Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына арналады


(№104) 29/ХІІ – 1928 г. ПОКАЗАНИЯ ГОСПОДИНА № 8 АУЛА НАРУЗУМСКОГО РАЙОНА А.БЕГЖАНОВА К ДОПОЛНЕНИЮ ПОКАЗАНИЙ ОТ 29/ХІІ – 1929 г



бет34/36
Дата25.02.2016
өлшемі2.69 Mb.
#21355
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

(№104) 29/ХІІ – 1928 г. ПОКАЗАНИЯ ГОСПОДИНА № 8 АУЛА НАРУЗУМСКОГО РАЙОНА А.БЕГЖАНОВА К ДОПОЛНЕНИЮ ПОКАЗАНИЙ ОТ 29/ХІІ – 1929 г.



Я в дополнение ранее данного мной показания в отношении А.Дулатова изложу следующее:

А.Дулатов при Алаш-Орде является одним из активнейших участников, кровопийц и инициатором расстрела бедняков. Всем известный его брат М.Дулатов является ярым врагом советской власти, таким же врагом является для совесткой власти А.Дулатов. М. Дулатов, являясь главой Алаш-Ординской партии в 1928 году, проявлял свою политическую деятельность, безвинно казнив и расстреляв бедняков.

Например в 1918 году во главе с Аскаром и Миржакупом Дулатовыми и их приспешниками аксакалами и баями № 8-10 аула: Бримагамбетом Булековым, Сеитом Суйменбаевым и др. через Мурзагазы Испулова обманули прибывших из Кызылорды красных из отряда Тарана 18 человек, всех казнили в доме Бримагамбета Булекова. После этого с розыском этих 18-ти человек приезжал отряд Джангильдина, они нашли только место казни (ямы), а трупов не нашли, а летом выяснилось, что Алаш-Ординцы сразу же после казни трупы утопили в озере» (19 стр.).

< Бұдан кейін жауап бергендер:

Бекжанов Абайдильда – 47 жаста, 7 жан бар, көрсетіндісі араб қарпімен жазылған. 1916 ж. көтеріліске қатысқан, 1918-1919 жж. ақтармен соғысқан.

Сатбаев Дүйсен атты «кедей, күң, құлдан» (істе солай жазылған) арыз алынған. Іске тартылғандардың барлығы бірнің үстінен бірі арыз жазған. Бірте-бірте тергеу «Алашордаға» қарай ойысады. 293-бетте «Арест 16 баев» деген мақала мен «Қазақ» газетінен қиынды бар. «Ауыл» газетіндегі «Алаш» туралы мақала да ске тігілген. Мұнда (№ 520 от 11 апреля 1929 года): «Алаш-Ордашылар» Амангелді Имановты өлтірді, – деген (369-бетте). Авторы – «Жаңа торғайлық».

Карпыков Имангали, 36 лет, «Арғын». «Алаш-Ордаға» қатысқан. 1918 жылы март айының басында «Алаш Орда» жас ағы Майқара ауданына келді, онда Мадиярдың, Шымболаттың, Өтейдің тобы тұрады. Бастап келгендер: Испулов Мырзағазы, Байтұрсынов Ахметт, Дулатов Міржақып, Мұзафар Касымов (офицер), Каратілеуов, молла – Әбдріахман Муртазин, Теміров Абдулла, Сейдалин Қырымкерей және басқалар. 200 жасағы бар. Елден әскер жиды. Үгіттеген Міржақып Дулатов. Олар ақ та, қызыл да емес, қазақ керек деді. Мен де сонда қосылдым. Таран әскерінің қалдығын Испулов М. атқызды. А.Қасымов көмгізді. Ең үлкен қаралау осыТ.Ж. >.

*** *** ***

(№105) ОБВИНИТЕЛЬНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ



По следующему делу № 3 по обвинению баев и бывших волостных управителей Дулатова, Туйсымбекова, Болтурукова, Барлыбаева, Журакова и Сатбаева Исмагамбетов, Муратова, Испулова Есенбая, Тлеубаева

Заключение

рассмотрев дело по обвинению граждан Наурзумского района. 1. Дулатова Аскара. 2. Туйгымбекова Дюсена. 3 Болтурукова Оспана, 4. Тлеулиева Нахипа. 5. Уразбекова Абдуллы 6. Кенчинбаева Дархана 7. Журканова Кулахмета. 8. Барлыбаева Жанахмета. 9. Исмагамбетова Темержана. 10. Испулова Дюсенбая. 11. Муратова Т. и 12. Сатбаева Ибрагима, считаю, что обвинительное заключение отвечает обстоятельствам дела.

Соглашаясь с обвинительным заключением и принимая во внимание, что обвиняемые, пользуясь условиями отсталости казахского аула и родовыми пережитками, систематически из года в год на протяжении двенадцати лет Октябрьской революции своими действиями тормозили развитие советской общественности в ауле и проведение мероприятий по освобождению казахской бедноты от экономической зависимости от байства, считаю необходимым это дело направить в Комитет ОГПУ для рассмотрения во внесудебном порядке.

Кустокрпрокурор – А.Бездетко (380стр.).

*** *** ***

<Ү томның соңы >.

ТҮСІНІКТЕР
Бірінші бөлім: басылымға кіріспе құжаттар
(№1) 1988 жылғы 4 қарашадағы Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімі. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқасының мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Жиыны 14 томдық тергеу iсiнiң егжей-тегжейiн зерделей тексерiп, барлық куәлардың шағымдарымен танысып, тергеу тарапынан өрескел бұрмалаушылық пен заңсыздықтардың жол берiлгенiн анықтады. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталған.

(№2) 1988 жылғы 4 қарашадағы Қазақ КСР Жоғары сотының анықтамасы. 1988 жылы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сұрау салуы бойынша Қазақ ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов «Алашорда» қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ КСР Жоғарғы сотына жасаған ұсыныс жасады. Осыған орай председатель Т. К. Айтмұхамбетов, коллегия мүшелеріВ. Л. Грабарник пен К. Т. Кенжебаев Қазақ КСР Жоғары сотының анықтамасы.

(№3) Председателю Президиума Верховного Совета Союза СССР Клименту Ефремовичу Ворошилову. Ақын, жазушы-философ Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) ұрпағы Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің 1957 жылдың 20 тамызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Председателі К.Е. Ворошиловқа істі ақиқат тексеру және ақын есімінің ақталуы туралы жазған өтініші.

(№4) ЦК КП Казахстана товарищу Рахманову А. Қазақстан КП ОК-нің сұрауы бойынша Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма хатшысы Ғ.Мүсірепов қол қойған анықтама.

(№5) Письмо директора казахского филиала ИМЛ Б.Тулепбаева в ЦК КПСС «О лицах, упоминаемых в письме Л.Д.Кудериной». Алаш қайраткерлерінің ісі 1987 жылдың ақпан – сәуір айларында Қазақ ССР Жоғарғы сотында құпия түрде қаралды. М.Күдериннің қызы Л.М.Күдерина Қазақ КСР Жоғарғы сотына әкесін ақтау туралы өтініш жазды. 1987 жылдың 23 желтоқсанында Л.М.Күдеринаның хатында аттары аталған Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев туралы МЛИ-ның Қазақстандағы бөлімшесінің директоры Б. Төлепбаевтың КОКП ОК-не жолдаған «құпия» хаты.

(№6) Заявление Ш.А.Байтурсыновой «В Политбюро Центрального комитета КПСС». Шолпан Ахметқызы Байсалова-Байтұрсынованың (тегі бойынша Байтұрсынова Шолпан Ахметқызы) қазақтың аса ірі ғалым-лингвисі, ақын-ағартушысы және аудармашы, әкесі Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсыновтың ісін қайта қарауларын өтініп КОКП Орталық Комитетінің саясибюросына 1988 жылдың 15 мамырында Алматы қаласынан жолдаған хаты.

(№7,8) Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссиясының қорытындысы. ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында Қазақстан Коммунистік партиясынаның Орталық Комитеті Алаш зиялыларының шығармашылығына қатысты тарихи шындықты толық көлемде қалпына келтіру мен уақытша адасуларын сын тұрғыдан қарап зерделеу қажеттігін мойындады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы республикалық «Егеменді Қазақстан» газетінің 1988 жылдың 28 желтоқсанындағы санында жарияланды.

(№9) Шырмалған шындық немесе бiр тергеудiң тарихы. Жазушы-ғалым Т. Жұртбаевтың Сот шешімінің «Анықтамасына» негізделіп, алаш арыстарының не үшін жазықсыз жазаға ұшырағанын түсіндіру мақсатында жазылып, «Өркен» газетінің 1989 жылғы 29 мамыр – 17 маусым аралығындағы №№ 22, 23, 24 сандарында басылған мақаласы

(10) Шырмалған шындық. Жазушы-ғалым Т. Жұртбаевтың студенттердің «Өркен» газетінің 1989 жылғы 29 мамыр – 17 маусым аралығындағы №№ 22, 23, 24 сандарында шыққан «Шырмалған шындық» атты мақаласында Ахмет Байтұрсыновтың 1937 жылы ұсталып, атылуына себепші болған адамның бірі ретінде Ғайнижамал Қабдалиеваның есімі аталады. Осы адамның әңгімесі «Өркен» газетінің 1989 жылғы 18 қарашадағы санында жарияланды.

(11) Особенная часть УК РСФСР (редакция 1926 года). РСФСР Кеңестердің ІХ съезінің 3 сессиясында 1922 жылы 26 мамырда алғаш рет қабылданған кеңестік Қылмыстық кодексінен кейін, 1926 жылы 22 қарашада «Уголовный кодекс РСФСР редакции 1926 года» деп аталып келген құжат. 1927 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген.

(12) Закон Российской Федерации «О реабилитации жертв политических репрессий» с изменениями и дополнениями, внесенными Законами Российской Федерации от 26.06.92 г., 22.12.92 г. и 03.09.93 г. .За годы Советской власти миллионы людей стали жертвами произвола тоталитарного государства, подверглись репрессиям за политические и религиозные убеждения, по социальным, национальным и иным признакам.Закон Российской Федерации «О реабилитации жертв политических репрессий»является реабилитация всех жертв политических репрессий, подвергнутых таковым на территории Российской Федерации с 25 октября (7 ноября) 1917 года, восстановление их в гражданских правах, устранение иных последствий произвола и обеспечение посильной в настоящее время компенсации материального ущерба.

(№13)Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi № 2200 Заңы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында 1993 жылдың 14 сәуiрінде(№ 2200) қабылданған «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңы.

(№14) Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң қаулысы
Екінші бөлім: «Алашорда» бағдарламасы мен «мүлде құпия» құжаттар
(№15) Министрлер кеңесіне, атқарушы билік төрағасына Құзырхат. 1905 жылдың 25-26 маусым күндері Қоянды жәрменкесінде жазылып, Ресей патшасының атына жеделхат түрінде 1905 жылғы 22-шілдеде жіберілген құзырхаттың түпнұсқаның орыс тілінен аудармасы.

(№16) Ұлы мәртебелі император ағзамға құзырхат. «Қарқаралы петициясы» деп аталып жүрген құжат жалғыз ғана емес. Құзырхаттың әрқайсысы өзінше бөлек, дербес мазмұнда жазылып, Ресей Императорына, Министрлер Кеңесінің төрағасына, ішкі істер министріне жолдаған жеке-жеке саяси мәлімдемелер. Болашақ «Алаш» саяси партиясының бағдарламалық негізі болып табылатын бұл Құзырхаттарда (Петицияларда) негізінен ождан бостандығы, дін және жер мәселесі ерекше көтерілген. Патша Ағзамға қаратыла жазылған петиция.

(№17) О студ. Военно-медицинской академии Халел Досмухамедович Досмухамедова.

Студент кезінен «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне ма­қа­лалар жазып, ел ішінде үгіт-насихат таратқан Халел Досмұхамедовтің мұрағаттан алынған хаты. Хат Ғұбайдолла Бердиевке 1904 жылдың 7 қазанында С-Петербургтен жазылған. Онда алаш зиялыларының Жапония сияқты ұлттық–демократиялық мемлекет құру идеясы туралы ой айтылады.



(№18) Письмо Букейханова Алихана А.М.Колюбакину 20 февраля 1906 г. Мәскеудің әскери-тарихи мұрағатының 563 қорындағы Әлихан Бөкейхановтың хаты. 1906 жылдың 20 ақпанында Александр Михайлович Колюбакинен өзінің басынан өткен қиындық баяндалған 14 бет хатты “Нашей жизни” және басқа газеттерге басуын сұраған.

Ә.Бөкейханов мақала-хатты заңсыз жолмен жіберіп отырғандығын, хаттарыныңтексерілетінін, тіркелетінін, сондықтан хатты тікелей өз атына емес медицина фельдшері Аманбай Шегіровтің атына жолдауын ескерткен.

(№19) Киргизский поэт [О А.Байтурсынове]. Оқыған, батыл да ойшыл ел ішінде беделді Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі А. Байтұрсыновқа полиция тыңшылары жала жабуып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша 1909жылдың1 шілдесінде Семей абақтысына алынады. Ондасотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ8ай бойы отырады. Осыған орай Қарқаралы қаласының тұрғыны Максут Бекметовтың 1909 жылдың 6 желтоқсанында Орынбор өлкесінен Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен қызметі туралы жазбасы.

(№20) Его превосходительству господину губернатору Семипалатинской области губернского секретаря – кибитковладельца №6 аула, Нарынского волости, Зайсанского уезда Отунчи Альджанова объяснение. Көкпекті 2-кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі, сонымен қатар Өскемен, Зай­сан уездеріндегі қазақ мек­тептеріне басшылық жұмысты қатар атқарып жүрген Отыншы Әлжанов қазақтардың мұң-мұқта­жын жоқтап, оларға нақты көмек беруге, заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға күш салады. Осы іс-әрекеті үшін оның соңына түсіп, саяси кінә таққандар болды. Ұсынылып отырған осы айыптауға байланысты Отыншы Әлжановтың 1908 жылдың 4 тамызында Көкпекті қаласынан жазған Түсініктемесі.

(№21) Его высокопревосходительству господину степному генерал-губернатору. Отыншы Әлжановтың1909 жылдың 24 тамызында Семей қаласынан генерал-губернатордың атына өзінің саяси тұрғыдан айыптаулармен келіспейтіндігін айтып жазғанхаты

(№22) Попечителю западного-сибирского учебного округа. Батыс-сібір оқу округына Семей Губернаторының атынан ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеуніктің Отыншы Әлжановтың қызметі туралы берген ақпараты.

(№23). «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы. Проект программа партии «Алаш». 1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасы басылды. Онда: Ресей демократиялық федерация болып жариялануы, Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру, халықтар арасында тең құқықтық орнату, дн, дінді мемлекеттен бөліп шығару; елдегі билік және сот, елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру, халықтың табысына қарай салық салу, жұмысшылар, ғылым және білім, жер мәселесі туралы айтылды. Қазақ зиялылары мақсатқа жету үшін «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші Қазақ съезінде 10 бөліммнен тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді.

(№24) Проект программа партии «Алаш»

(№25)Телеграмма из Семипалатинска. Срочно в Москву. Жетісу облыстық қазақ съездерін ұйымдас­тыруға қатысып, автономия қамымен мили­ция жасақтамақ болып жүр­генде большевиктер тарапы­нан О.Әлжанов, Ы.Жайнақов, С.Саба­таев тұтқындалады. Алаш қозғалысының көр­некті жетекшілерінің бірі Халел Ғаббасов осы мәселеге байланысты Мәскеудегі Кеңес өкіметінің алдына мәселе қойып, О.Әлжанов, С.Сабатаев, Ы. Жайнақовты тұтқыннан босату туралы жолдаған жедел телеграммасы.

(№26)Телеграмма в Омск из Зайсана 29.VІ.1918. Большевиктердің Жетісу өлкесін ойрандап, Үржарға жақындағын айтып, көмек сұрап Әскери атаманға жолдаған құтқару комитетінің мүшелері Әлжанов пен Сүменновтың телеграммасы.

(№27) В Семипалатинскую областную земскую управу (от) вдовы Альдии Алъджановой прошение. О.Әлжанов 1918 жылдың 21 тамызында Науалы қыстағында қызыл партизандармен қақтығы­ста ерлікпен қаза тапқан болатын. Оның жесірі Әлдия Әлжанованың 1918 жылдың 17 қыркүйегінде көмек сұрап жазған өтініші. Соңына Әлдия Әлжанова мен Отыншы Әлжановтың ұлы Мұқаш Әлжанов қол қойған.
(№28) На оснований постановления Всероссийского Центрального Комитета. Жалпыресейлік Орталық Комитетінің 1919 жылдың 4 сәуіріндегі Қаулысы негізінде БОАК Президиумының бұрынғы Алашорда үкіметінің мүшелерін кеңес жұмысына тарту және өткендегі қызметіне байланысты қуғындауды тоқтату жөнінде жасаған ұсынысы.

(№29) О назначении. 1919 жылдың 4 шілдесіндегі ХКК қаулысына сәйкес В.И.Ленин С. С. Пестковскийді председатель, С. Мендешев, Б. Қаратаев, А. Байтұрсынов, М. Тунғанчин, В.Л.Лукашев, А.Т.Жангелдинді Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитет мүшелеріетіп тағайындау жөніндегі мандатқа қол қойды.

(№30) Ахмет Байтурсынов.Революция и киргизы (казахи). Оқыған, батыл да ойшыл ел ішінде беделді Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі А. Байтұрсыновқа полиция тыңшылары жала жабуып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша 1909жылдың1 шілдесінде Семей абақтысына алынады. Ондасотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ8ай бойы отырады. Осыған орай Қарқаралы қаласының тұрғыны Максут Бекметовтың 1909 жылдың 6 желтоқсанында Орынбор өлкесінен Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен қызметі туралы жазбасы.

(№31) Принимает в Кремле. 1919 жылдың желтоқсан айында Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитет председателі С. С. Пестаковский мен ӘРК мүшесі А. Байтұрсыновты өз өтініші бойынша қабылдады.

(№32) Бахытжан Каратаев. Из тюремного дневника. Бар ғұмырын халқының мүддесіне арнағанБақытжан Қаратаевтың артында «Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов» және басқа да құнды еңбектерімен қатар, күнделіктері қалғаны белгілі. Түрме күнделіктерінен үзінді «Горизонт» газетінің 1990 жылығы 6 қаңтардағы № 1 санынан алынды.

(№33) Да здравствует свободный союз свободных народов! (№) Да здравствует свободный союз свободных народов! 1919 жылдың 24 шілдесінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасыВ.И. Ленин Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери-төңкерістік комитеттің бірінші жауапты орынбасары және ішкі істер бөлімінің меңгерушісі етіп А.Байтұрсыновты бекітті. Осы кезден А. Байтұрсыновтың Кеңес үкіметі тұсындағы қызметі басталды. А. Байтұрсынов өзіне берілген құқықтарды пайдалана отырып, қазақ өлкесінде жүріп жатқан Азамат соғысын тоқтатуға, Қазақ Автономиялы Кеңестік республиканың шекараларын анықтауға, оның әкімшілік аймақтық құрылымы мен оқу-ағарту жүйесін қалыптастыруға, өлкедегі басқа да мәселелерді қазақтың оқыған зиялы азаматтарын комитетке тарту арқылы шешуге күш салды. 1920 жылдың сәуірінде Ресей коммунистік партиясы мүшелігіне өтуге өтініш жасады.

(34) Ликвидация правительства «Алаш-орды». Выписка из протокола №10 заседания Военно-революционного комитета по управлению киргизским краем от 5-го марта 1920 г. (№) Выписка из протокола №10 заседания Военно-революционного комитета по управлению киргизским краем от 5-го марта 1920 г. Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару әскери-революциялық комитеті мәжілісінің 1920 жылдың 5 наурызындағы №10 хаттамасы шешімімен «Алаш автономиясының батыс бөлігі» таратылды. Ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталған Алаш автономиясының батыс бөлігі 1918 жылы 11 қыркүйекте Уфа мәжілісінің шешімімен құрылып, төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды.Алашорданың Батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне коса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Закаспий облысы) аумағы кірді.



(№35) Встреча с Владимиром Ильичем Лениным в 1920 г. Алашорда үкіметінің мү­шесі, математика ғылымдарынан тұң­ғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермековтың естелігі. Әлімхан Ермеков Қырғыз (қазақ) әскери-революциялық комитетінің 1920 жылы 18 мамырдағы қаулысы бойынша жаңадан құрылмақшы Қазақ Автономиялы республикасы Қырғыз (қазақ) өлкесінің жалпы жағдайы және оның шекара мәселесі жөнінде баяндама жасау үшін 2043 санды мандатпен Мәскеуге жіберілген. Ол Қырғыз әскери ревкомының Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті жанындағы өкілділігі алқасының төрағасы болып бекітіліп, одан кейін БОАК Президиумының қаулысымен Қырғыз әскери ревкомы мүшелігінің құрамына енгізіледі. Мәскеуде жұмыс істеген 4 айдай уақыт ішінде В.И. Лениннің төрағалығымен өткен комиссияның мәжілісінде Қазақстанның жағдайы жөнінде баяндама жасап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын Астрахан облысынан алып, Қазақ Автономиялы республикасы шекарасына қосу туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданады.

(№36) Протокол совещания коммунистов-киргиз делегатов 2-го всекиргизского съезда советов 4-го сентября 1921 года. 1921 жылдың 4 қыркүйегінде өткен қырғыз (қазақ) коммунистері кеңесінің хаттамасы. Кеңеске Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губерниясынан барлығы 51 делегат қатысты.

(№37) в борьбе с голодом! (№) В борьбе с голодом! 1921 жылдың 10 желтоқсанында Жангелдиннің төрағалық етуімен өткен аштыққа қарсы күрес, жауапты қызметкерлерді мақсатқа сай пайдалану жөнінде өткен мәжілістің стенограмасынан. Мәжіліске Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Кенжин, Байтұрсынов, Байділдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игіліков, Қаржасов, Тұнғаншин,Біржаров,Оразбаева, Саматов, т.б. қатысқан.

(№38) Выписка из протокола №19. 1921 жылдың 15 желтоқсандағы Қырғыз (қазақ) Орталық Атқару Комитетінің жұмысшы, қырғыз (қазақ) еңбекші халқы, шаруа, қызыл әскер және казак депутаттары кеңесі мәжілісінің хаттамасы. Мәжілісте 1921 жылдың 10 желтоқсанындағы жауапты қызметкерлер Кеңесінің жұмысы тыңдалды.

(№39) Центральная комиссия по ликвидации последствий голода в кир.республике. (№41) Центральная комиссия по ликвидации последствий голода в Кир.республике. Қырғыз (қазақ) республикасындағы 1921-1922 жылғы ашаршылықтың салдарын жою туралы құжат. Мұнда Қырғыз (қазақ) республикасының шаруашылық-экономикалық ахуалына шолу жасалып, ашаршылықтың белгілері мен кең белең алуы талданған. Ашыққандарға көмек, оларды басқа аймақтарға көшіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу т.б. туралы мағұлмат беріліп, мал және егін шаруашылығын қалпына келтіру, ауыл шаруашылық кооперациясы, несие, өнеркәсіп, шаруашылықты қалпына келтіру шаралары жөнінен мәлімет берілген.

(№40) Қазақ қанша? Әлихан Бөкейхановтың 1914 – 1924 жылдар аралығындағы қазақ халқының санына салыстыра талдау жасаған мақаласы. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылдың 28 қазанындағы санында басылған.
Екінші бөлім: тергеудегі сұрақ-жауаптар
(№41) Протокол 1928 года, декабря 17 дня. 1928 жылдың 17 желтоқсанында Ермен аулында Дінше (Дінмұхамед) Әділов пен Байдоллаев Ағабекті «Кеңестерге қарсы жұмыс жүргізді» деген айыппен тұтқындау туралы хаттама.

(№4) Ескерту. 1928 жылдың 17 желтоқсанында толтырылған қағаздың келесі бетіндегі жазбада Дінше Әділев билік өкілдерінің өзіне мән-жайды түсіндірмегендігін ескерткен.

(№43) Протокол задержания. 1928 жылдың 17 желтоқсанында Ермен аулында Дінше (Дінмұхамед) Әділовпен бірге күдікті ретінде Байдоллаев Ағабектің тұтқындалғаны туралы жеке хаттама.

(№44) 1 стенограмма. Протокол допроса24/ХІІ-28 г. Дінше (Дінмұхамед) Әділовтың төрт жылға жуық созылған тергеу ісінің алғашқы кезеңінде, яғни 1928 жылдың 24 желтоқсанындасұрақтарға берген жауабының стенограммасы.

(№45) 2 стенограмма. Допрос Адилова. Продолжение. 27 декабря 1928 года. Дінше (Дінмұхамед) Әділовтың 1928 жылдың 27 желтоқсанындағы тергеу ісінің жалғасы, сұрақтарға берген жауаптарының 2 стенограммасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет