Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялар кафедрасы
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Философия
БӨЖ
Қазақ философиясы
Орындаған: (ППМ111-тобының студенті)
Сейсен Назкен
Қабылдаған: Абжалов С. Досалиев Т.
Жоспар:
Кіріспе:
1. Аристотельдің өмірбаяны.
2. Аристотельдің философиялық еңбектері.
3. Аристотельдің таным теориясы.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Аристотель (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтанутуралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айптау жасады. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады
Аристотельдің философиялық еңбектері.
Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Я, Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты.
Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейтесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша кұрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса, Аристотель бүған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғавда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді.Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық, адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығьшан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті, қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс, екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша, "идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік затгарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар "идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.
Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".
Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді.
Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.
Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.
Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды.
Біз Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дөл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін ашып тастады емес пе?
Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына мәселені шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.
Аристотельдің таным теориясы.
Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және
шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді?
Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.
Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін.
Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады.
Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікгі сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.
Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады.
Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға бол-майды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.
Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. Тегі осы "соңғы материя" мен "бірінші материяның" байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп беретін болғаны.
Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған "материя" мен "форма", яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.
Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында құн ұғымының болмауы Аристотельдің қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе? Ендеше, Аристотель материядан формаға, мүмкіндікген шындыққа өту адам қызметінің нәтижесі деп көрсетсе, оның не артықтығы бар? Дегенмен, Аристотель тауар құнының формасында еңбекгің барлық турлері бірдей бар екенін аша алмаған. Яғни, басқаша тілмен айтқанда, тауар құндарының формасында еңбектің барлық түрлері бірдей және демек, бір-біріне тең адам еңбегі болатындығын Аристотель құн формасының өзінен шығара алмады, өйткені грек қоғамы құл еңбегіне негізделген-ді, демек, бұл кемшіліктің табиғи негізі адамдардың және олардың жұмыс күштерінің теңсіздігінде жатыр еді. Еңбекгің барлық түрлері тең және бірдей. Өйткені олар жалпы адам еңбегі болып табылады, құн көрінісінің бұл жасырын сыры адам тендігінің идеясы халық сезімівде тұрақты орын алған кезде ғана ашылуы мүмкін еді. Ал мұның өзі тауар формасы еңбек өнімінің жалпы формасына айналған қоғамда, демек, тауар иелері ретіндегі адамдардың өзара қатынасы үстемдік етуші қоғамдық қатынас болып табылатын кезде ғана мүмкін болады. Аристотельдің данышпандығы дәл мынадан көрінеді: тауар құнының көрінісінен ол теңдік қатынасын ашады. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи өрісінің тарлығы ғана бүл теңдік қатынасының мәні "шындығында" дәл неде екенін ашуға оған кедергі болды.
Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы көптеген философтардың ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой. Материяның формаға айналуы, мүмкіндіктің шындық болып жүзеге асуы белгілі бір тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Адамдардың практикалық, өндірістік қызметі белгілі бір жағдайдағы материяны, субстратты қоғамға қажетгі аса бір қүнды формаға айналдырып, заттың белгілі бір кезеңдегі табиғи, жаратылыстық негізін өзгертіп қана қоймай, оның бойындағы жасырын сырын да қоғамдық негізде кеңінен аша түседі. Қоғамдық адамдардың практикалық қызметінің әсерінен материя, тіпті, ғажап түрде өзгеріп, ол жаңа бейнеге, формаға ие болады. Мұндай құдіретті тудыратын заттың өзіне ғана тән физикалық, химиялық, биологиялық өзгешеліктері ғана емес, оның басты себебі адамдардың қоғаладық шығармашылық еңбегінде жатыр. Түрленіп, ерекше қасиеггерге ие болған форма да, өзінің белсенділігінің арқасында, материяның қозғалысы мен дамуына жаңадан жол ашып, бағыт сілтейді. Материя мен форманың бірлігі тек адамдардың қоғамдық материалдық қызметінің шығармашылық дамуының нәтижесінде ғана айрықша көрінеді. Сонымен, материя мен форма өздерінің мәнін тек қоғамдық материаддық практикалық негізде ғана табады. Ендеше, тек материяны әлде форманы асыра дәріптеу екі жақты, кейде тіпті шешілмейтін қайшылыққа алып келеді. Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік — ол Платонның философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен форманы біріктіре, өзара тығыз байланыстыра қарамайьшша дүниенің (табигат пен қоғамның) негізін аша алмаған болар еді. Сондықтан Аристотель Платонның тар өрістілігін ғылым саласымен жете айналыса отырып аңғарды.
Әрине, мұның өзі Аристотельді шындыққа қарай жақындата түскенімен, табиғат пен қоғамдағы қайшылықтарды шеше алмады. Сондықтан болар, ол кейін осы көзқарасынан ауытқын, басқа жолға түсті. Себебі Аристотель өзінің ұстазы Платонды ұғым мен идеяны асыра дәріптегені үшін сынға алып, біраз мәселелердің басын ашьш, ғылымды жалпының үстемдігінен босатып алып шыққанымен, өзінің жүйесін жасауда қайтадан шешілмейтін қайшылыққа ұрынды. Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды. Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса, материяның ешбір маңызы да жоқ болып шығады. Міне, осы көзқарас Платонның идеясына, яғни оның идеяны асыра дәріптеген процесіне қайта алып келеді.
Аристотельдің даналығы — ол ешкім байыбына барып шеше алмаған философиялық мәселені шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы басқа қатынастардың мәнін ашады.
Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуге жол ашу.
Екінші жағынан, көздің өзінің негізгі қызметі түп тамырымен өзгеріп, тек құмартудың, нәпсінің дамуына жол ашып, дүниеге тоймайтын, ешбір тойымсыз кезге айналу.
Ендеше көз бен ақылдың, көз бен парасаттылықтың арасында диалектикалық байланыс бар. Өйткені бірінші — көз сезімділік танымының алғашқы сатылары қабылдау мен елестетудің формаларына кеңінен қызмет атқарса, екіншісінде көз арқылы рационалды танымның биік сатысына жол ашылады.
Көптеген адамдар, жалпы адамзат үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы — Ескендір (яғни Александр Македонский) үшін де бас сүйек тек қана зат, жансыз дененің бір мүшесі. Оның ешқандай мәні жоқ. Олай болса қақпадан бұған қарай лақтырып тастаған бас сүйек үңірейген көздің бейнесімен мұны қорлауға арналған сияқты болып көрінеді. Ескендірдің қаһарлы ашуын, мәселенің мәнін түсінбегендігін, даньшшан Аристотель байыппен, сабырлы түрде айқындап берді.
Бас сүйек бір қарағанда ғана зат, материя, ешбір мәні жоқ, қураған нәрсе. Ал енді оның адамдардың қолына тиюі, адамдық қатынасқа түсуі жаңа бір ойдың түйінін аша бастады.
Бұл жай бас емес, Абайдың тілімен айтқанда "кәпір" дүниеге араны ашылған көз, дүние байлыққа тоймайтынкөз.
Ендеше Аристагельдің диалекгикалық көзқарасы бойынша қу бас біресе материя, зат, ешбір бағасыз бірдеңе, ал, екінші жағынан, ол адамдар арасындағы қатынаста формаға айналып, белгілі бір менге ие болады...
Достарыңызбен бөлісу: |