерлік қоғамның есеп жылында жасаған мәмілелерінің ішінде қызығушылық танытатын мәмілелер.
2011 жылы Қоғаммен Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, ірі мәміле болып танылған акционерлік қоғамның есеп жылында жасаған мәмілелерінің ішінде қызығушылық танытатын мәмілелер жасалған жоқ.
2. Қоғам бағдарын бағалау және оны дамыту

Қоғам жыл бойы жұмыс кестесін үздіксіз қамтамасыз етті.

Жолаушылар, «Павлодар» шекаралық бақылау бөлімі, кеден бекеті, әуе көлігін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың солтүстік-батыс аймақтық Басқармасы, көші-қон полициясы, көліктегі желілік ішкі істер бөлімі, авиакомпания өкілеттігі жағынан кінарат-талап болған жоқ.

Қоғам 2011 жылы оң қаржылық нәтиже көрсетті.

Қоғам жасалған келісімшарт бойынша міндеттерді кешіктірмей толық көлемде орындайды.

Қоғамды дамыту мақсатында негізгі құралдарды жаңалау, жолаушылар мен әуе кемелеріне қызмет көрсетуде авиациялық қауіпсіздік сапасын жақсарту, әуевокзал ғимаратында қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


«Павлодар әуежай» АҚ инвестициялық жоспарлары мен мақсаты туралы ақпарат

Жыл сайын авиатасымалдау қажеттілігінің өсуі, халықаралық экономикалық кеңістікке интеграциялау және Қазақстан халқының табыс көзінің артуы азаматтық авиациядан сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетуді талап етеді.

Павлодар әуежайы – жолаушыларды, жүктер мен поштаны авиатасымалдауда қызмет көрсететін, Павлодар қаласында орналасқан жерүсті кешені.

Павлодар әуежайы арқылы өтетін авиатрасса – ең ыңғайлы, экономика жағынан тиімді құрлықаралық әуе хабарламасы. Бұл Қазақстанның географиялық жағынан орналасуы тиімді және соның ішінде Павлодар қаласы Европа, Оңтүстік-батыс Азия, Жақын және алыс Батыс елдерінің көлік ағынның қиылысында орналасқан.


Қосымша әуеайлақ ретінде, 150-ден 250-ге дейін тонна өлшемі бар және одан да жоғары өлшемі бар шетел ӘК тарту есебінен ұшақтардың ұшу санын арттыру әлеуеті бар, олар шығыс және оңтүстік-шығыс Азия елдерінен Астана, Қарағанды, Ресей қалаларына ұшады.
Технологиялық бизнес-процестері бойынша шығын нормасы белгіленген тәртіптеме мен тауар-материал қорлары есебінен негізгі өндірістік шығындарды өз деңгейінде сақтау көзделуде.
Мемлекеттік жеке серіктестікті енгізу шегінде, авиациялық тасымалдау саласында елдер ішінде аймақаралық ынтымақтастықты активизациялау есебінен, сонымен қатар ішкі республикалық және халықаралық жүк және жолаушы рейстері үшін техникалық қондыру бойынша қызмет көрсету есебінен Павлодар әуежайының транзиттік әлеуеті және көлік-логистикалық даму мәселесін шешіледі.

“Павлодар әуежай” АҚ инфрақұрылымдық және инвестициялық саясаты халықаралық стандарттарға сәйкес, әуежай кешенін техникалық-пайдалану жағдайын, құрылысты, жерүсті қызмет көрсету объектілерін қайта құру және күрделі жөндеуден өткізуді кезеңмен жүзеге асыруды қарастырады.



Инвестициялық қызмет

2006-2007 ж.ж. «2006-2010ж.ж. Қазақстанның азаматтық авиация әуежайларды дамыту» бағдарламасы шегінде, республикалық бюджет есебінен ұшу-қону жолағы мен жарық дыбыс жабдықтарын қайта құру үшін қаражат бөлінген болатын.

2011 жылы «Самұрық Қазына» АҚ аталған обьектілердің аяқталмаған құрылысы Қоғамның балансына берілген болатын, қалдық құны - 670,4 млн теңге.

Сонымен қатар, 2010 жылы басталған әуевокзал ғимаратының қалыпқа келтіру жұмыстарына 72,3 млн теңге жұмсалды. Аталған сома сондай-ақ, «Самұрық Қазына» АҚ Қоғам акцияларын жайғастыру есебіне бөлінді.

Жалпы алғанда 2011 жылы инвестициялық қызметке Қоғамның шығыны 742, 7 млн теңгені құрады.


3. Даму Стратегиясы

Қоғамның стратегиялық мақсаттары:

әуеайлақтық қызмет көрсету бойынша авиажолаушылар қызметтерді қажетсінуін барынша қанағаттандыруға ұмтылу;

жұмыс көлемін ұлғайту, қызметтің және тұтас кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, берілген мерзімде және бәсекелестік баға бойынша сапалы қызмет түрлерін ұсыну арқылы іскерлік танымдылығын арттыру;

бәсекелестің біліктілігі, қызметкерлерінің тәжірибесі және еңбек өндірісінің деңгейіне қарағанда, ұсынылатын қызмет түрлерінің бәсекелестігін, сенімділігі мен кепілдігін, материалдық жағын жоғары деңгейде қамтамасыз ету;

біліктілікті арттыру, персонал тәжрибесі;

еңбек өнімділігін арттыру.

Стратегиялық бағыттар

Әуе кемелеріне, жолаушылар, багаждар, пошта және жүктерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін:


Әуежай кешенін қайта құру

2010-2011ж.ж. Қоғаммен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әуевокзалы кешенінің жартылай қайта құру жұмыстарын орындау жоспарлануда.


Әуежайда жолаушылардың жайлығын қамтамасыз ету және өткізу әдісін арттыру үшін әрекет ететін жиналу залын кеңейтіп, қосымша жиналу залының құрылысын бастау жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі – Жалғыз акционердің шешімі бойынша қосымша акция эмиссиясы.


Қазіргі заманғы техникаларды сатып алу

Әуежайдың техникалық жабдықтануы басқа да қазақстандық әуежайлар сияқты төмен деңгейде. Әуежай 1970-80ж.ж. арнайы көлік техникасымен жабдықталған, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді және өндіріс процесінің тоқтап қалуына әкеліп соғуы мүмкін.

2010 жылы Isuzu шасси базасында жолаушыларды әуе кемесіне отырғызу және түсіру үшін өздігінен жүретін екі трап лизингке сатып алынды.

4. Кадрмен қамтамасыз ету

Қызметкерлердің жалпы саны 235 адам, соның ішінде-77 әйел адам Қызметкерлердің орташа жасы – 47 жас.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны -25 адам, соның ішінде жеңілдік иесі – 17 адам.

АА 20 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар қызметкерлердің саны-53 адам. 3-5 жыл аралығында әуеайлақты пайдалану мастері (2 адам) және ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарының авиатехнигі мамандары қажет болады.

2011 жылы еңбекақының орташа төлемі -46 816 теңге.
Кадрлық саясатты жетілдіру

«Павлодар әуежай» АҚ кадрлық саясатының мақсаты - әуежай қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік дамуын, сандық және сапалық құрамын оңтайлы сақтау, өндіріс бойынша міндеттерді шешуде және әуежайлық қызметтерді кідіріссіз атқаруын жоғары кәсіби деңгейде қамтамсыз ету. Қызметкерлерді басқару стратегиясы – Қоғамның жалпы стратегиясының бөлінбейтін бөлігі, бәсекелестік артықшылығын нығайту, жұмыс тиімділігін арттыру, қаржы-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, тұрақты кіріс пен серпінді дамуына себеп болады.

Кадр саясатының негізгі бағыттары:


  1. ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;

  2. еңбек тиімділігін арттыру;

  3. қызметкерлердің құқығын сыйлау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету;

  4. қызметкерлердің оқуы, дамуы;

  5. корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.



5. Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару - Қоғам қызметін бақылау және басқаруды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы және Жалғыз акционермен директорлар Кеңесі, Басқарма, Қоғамның басқа да органдарымен және Жалғыз акционердің мүддесіндегі мүдделілік тұлғалармен қарым-қатынасы болып табылады.


Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және тартылған капитал шығынын азайту құралы ретінде қарастырады. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасы заңың қамтамасыз етудегі өзінің үлесі мен қазіргі заманғы экономикада, жалпы қоғамдағы орнын айқындайтын құрал ретінде қарастырады.
Қоғамның корпоративтік басқаруы әділетті, адал, жауапты, ашық, құзырлығы және кәсіпқойлығы негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқығы мен мүддесіне құрметпен қарау және Қоғам қызметінің жетістігіне, соның ішінде оның құндылығының өсуіне қаржы тұрақтылығы мен кірістің өсуіне себебін тигізеді. Корпоративтік басқару қағидаттары қарым-қатынаста сенімділікті, Қоғамды басқаруға байланысты туындайтын және Кодекстің басқа бөлімдерінде көрсетілген барлық ережелер мен нұсқаулардың негізі болып табылады.
Осы Кодекстің негізгі қағидаты:

Жалғыз акционердің құқығы мен мүддесін қорғау ;

Басқарма және директорлар Кеңесі Қоғамды басқару тиімділігі;

Қоғамның дербес қызметі;

Қоғам қызметі туралы ақпараттарды ашу объектілігі мен ашықтығы;

заңдылық және әдеп ;

дивидендік саясат тиімдігі;

кадр саясатының тиімділігі;

қоршаған ортаны қорғау;

корпоративтік дау-шарды және мүдде дау-шарын реттеу;



жауапкершілік қағидаты.


Акционер туралы ақпарат
2006 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1020 «Кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы” Қаулысына сәйкес, “Самұрық мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстан холдингі” АҚ Қоғамның Жалғыз акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кейбір іс-шаралар туралы» Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы және «Қазына» тұрақты даму Қоры» акционерлік қоғамының бірігуі арқылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.


Корпоративтік басқару саласындағы ісшаралар
2011 жылдың маусым айында «Самұрық Қазына» АҚ-мен жаңа редакциядағы Қоғамның Корпоративтік басқару Кодексі бекітілді, ал 2011 жылдың қазан айында жаңа редакциядағы Қоғам Жарғысы бекітілді.
Қоғамның директорлар Кеңесімен Қоғамның Кадрлар саясаты, жаңа редакциядағы іскер этика Кодексі бекітілді, омбудсмен институты енгізілді, Тәуекелді басқару саясаты бекітілді, басқарушы қызметкерлер, ішкі аудит қызметі, Қоғамның Корпоративтік хатшысының еңбек төлемі мен әлеуметтік қолдау Ережесі бекітілді, корпоративтік басқару жүйесінің тиімділік бағасы өткізілді.
2011 жылдың қаңтар айында Қоғамның директорлар Кеңесімен Қоғаммен жарияланған акциялар саны шегінде, тәсілі және жайғастыру бағасы шеңберінде акцияларды жайғастыру шешімі қабылданды. «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционердің сатып алуына артықшылық құқық беретін, жай бір акцияны 223 453, 40 теңге жайғастыру бағасымен 3000 акция орналастырылды.
2011 жылдың маусым айында Қоғамның директорлар Кеңесімен Қоғаммен жарияланған акциялар саны шегінде, тәсілі және жайғастыру бағасы шеңберінде акцияларды жайғастыру шешімі қабылданды. «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционердің сатып алуына артықшылық құқық беретін, жай бір акцияны 148 750 теңге жайғастыру бағасымен 2000 акция орналастырылды.

Ұйымдастыру құрылымы



  • ҰАҚІҚҚ – ұшуларды апаттық-құтқару-іздестіруді қамтамасыз ету қызметі;

  • АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;

  • ББ – байланыс бөлімі;

  • ӘК ЖТҚКУ – әуе кемелеріне жедел-техникалық қызмет көрсету учаскесі;

  • ЖҚБП – жерүсті құрылыстарын пайдалану бөлімі;

  • ӘҚ – әуеайлақ қызметі;

  • ӘШБ – әкімшіліктік-шаруашылық бөлім;

  • АКҚ – арнайы көлік қызметі;

  • ЖЖМ –жанар жағар май қызметі;

  • ҰЖТЖҚ – ұшулардың жылу-техникалық-жарығын қамтамасыз ету қызметі;

  • ЖҚКҰҚжЖТ - жолаушылар және жүк тасымалына қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметі;

  • МСБ – медико-санитарлық бөлім;

  • ӨДҚ – өндірістік- диспетчерлік қызмет.


Әкімшіліктік персонал

Жоспарлы-экономикалық бөлім;

Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі;

Басқарма Төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Еңбек, ақы және кадрлар бөлімінің жетекші инженері;

1 бөлім инженері;

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және мобилизациялық резерв бойынша инспектор;

Ұшу қауіпсіздігінің инспекторы;

Қазақ тілінің аудармашы-оқытушысы;

Хатшы-референт.


скругленный прямоугольник 2

скругленный прямоугольник 3скругленный прямоугольник 5прямая соединительная линия 12прямая соединительная линия 13прямая соединительная линия 14

скругленный прямоугольник 4

скругленный прямоугольник 7прямая соединительная линия 15прямая соединительная линия 16прямая соединительная линия 61прямая соединительная линия 69прямая соединительная линия 70прямая соединительная линия 71

скругленный прямоугольник 6скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 11прямая соединительная линия 17прямая соединительная линия 18прямая соединительная линия 19скругленный прямоугольник 20скругленный прямоугольник 30скругленный прямоугольник 31скругленный прямоугольник 32скругленный прямоугольник 33скругленный прямоугольник 34скругленный прямоугольник 35скругленный прямоугольник 36скругленный прямоугольник 37скругленный прямоугольник 38скругленный прямоугольник 39скругленный прямоугольник 40прямая соединительная линия 41прямая соединительная линия 42прямая соединительная линия 43прямая соединительная линия 44прямая соединительная линия 45прямая соединительная линия 46прямая соединительная линия 47прямая соединительная линия 48прямая соединительная линия 49прямая соединительная линия 50прямая соединительная линия 51прямая соединительная линия 52скругленный прямоугольник 53скругленный прямоугольник 54скругленный прямоугольник 55скругленный прямоугольник 56скругленный прямоугольник 57скругленный прямоугольник 58прямая соединительная линия 62прямая соединительная линия 63прямая соединительная линия 64прямая соединительная линия 65прямая соединительная линия 66прямая соединительная линия 67прямая соединительная линия 68
скругленный прямоугольник 59скругленный прямоугольник 60

Каталог: orgs
orgs -> Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2015 год Павлодар
orgs -> Сәуір 2009 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығы «Басқару құрылымын белсендіру және Қор топтарының ұйымдарында шығындарды қысқарту туралы» Сәуір 2009 жыл
orgs -> Доклад к проекту постановления Кабинета Министров Чувашской Республики
orgs -> Сәуір 2009 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығы «Басқару құрылымын белсендіру және Қор топтарының ұйымдарында шығындарды қысқарту туралы» Сәуір 2009 жыл
orgs -> Павлодар әуежайы
orgs -> Жарғылық капитал саны 28 311 бірлік жай акциядан тұрады. Бір акцияның атаулы құны 3 000 теңге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет