Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Математика кафедрасы
Бөж
Пәні: Философия
Қабылдаған :Оналбеков А Орындаған : Андасова М
Тобы : ЖИА-211
Жоспар
Кіріспе
Үнді философиясындағы адам мәселесі
Үнді мифологиясының негізгі қағидалары
Буддизм
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Үнді философиясындағы адам мәселесі
Кіріспе
Көне үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар(өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты ж/е өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.
Үнді философиясында адам табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын (карма адамның тағдырын құрайтын жан-дүние) анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға (құтылу) сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.
Үнді мифологиясының негізгі қағидалары:
Джайнизм философиясы. Джайнизм (Джина жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған. Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу нирджара, жанның денеден құтылуы босау. Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі святвада (свят белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Джайнизмнің “үш маржаны², - ол дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:1.Апариграха дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; 2.Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту; 3.Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу; 4.Ахимса ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар. Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |