БҚО, Орал қаласы жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут Ж. Молдағалиев көшесі, №19 үй, №105 кабинет 2015 жылғы 26 тамыз



Дата25.02.2016
өлшемі34.67 Kb.
#21725
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсының қорытындылары туралы хаттама

БҚО, Орал қаласы жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут

Ж.Молдағалиев көшесі, №19 үй, №105 кабинет 2015 жылғы 26 тамыз



  1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: комиссия төрағасы Айтуев Азамат Жұмабайұлы - Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Мұхамбетов Мұрат Құсманұлы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы, комиссия мүшелері: Ашенова Ранида Рафхатқызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы, Рысқалиева Галина Сагидоллақызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, Абдолов Асхат Аманболатович - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; комиссия хатшысы Супығалиева Әсел Ахметқызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маман-заңгері әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға берілген өтінімдерді қарады.

2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома:

№1 «Студент жастардың әлеуетін дамыту бойынша шараларды ұйымдастыру» - 1 071 428 (Бір миллион жетпіс бір мың төрт жүз жиырма сегіз ) теңге, 57 тиын;

№2 «Батыс Қазақстан облысында жастар интернет-телеарнасының жұмысын ұйымдастыру» - 1 339 285 (Бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге, 71 тиын;

3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:



4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері: болған жоқ.

5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:



    • «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі

    • «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі

ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі:

№1 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 071 000 (Бір миллион жетпіс бір мың) теңге;



«БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі:

№2 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 339 000 (Бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың) теңге;

6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады: болған жоқ.

Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

6.1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдері жеңімпаз болып танылсын:

1 лот бойынша – «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі (ҚР, БҚО, Орал қ., Қ.Аманжолов көш., 133 үй, 22 пәт., 8 7112 513531);

2 лот бойынша – «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі (ҚР, БҚО, Орал қ., Жамбыл көш., 40 үй, п.13, тел. 8 702 11126 27);

2. Тапсырыс беруші – «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ҚР, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көшесі, 19-үй, 105-кабинет, 2015 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоса алғандағы мерзімде мыналармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын:


    • 1 лот бойынша – «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі

    • 2 лот бойынша- «БҚО Жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігі

3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 26 тамыздағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін http://zhastar-bko.gov.kz/ интернет-ресурсына орналастырсын.   

Осы шешімге дауыс бергендер:

ЖАҚТАУШЫ – 5 (бес) дауыс (А.Ж.Айтуев, М.Қ.Мұхамбетов, Р.Р.Ашенова, Г.С.Рыскалиева, А.Абдолов);

ҚАРСЫ – 0 (нөл) дауыс.





_______________________Р.Ашенова'>____________________________А.Айтуев'>Комиссия төрағасы



____________________



А.Айтуев

Комиссия төрағасының орынбасары


_____________________


М.Мұхамбетов


Комиссия мүшелері:









_____________________

Р.Ашенова





_____________________

Г.Рысқалиева





_____________________

А.Абдолов


Хатшы:

_____________________


Ә.Супығалиева




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет