Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Философияның бағыттары мен әдістері
Қабылдаған: Шадинова Гүлзира
Орындаған: Зұлғар Лаура
Тобы: ЖМА-911
Түркістан- 2021 жыл
Философияның бағыттары мен әдістері
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Философияның эволюциялық дамуы
б) Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары
в) Философияның әдістері
г) Философия функциясы
д) Философия әдіснамасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиетер тізімі
Философияның бағыттары мен әдістері
Кіріспе
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Достарыңызбен бөлісу: |