Бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі



Дата01.07.2016
өлшемі319.9 Kb.
#169779




Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрінің

_____ жылғы «___» _____________

____ бұйрығымен бекітілген


Темір жол көлігіндегі

қауіпсіздік қағидасын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі (бұдан әрі - Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 2-тармағы 34-11) тармақшасына және 32-1-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді. 

2. Ереже тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне және меншік нысанына қарамастан, теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды уәкілетті органның өкілдері жүзеге асырады.

4. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, осы Ережеде белгіленген тәртіппен берілген құжат;

2) бас аудитор – басқару жүйесінің аудитіне басшылықты жүзеге асыратын және аудиттің жүргізілуі үшін жауапты уәкілетті органның өкілі;

3) аудит жөніндегі топ – басқару жүйесінің аудитін жүргізетін екі және одан көп аудиторлар;

4) аудитор – уәкілетті орган басқару жүйесінің аудитін жүргізу құқығын берген адам;

5) аудит жөніндегі топтың басшысы – уәкілетті органның тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының құрылымдық бөлімшелеріндегі қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитті басшылықты жүзеге асыратын және аудитті жүргізу үшін жауапты өкілі;

6) ұсыным – қауіпсіздікті басқару жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған аудиторлардың ұсынысы;

7) сәйкессіздік – теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік бойынша талаптардың орындалмауы немесе тиісінше қажетті денгейде орындалмауы;

8) сәйкессіздіктер тізілімі – аудит жүргізу барысында айқындалған сәйкессіздіктер тізбесі.


2. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібі
5. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері және меншік нысанына қарамастан, теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалар өз құзыреті шеңберінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жауапты.

Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының Қозғалыс қауіпсіздігі қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу арқылы, сонымен қатар кешенді және техникалық шараларды көздейтін:

1) кадрларды сан нормативтері мен біліктілік талаптарына сәйкес жасақтау мен орналастыруды;

2) поездар қозғалысымен байланысты қызметке үміткерлерді кәсіби іріктеуді;

3) еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуды;

4) поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерді мерзімді медициналық тексеруден өткізуді, сондай-ақ локомотив бригадалары мен поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің денсаулығын рейс алдында бақылауды;

5) жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптері қызметкерлерінің кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруді;

6) поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарды білуіне мерзімдік тексеру тексеру жүргізуді;

7) «Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізуді;

8) теміржол вокзалдарында перронға шығу үшін өткізу режимін енгізуді;

9) жолдарды, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын, теміржол өткелдерін, жабдықтарды, тетіктерді және көліктің басқа да техникалық құралдарын жөндеу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөніндегі ұдайы жұмысты жүзеге асыруды;

10) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерін жарамды жағдайда ұстауды және тиімді пайдалануды;

11) анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданумен, қауіпсіздікті бақылау құрылғыларының, аспаптарының жай-күйін және олардың қолданылуын тексерудің бекітілген график бойынша жүзеге асыруды;

12) техникалық құралдардың істен шығу алдындағы диагностикасы мен мониторингі кіретін, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және «адами фактордың» рөлін төмендетуге бағытталған жаңа қауіпсіздік құрылғыларын, аспаптары мен жүйелерін енгізу жөнінде ұдайы жұмыс жүргізуді;

13) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздестіруді және енгізуді;

14) авариясыз жұмыс тәжірибесін жинақтауды және таратуды;

15) жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін;

16) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды;

17) теміржол көлігі ұйымдарының авариясыз жұмыс істеуі жағдайларын жасауды;

18) билетсіз жолаушылардың, жолаушы поездарында ресімделмеген багаж мен жүк-багаждың тасымалдануына жол бермеу жөніндегі шараларды, көздейтін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

6. Тасымалдау процесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды;

жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігін;

темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін;

уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес олардың қарауындағы темір жол көлігі объектілерін күзетуді;

экологиялық қауіпсіздікті;

өртке қарсы қауіпсіздікті;

санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

7. Темір жолдар, темір жол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты темір жол көлігінің басқа да объектілері қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген талаптарға сәйкес сигналдық қоршаулары болуы тиіс.

8. Аумақтарында қауіпті жүктерді өндіру, сақтау, тиеу, түсіру, тасымалдау жүзеге асырылатын объектілер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес темір жолдардан, елді мекендерден, кәсіпорындардан, ғимараттар мен құрылыстардан қажетті қашықтыққа алыстатылған болуы тиіс.

Байланыс, электр тарату желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының және темір жолдарды қиып өтетін немесе оларға тікелей жақын орналасқан басқа да құрылыстардың иелері олардың жұмыс істеу қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген құрылыстарды салу мен пайдаланудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін авариялардың немесе авариялық жағдайлардың туындауы туралы уәкілетті органның өкілдерін және темір жол көлігі ұйымдарын уақтылы хабардар етуі тиіс.

9. Қауіпті жүктер өндіруді, тиеуді, түсіруді, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші ұйымдары олардың тасымалдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін қажетті құралдары және ұтқыр бөлімшелері болады.

Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар оқиға болған жерге көрсетілген ұтқыр бөлімшелердің дереу жіберілуін қамтамасыз етуі тиіс.

10. Тасымалдау процесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өздерінің ерекше қасиеттеріне қарай жүктердің жекелеген түрлерін күзетуді және оларды алып жүруді қамтамасыз етуі тиіс.

11. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі:

жұмыстарды жүргізу тәсілдерін, көтергіш-көлік жабдығын және технологиялық жабдықтауды таңдаумен;

жұмыстарды жүргізу орнын дайындаумен және ұйымдастырумен;

жұмыс істейтіндерді қорғау құралдарын қолданумен;

жұмысқа жіберілген тұлғаларды медициналық қараудан өткізумен және оларды оқытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

12. Өндірістік және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты, көлік құралдарын ұстау мен пайдалану, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет.

13. Өрт қауіпсіздігі:

қауіпсіздігі шараларын сақтау бөлігінде қауіпті жүктерді тиеуге, сұрыптауға және түсіруге, сондай-ақ жылжымалы құрамның көрсетілген жүктерді тиеуге дайындығын бақылауды ұйымдастырумен;

белгіленген өртке қарсы режимді сақтаумен, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде нұсқаулықтан өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеумен;

эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы бөгеттерді, үзбелерді, кірме жолдарды және жолдарды, өрт сөндіру құралдарын (гидранттар, ішкі өрт крандары, өртсөндіргіштер) ұстауға бақылау жасау мақсатында аумақтарға, ғимараттарға, өндірістік және қызметтік үй-жайларға мерзімді тексеру жүргізумен және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде жедел шаралар қабылдаумен;

өрт сөндіру, өрт сигналын беру, хабарлау және байланыс қондырғыларын жарамды ұстаумен, олардың іс-әрекетке ұдайы дайындығымен қамтамасыз етілуі тиіс.

14. Темір жол көлігінде қауіпсіздік шараларын сақтамау мынадай салдарға әкеледі:

қирауға;

аварияға;

жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайына;

жұмыстағы ақаулы жағдайға;

жұмыстағы қиындыққа;

қозғалыс қауіпсіздігін басқа да бұзушылықтарға.

15. Нәтижесінде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарын алған немесе темір жол жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалған, магистральдық станциялық немесе кірме жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары поездардың қирауына жатады.

16. Нәтижесінде темір жол жылжымалы құрамының күрделі жөндеу көлемінде бүлінген, магистральдық, станциялық немесе кірме жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарында жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу, сондай-ақ нәтижесінде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарын алған немесе темір жол жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалған, станцияларда немесе кірме жолдарда маневрлік жұмыстар кезінде жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары аварияларға жатады.

17. Ақаудың ерекше жағдайларына мыналар жатады:

1) нәтижесінде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететін көлемде бүлінуге жол берілген, бірақ осы Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген салдар болмаған, жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кірме жолдарда соқтығысуы;

2) нәтижесінде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететін көлемде бүлінуге жол берілген, бірақ осы Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген салдар болмаған, жүк және/немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кірме жолдарда рельстен шығуы;

3) поезды бос емес жолға қабылдау - келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисі басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат алған жағдай;

4) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту - бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезінде немесе машинистке аралыққа орналасуға берілген рұқсат бойынша және ол қажетті жағдайларда поездың жүруі туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейін алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтілуі (немесе тоқтамай өтуі) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектік бағанадан) локомотивтің бір бөлігімен болса да өтіп кету жағдайы;

5) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) - дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның ішінде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетін бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кірме (шығу) сигналы кезінде келе жатқан (жөнелтілетін) поезд бағдаршамның ашық кірме (шығу) сигналынан өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе станцияға (станциядан) жүруге машинист рұқсат алған, сондай-ақ электр тартымы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе токтың басқа түрімен электрлендірілген жолға немесе түйіспе сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағыты әзірленген жағдай;

6) бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектік бағанадан рұқсатсыз өту;

7) поезд астынан бағыттаманы ауыстыру;

8) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;

9) жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;

10) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы;

11) жылжымалы құрам арқалығының үзілуі;

12) техникалық ақауларға байланысты, буксаның қызып кетуін қоса алғанда, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру және тағайындау станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

13) поезды жабылған шеткі крандармен жөнелту;

14) станцияларда бағдаршам белгісінің тыйым салу көрсеткішінде жылжымалы құрамның жүріп өтуіне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгі беру құрылғыларының, рельстік тізбегінің ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе станция кезекшісінің (сигнал берушінің) қатесінен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтіп кетуіне әкеп соқтырған жағдай;

15) локомотивтің жарамсыздығы оны ауыстыруды талап еткен, жолаушылар поезындағы локомотивтің бұзылу жағдайы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінен, сондай-ақ негізгі немесе айналымды локомотив депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

16) жолда келе жатқанда жүктің құлауы - жүктің немесе оның бөлігінің темір жолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктің жылжымалы құрамға жүкті тиеудің белгіленген өлшемдерінен шығуын туғызған жүк бекітпесінің ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;

17) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргізу орындарының сигналдық белгілермен қоршалмауы;

18) бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің;

автоматты локомотив сигнализациясы аралықта сигнализация және байланыс дербес құралы ретінде қолданғанда, локомотив бағдаршамында тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің пайда болуы жатады;

19) егер қос доңғалақтарды ауыстыруға технологиялық процеспен белгіленген уақыт асып кетсе, жол жүріп келе жатқанда жолаушылар поезында қос доңғалақты ауыстыру (қос доңғалақтарды ауыстыру қай жерде жүргізілгендігіне қарамастан) жатады.

18. Жұмыстағы ақаулы жағдайларға мыналар жатады:

1) осы Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген салдарлар болмайтын, жылжымалы құрамның маневрлер, жабдықталу және басқа да қозғалыстар кезінде рельстен шығуы;

2) осы Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген салдарлар болмайтын, бірақ жылжымалы құрамның ағытылуы немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жөндеуге қойылуы талап етілетін дәрежеде бүлінуі орын алатын жылжымалы құрамның маневрлік жұмыстар мен басқа да қозғалыстар кезінде соқтығысуы;

3) темір жол көлігінің ұйымдары қызметкерлерінің кінәсінен жол берілген темір жол өтпесінде жылжымалы құрамның өздігінен жүретін немесе автокөлік құралдарымен соқтығысуы;

4) поездағы жылжымалы құрамның автотіркегіштерінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының өздігінен ағытылуы;

5) поездағы жылжымалы құрам автотіркегішінің немесе және басқа тіркеу құрылғыларының үзілуі;

6) жылжымалы құрам бөліктерінің темір жолға құлауы;

7) жылжымалы құрамның бағыттамалы бұрманы кесіп өтуі;

8) аралық станцияларда жүк поезынан вагондардың мыналардың салдарынан ағытылуы:

техникалық ақаулылық (егер вагонды ағыту техникалық қызмет көрсетудің негізгі пункттерінен басқа, қызмет көрсетудің кепілдік иінінің жылжымалы құрамы үшін белгіленген кез келген аралық станцияда жүргізілген болса, онда ол жұмыстағы ақаулық деп есепке алынады);

буксаның қызуы (техникалық қызмет көрсетудің негізгі пункттерінен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);

9) нәтижесінде поездардың аралықта поезд қозғалысы кестесінде белгіленген уақыт нормаларынан артық немесе станцияда бағдаршамның рұқсат белгісі ашылған сәттен бастап бір сағат және одан да көп уақыт кідіруіне жол берілген, жолдың, жылжымалы құрамның, сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйіспелі желі, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;

10) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудің техникалық шарттарының бұзылуынан вагонның поездан ағытылуы;

11) локомотивті ауыстыруды талап ететін, автоматты локомотивтік сигнал берудің немесе локомотив қауіпсіздігінің басқа да аспаптарының ақаулығы (локомотивтерді немесе локомотив бригадаларын ауыстырудың белгіленген пункттерінен басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

12) аралықтарда малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;

13) жолөлшеуіш вагонның бастығы немесе қозғалыс қауіпсіздігі тексерушісінің өтінімі бойынша поезд диспетчерінен учаскедегі қозғалысты жабу туралы бұйрық беруін талап ететін жолдың ақаулығы.

19. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу осы Ереженің 15, 16, 17, 18-тармақтарына жатпайтын, бірақ мыналарды туындатқан жағдайлар:

1) жолдың, жылжымалы құрамның және техникалық құралдардың техникалық ақаулығынан аралықта немесе станцияда поездың отыз минуттан астам және одан да ұзақ уақытқа кешігуі;

2) жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;

3) доңғалақ жұбының қай жерде ауыстырылғанына қарамастан, жүріп өту жолында доңғалақ жұбының ақауы бойынша жолаушы поезының доңғалақ жұбын ауыстыру;

4) поездан жылжымалы құрамды жөндеу үшін ағытпай-ақ, жолда малды басып кетуді туындатқан жағдайлар жұмыстағы қиындықтар болып саналады.

20. Қозғалыс қауіпсіздігінің өзге бұзушылықтарына сыртқы себептердің салдары болып табылған қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар жатады:

1) ауа-райы жағдайы, сигнализацияның, орталықтандырудың және байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының іркілісіне алып келген сыртқы ауа температурасы минус 35°С-тан төмен, жел екпіні 20 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары кезінде, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда;

2) сигнал беру құрылғыларының техникалық жарамды кезінде автокөлік құралдарымен темір жол өтпелерінде соқтығысулар;

3) қауіпті жүктің төгілуі себебінен поездың жүру жолында жүк вагонын ағыту;

4) техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылмаған және/немесе поездарды өткізудің кешігуіне әкелген жағдайлар жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену ретінде есепке алынады;

5) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде тұлғалардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;

6) поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың темір жолға заттар қоюы;

7) қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар, сондай-ақ жолда адамдарды басып кету жағдайлары.


3. Қауіпсіздікті басқару жүйесі
21. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар тасымалдау процесі қауіпсіздігінің басқару жүйесін (қозғалыс қауіпсіздігін) әзірлеуі, құжаттауы, енгізуі, жұмыс күйінде ұстауы және жүйелі түрде жақсартуы тиіс.

22. Тасымалдау процесіне қатысушылардың тасымалдау процесі қауіпсіздігін басқару жүйесі «ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» стандартында белгіленген принциптерді сақтай отырып әзірленеді және ол:

1) қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы саясатты;

2) қауіптерді айқындау және қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар тәуекелдіктерін бағалау, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдіктерді анықтау және оларды басқару жөніндегі шараларды іске асыру рәсімдерін;

3) қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нысаналы көрсеткіштерді және солармен байланысты бекітілген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын;

4) қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын заңнамалық, нормативтік және басқа талаптарды бағалау рәсімдерін;

5) қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі талап ететін тиісті адам, өндіріс және қаржы ресурстарын, сондай-ақ тасымалдау процесіне қатысушының басқару жүйесінің барлық деңгейінде қызметкерлердің анық белгіленген қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өкілеттіктерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін;

6) персоналдың талап етілетін құзыреттілігін, біліктілігінің арттырылуын және хабардарлығын қамтамасыз етуге арналған шараларды;

7) әзірленген және өзекті сипатта ұсталатын қауіпсіздікті басқару жүйесін сипаттайтын құжаттаманы қамтиды.

23. Қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі қолданылатын сала басқарушылық та, өндірістік те процестері қамтуы және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, барлық тасымалдау процесіне қатысушыларға таралуы тиіс.

24. Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитінің нәтижелері негізінде уәкілетті орган беретін қауіпсіздік сертификатымен расталады.

Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті «МЕМСТ ISO 19011-2013. Менеджмент жүйесінің аудиті бойынша басшылыққа алынатын нұсқаулар» стандартында жазылған принциптер мен ерекшеліктерге сәйкес жүргізіледі.

Магистральді теміржол желісіне рұқсат тасымалдау бойынша қызметтерді пайдаланушылар және вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушыларда осы Ережеге сәйкес берілген қауіпсіздік сертификаты болған жағдайда ұсынылады.
4. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті
25. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін уәкілетті органның шешімі негізінде уәкілетті орган қызметкерлері қатарынан құрылған аудиторлар тобы жүргізеді. Аудит жүргізуге уәкілетті органның шешімімен құзыретті өкілі тартылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда бірнеше аудиторлар тобы құрылуы мүмкін.

Бас аудитор уәкілетті органның шешімімен тағайындалады.

26. Аудиттің мақсаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының, теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының орындалу дәрежесін белгілеу.

27. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитіне мынадай кезеңдер кіреді:

1) аудит жүргізуді жоспарлау;

2) аудит жүргізуге дайындалу;

3) аудит жүргізу;

4) аудит нәтижелерін ресімдеу;

5) аудиттің нәтижелілігін талдау;

6) түзетуші іс-қимыл.

28. Аудит осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жасалатын қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін жүргізу жоспарына сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.

29. Аудит жүргізу жоспары бір жылға жасалады және уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.

Аудит жүргізу туралы хабарлама тасымалдау процесіне қатысушыларға аудит басталғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын жіберіледі.

30. Тасымалдау процесіне қатысушылар аудиторларды алдын ала таныстыру үшін аудит жүргізу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құрылтайлық құжаттардың және ұйымдастырушылық құрылымның көшірмелерін жолдайды.

31. Қажет болған кезде қауіпсіздікті басқару жүйесінің жоспардан тыс аудиттері ұйымдастырылады. Жоспардан тыс аудиттерді ұйымдастыру жоспарлы аудиттерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

32. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің жоспардан тыс аудиттері үшін мыналар:

1) көрсетілетін қызметтер, орындалатын жұмыстар сапасының нашарлауы;

2) қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі процестер өзгерістері;

3) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау технологиясындағы өзгерістер;

Жоспардан тыс аудит уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі бойынша тағайындалады.

33. Жоспардан тыс аудиттің бекітілген жоспары немесе аудит жүргізу туралы уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі негізінде бас аудитор аудитке дайындықты жүргізеді.

Дайындық барысында бас аудитор мынадай іс-шараларды жүргізеді:

1) аудит жөніндегі топтың барлық мүшелерінің жауапкершілігі мен өкілеттігін айқындайды;

2) алдыңғы аудиттің нәтижелері бойынша әзірленген іс-шаралардың іске асырылуына тексеру ұйымдастырады;

3) соңғы аудит жүргізілген уақыттан бері өткен кезең ішіндегі рекламацияларға, пікірлерге талдау жүргізеді;

4) аудит жөніндегі топпен бірлесіп аудитке жататын құжаттардың алдын ала тізбесін, аудит барысында соларға жауап алынуы тиіс сұрақтарды/тақырыптарды тұжырымдайды.

34. Аудит жүргізілгенге дейін бас аудитор аудит жөніндегі топ мүшелерінің міндеттемелерін нақтылау, жұмыс режимін келісу және аудит жүргізуге қатысты егжей-тегжейлерді талқылау мақсатында аудиторлармен кеңес өткізеді.

35. Аудит жүргізу басталғанға дейін аудит жөніндегі топ аудиттелетін тасымалдау процесіне қатысушының құрылтайлық құжаттармен және ұйымдастырушылық құрылымымен танысуы тиіс.

36. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар аудит жүргізу туралы хабарламаны алғанда:

1) тиісті орындаушыларды аудит мақсаты туралы хабардар етеді;

2) қызметкерлердің қатарынан аудиторлармен бірге жүру және аудит жүргізуге оларға жәрдемдесу үшін жауапты адамдарды тағайындайды;

3) аудитті тиімді әрі нәтижелі өткізу үшін қажетті барлық құралдармен аудит жөніндегі топты қамтамасыз етеді;

4) аудиторлардың сұратуы бойынша қажетті жабдықтарға, деректер мен ақпаратқа қол жеткізуді береді.

37. Ақпарат жинаған кезде аудиторлар сұхбаттасу, қызметін бақылау, құжаттама мен жазбаларды талдау, қызметін бақылау, құжаттама мен жазбаларды талдау, қызметін бақылау, құжаттама мен жазбаларды талдау айғақтарды (жазбаларды, фактілердің мазмұндамасын немес басқа ақпаратты) алу сияқты аудит әдістерін қолданады.

38. Аудит мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

1) аудит жөніндегі топтың тасымалдау процесіне қатысушының басшылығымен және қызметкерлерімен кіріспе кеңес.

Аудит жөніндегі топтың басшылары аудит жөніндегі топтың мүшелерін таныстырады, мекеме басшылығы мен қызметкерлерін аудит мақсаттары мен аумағы, аудит жүргізілген кезде қолданылатын әдістер мен рәсімдер туралы, сондай-ақ аудит жөніндегі топтың мекеме қызметкерлерімен өзара іс-қимыл және қарым-қатынаста болу тәсілдері мен нысандары туралы хабардар етеді.

Кеңесте аралықтық (қажет болған кезде) және қорытынды кеңестерді өткізу күндері келісіледі және аудиттің егжей-тегжейлері нақтыланады;

2) жинау, қызметкерлермен сұхбаттасу, қызметті бақылау және тасымалдау процесі қауіпсіздігін (қозғалыс қауіпсіздігін) басқару жүйесі туралы ақпаратты талдау;

3) айқындалған сәйкессіздіктерді, оларды жою және қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды аудит барысында және ол аяқталған соң талқылау;

4) аудит жөніндегі топтың мекеме басшылығымен соңғы кеңесі. Кеңесте айқындалған сәйкессіздіктер мен ұсынымдар (олар болған кезде) басшылығына дейін жеткізіледі, аудит жөніндегі топ тасымалдау процесіне қатысушының басшысымен сәйкессіздіктерді талдайды;

5) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит жүргізу туралы есепті жасау.

39. Аудит жүргізу барысында аудиторлар тасымалдау процесіне қатысушы жүзеге асыратын қызметтің қозғалыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес, фактілі бағалауды жүргізеді.

40. Аудит нәтижелерін ресімдеген кезде аудит жөніндегі топ сәйкессіздіктерді (олар болған кезде) сәйкестендіреді және қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды береді.

41. Аудит жүргізу қорытындылары бойынша осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аудит жүргізу туралы есеп жасалады, оны уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

Есепте мына шешімдердің біреуі көрсетіледі:

аудит нәтижелері бойынша қауіпсіздік сертификаты берілсін;

қауіпсіздік басқару жүйесі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді;

сертификаттың жарамды болуын сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтата тұрылсын;

қауіпсіздік сертификатын алып қою туралы.

42. 10 және одан артық сәйкессіздік айқындалған кезде қауіпсіздік басқару жүйесі қауіпсіздік талаптарына сәйкес деп танылуы мүмкін емес, бұл қауіпсіздік сертификатын 3 айға дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға алып келеді.

Қауіпсіздік сертификатын тоқтата тұру туралы хабарлама тасымалдау процесіне қатысушыға және ұлттық инфрақұрылым операторына жазбаша түрде жолданады.

Барлық сәйкессіздіктер жойылған жағдайда қауіпсіздік сертификатының қолданысы қалпына келтіріледі, бұл туралы тасымалдау процесіне қатысушыға жазбаша хабарлама жіберіледі.

Тасымалдау процесіне қатысушының 3 ай ішінде сәйкессіздіктерді жоюға дәрменсіздігі қауіпсіздік сертификатының қолданысын жоюға алып келеді.

43. Тасымалдау процесіне қатысушының басшысы аудит нәтижелерін алған соң 15 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға айқындалған сәйкессіздіктердің себептері туралы ақпаратты және айқындалған сәйкессіздіктерді жою және ұсынымдарды (олар болған кезде) орындау бойынша түзету іс- қимылдары жоспарларын жазбаша түрде жолдайды. Түзету іс-қимылдары жоспарының нысаны осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген.

44. Айқындалған сәйкессіздіктерді жою және ұсынымдарды орындау бойынша түзету іс- қимылдары жоспарларын іске асыру қорытындылары бойынша тасымалдау процесіне қатысушының басшысы жоспарларда көрсетілген мерзімдерде тиісті ақпаратты уәкілетті органға жолдайды.

45. Қолданылған түзету іс- қимылдарының нәтижелілігі мен тиімділігін талдауды тасымалдау процесіне қатысушының басшысы жүзеге асырады.

Келесі аудитті жүргізген кезде аудит жөніндегі топ түзету іс- қимылдарының нәтижелілігіне бақылауды жүзеге асырады.

46. Уәкілетті орган аудит жүргізу қорытындылары бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес сәйкессіздіктер тізілімін жасайды.


5. Қорытынды ережелер
47. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары есепке алуға жатады.

48. Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген көлік оқиғаларына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтарын есепке алуды облыстық, елордалық және республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде көліктік бақылау органдары жүргізеді.

49. Локомотив шаруашылығында лауазымдық міндеттемелерді немесе технологиялық процестерді бұзуы салдарынан локомотив бригадаларының кінәсынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтары жағдайлары локомотив бригадалары тіркелген депоға есепке алынады.

50. Жөндеу немесе өндіріс технологиясын бұзу салдарынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтары оқиғалары жөндеу ұйымының немесе өндіруші зауыттың өкілімен бірлесіп немесе жөндеуді немесе өндіруді жүргізген ұйым басшысының жазбаша келісімі болған кезде олардың өкілінсіз қаралады және жөндеу ұйымына, өндіруші зауытқа және/немесе өндірушіге есепке алынады.

51. Осы Ереженің 23-тармағында белгіленген ұқсас тәртіппен жолдың, энергиямен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың техникалық ақаулығы бойынша жіберілген қауіпсіздік бұзушылықтары есепке алынады.

52. Жүк вагондарының техникалық ақаулығынан жол берілген қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары поезға соңғы рет техникалық қызмет көрсетуді жүргізген заңды тұлғаның есебіне, ал жолаушылар тасымалында - осы жолаушы вагонын пайдаланатын тасымалдаушының есебіне алынады.

53. Тасымалдау процесіне қатысушылардың, теміржол көлігінің көмекші қызметтерінің және заңды және жеке тұлғалардың екі және одан артық қызметкері көлік оқиғасына алып келген қауіпсіздік бұзушылықтарына кінәлы болып табылған жағдайда, көлік оқиғасы негізгі кінәлы жұмыс істейтін ұйымға есепке алынады.

54. Тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметкерінің кәсіптерді қоса атқару тәртібімен оған жүктелген міндеттерді орындамауына байланысты жол берілген магистралдық, станциялық және кірме жолдарда болған қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары кінәлі қызметкер жұмысын атқарған ұйымда (құрылымдық бөлімшеде) есепке алынады.

55. Поездардың автокөлік құралдарымен және/немесе басқа да өздігінен жүретін құралдармен соқтығысу жағдайларын және малды басып кетуін, егер тексеру кезінде тасымалдау процесіне басқа қатысушылардың қызметкерлерінің кінәсі анықталмаса, осы бұзушылыққа жол берген тасымалдау процесіне қатысушылар немесе темір жолдың осы учаскесіндегі жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстауға жауапты ұйым есепке алады.

56. Жеке және/немесе заңды тұлғаларға тиесілі темір жолдарда, олардың қызметкерлерінің кінәсінен жол берілген қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары осы тұлғаларға есептеледі.

57. Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің сынуы себебінен жіберілген қауіпсіздіктің бұзылуы жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторына:

1) сыну болған аумақтағы теміржол әкімшілігінен және сынған бөлшектің зауыт-әзірлеушісінен арбашықтың құйма бөлшектері сынуынан болған ақау жағдайы туралы ақпарат;

2) зауыт-әзірлеуші және зауыт-әзірлеуші орналасқан аумақтағы теміржол әкімшілігінен, қажет болған жағдайда достастыққа қатысушылар мемлекеттердің Темір жол Кеңесі дирекциясынан сынған бөлшекпен бір балқымада болған құйма бөлшектер туралы ақпаратты;

3) зауыт-әзірлеушімен бірлесіп? сынған бөлшектердің құйма бөлшектерінің болатына сараптама ұйымдастыру және қабылдау, қажет болға жағдайда, сынған бөлшекпен бір балқымада болған бөлшекті толық ауыстыру немесе аумағында сыну болған темір жол әкімшілігі және зауыт әзірлеушіден осындай қорытынды алу;

4) зауыт әзірлеушіден сапасыз өнімді кері қайтарып алу, оны тексеру тәртібі, ауыстыру және жеке меншік вагон иелеріне белгіленген рәсімді орындауға шығындарды өтеу туралы ресми хабарлама алу;

5) АБД ПВ базасы бойынша сынған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған ҚР вагон иелерінің нөмірлерін анықтау;

6) вагондардың саны және өндіру қуаттылығынан шығатын бөлшектерді тексеру және ауыстырумен байланысты жұмыстарды жүргізу мерзімдерін анықтау;

7) қауіпсіздікті бұзушылықтың мүмкін себептерін анықтау және жою бойынша қажетті құжаттарды дайындап, уәкілетті органға жолдау;

8) қабылданған шаралардың орындалуын вагон иелерімен бірлесіп ұйымдастыру қажет.

Ұлттық инфрақұрылым операторы бекітілген іс-шаралардың орындалуына жауаптыларды тағайындайды және вагон иелеріне хабарлайды.

58. Тасымалдау процесіне қатысушы ұйымдардың бірінші басшылары қауіпсіздік бұзушылықтарының алып келген бастапқы есепке алынуын жүргізу және олардың жіктелуі және олардың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.

59. Көлік оқиғасына алып келген қауіпсіздік бұзушылықтары оқиғаларының дұрыс сыныптамауы анықталған кезде уәкілетті орган осы көлік оқиғаларын қайта сыныптауды жүзеге асырады.

Уәкілетті органның көлік оқиғаларын сыныптауды барлық тасымалдау процесіне қатысушылардың есепке алуы үшін міндетті болып табылады.

60. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының бірнеше оқиғалары бір мезгілде болған кезде анағұрлым ауыр салдарға алып келген бұзушылық есепке алынуы тиіс.

61. Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген көлік оқиғаларына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтары туралы ақпарат тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері және меншік нысанына қарамастан, теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалар көліктегі уәкілетті органның мемлекеттік көліктік бақылау органының орталық аппаратына және/немесе аумақтық органдарына жедел тәртіппен бір тәуліктен кешіктірмей, ал поездар мен жылжымалы құрамның соқтығысуы, жолдан шығып кетуі жағдайларында оқиға болған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ұсынады.
«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне

1-қосымша


________________________________________________

(уәкілетті органның атауы)


Қауіпсіздік сертификаты
№ ____

____________________________________________________ берілді.

(сертификат берілген теміржол көлігіндегі тасымалдау процесіне қатысушының деректемелері)

Жарамды болу


мерзімінің аяқталуы:______________________________________________
Тасымалдау процесіне қатысушының атауы: ________________
Тасымалдау процесіне қатысушының заңды мекен жайы: ____________
Телефон:___________
Факс:_______________
E-mail:_______________
Байланысу ақпараты:____________
Осы сертификат тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесі теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес екендігін растайды.
Уәкілетті органның басшысы

немесе ол уәкілеттік берген адам ______________________ М.0. _________

(Т.А.Ә., қолы)
Берілген күні 20___ жылғы «____» _______
Ескертпелер:

1. Осы сертификат Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінде көзделген жағдайларда тоқтатуға немесе кері шақыртып алуға жатады.

2. Сертификат жоғалған (зақымдалған) кезде алушы сертификаттың жоғалу (зақымдалу) себебін көрсете отырып уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.
«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне

2-қосымша


Бекітемін __________________ (лауазым атауы)

__________________ қолын толық жазу

(қолы)

Күні
Қауіпсіздікті басқару жүйесінің (теміржол көлігінде)



аудитіне жүргізудің ___ жылға арналған

жоспары
Аудит жүргізудің мақсаты:___________________________________________


Күні


Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесіне қатысушының деректемелері

Ескертпе


















«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне

3-қосымша
Бекітемін __________________ (лауазым атауы)

__________________ қолын толық жазу

(қолы)

Күні
Тасымалдау процесіне қатысушының



аудитін жүргізу туралы есеп

_____________________________________

(атауы)



Аудиттті жүргізу мерзімдері




Аудиттті жүргізу үшін негіздеме

____________ жылғы қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін жүргізу жоспары

Аудит мынадай құрамда жүргізілді:

бас аудитор: Т.А.Ә. (лауазымы)

аудит жөніндегі топтың басшысы: Т.А.Ә. (лауазымы)

аудиторлар: Т.А.Ә. (лауазымы)


1. Аудиттің мақсаты: _________________________________________

2. Аудит жыйыны бойынша қорытындылар ______________________________

3. Алдында болған аудиттің нәтижежері _________________________


Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің алдында болған аудитінің нәтижелерін аудиторлар қарады.

Тасымалдау процесіне қатысушы қауіпсіздікті басқару жүйесінің алдында болған аудитінің нәтижелерін жойды/жойған жоқ.

4. Анықталған сәйкессіздіктер


№ сәйкессіздік

Тасымалдау процесіне қатысушының бөлімшесі

Бөлімшенің атауы

Орындалмай жатқан нормативтік құқықтық актінің тармағы:

нормативтік құқықтық актінің атауы және бабының, тармағының, тармақшасының нөмірі

Сәйкессіздік жайттары:






  1. Ұсынымдар

Тасымалдау процесіне қатысушының қызметін жақсарту үшін мынадай ұсынымдар берілді:

  1. ____

  2. ____

  3. ____




  1. Озық тәжірибе

Аудит нәтижесінде тасымалдау процесіне қатысушының қызметіндегі мынадай оң мысалдар белгіленді:

  1. ____

  2. ____

  3. ____

Бас аудитор ___________Т.А.Ә. 20__ жылғы_________

(қолы)

«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне



4-қосымша

Бекітемін __________________ (лауазым атауы)

__________________ қолын толық жазу

(қолы)


Күні

____________________________________________________________________

тасымалдау процесіне қатысушының немесе теміржол көлігінің қосалқы қызметінің атауы



қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті барысында айқындалған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-шараларының жоспары


Сәйкессіздік (аудит жүргізу туралы есепке сәйкес)



Тасымалдау процесіне қатысушының атауы




ҚР нормативтік құқықтық актісінің тармағы




Сәйкессіздік жайттары (аудит жүргізу туралы есепке сәйкес)




Сәйкессіздік себептерін талдау (сәйкессіздіктер бойынша себептерін талдау жүргізілмейді)




Түзету іс-қимылдары

Жауапты:

Мерзімі:

Іс-шара:

Аяқталу нысаны:


«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережесіне



5-қосымша

Сәйкессіздіктер тізілімі



Күні

Тасымалдау процесіне қатысушы /басшысының Т.А.Ә.


Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актінің тармағы

Сәйкессіздіктің тұжырым-дамасы

Сәйкессіздікті жою туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6





















____________________________________________________».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет