Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.
Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.
«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
1.Түсіндірме (интерпретация) – негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: «Қалай? Неліктен?» сұрақтарына жауап іздену, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетіңіздер»тапсырмаларын орындау.
2.Аударма (трансформация) – мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.
3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.
Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).
Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.
Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.
Талдаудың түрлері:
1. Негізін талдау;
2. Астарлы мағынаны ажырату;
3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;
1. Негізін тану – құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) – екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).
Мотивация — себептерді айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
Жинақтау /синтез/ Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлері:
1. Шығармашылық жанрлар;
2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;
Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.
Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.
Инсерт технологиясы бойынша алған білімдеріне талдау жасай отырып бағалау.
Не білдім?/ Не білгім келеді
Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері
Дағдылар Сипаттамасы
Білу Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету
Түсіну Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету
Қолдану Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану
Талдау Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу
Синтез Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету
Бағалау Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру
Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы
Ойлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі
Білу Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б
Түсіну Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Талдау Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б
Синтез Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару
Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына жетудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады. Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс- әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қоюы тиіс: — Бұл туралы не ойлайсыздар? — Сіздің топта не талқыланғаны туралы түсінік бере аласыз ба? Егер білім алушылар практикалық жұмыс орындаса, онда сұрақты әр тапсырма бойынша қоюға болады: — Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? — Сіздің ойыңызша бұдан әрі не болады? — Сіз бұл тапсырманы орындау барысында ерекше бірдеңені байқадыңыз ба? Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |