Философияның эволюциялық дамуы
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
•Мифология
•Дін.
•Философия.
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
•Әлем, жер және адамның пайда болуы;
•Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
-Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
-Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.
-космоцентризм;
-теоцентризм;
-антропоцентризм;
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).
Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары
Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы – оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта , адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.
Материя мен сана –болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?
Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
Объективті идеализм
субъективті идеализм
материализм
аналты материализм
дуализм
деизм
Гнесеологиялық жақ – ол дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ? , таным процесінде не бірінші турады ? деген сұрақтарға жауап бере алады.
Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
Гностицизм
Агноцтстизм
Эмпиризм инсуализм
Рационализм
Енді олардың әрқайсына тоқталып анықтама берсек:
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағы :
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар:
Материализм Демокрит сызығы материя мен сана қатынасында материя бірінші болып табылатындығын көрсеткен философия бағыты .
Негізгі жағдайлары :
Материя нақты бар. Материя санаға тәуелсіз өмір сүреді. Материя өз бетінше субстанция болып табылады. Материя өзінің ішкі заңдылығымен дамиды, өмір сүреді. Сана рух материяның өзін өзі көрсетуінің жоғары деңгейде ұйымдасқан құрамы .Сана тәуелсіз субстанция емес. Сана материямен болымыспен анықталады.
Ерекшеліктері:
Материалистік бағыттарға Демокрит, Фалес, Анаксимандр Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро және басқа да француздық материалистері Герцек, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин .Материяның күшті жақтары ғылымға жүгіну, әсіресе нақты ғылымдарға (физика, математика, химия) Материализмнің әлсіз жағы материалық көз қарасы жағынан түсіндіруге қиын қоршаған ортаның құбылыстарының болуы, сананың мәнін жеткілікті түсіндірмеу.Материализмде ерекше бағыт анаиы материализм айрықшаланады. Оның қайраткерлері (Фохт, Молешотт) материяны физика математика, химия механика жағынан зерттейді.Материализм демократтық Грецияда, XYII Англияда XYII , ХХ СССР да тараған .Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар.
Идеализм (Плотон сызығы ) жақтастары материямен сананың қатынасында, бірінші сана (ой, рух) тұрады деген, философиядағы бағыты.Идиализмдегі жекеше бағыттар. Объективті идеализм (Плотон, Лейбниц, Гегель )
Негізгі жағдайлар :
Ой ғана нақты өмір сүреді.Ой бірінші Барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді. Ой әлемі алғашында әлемдік ақылда болады.Заттар әлемі материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әрбір бірлік зат сол заттың ойының іске асуы.Таза ойдың нақты затқа айналуында үлкен рольді кереметтер жасаушы құдай ойнайды Жеке ойлар (ойлар әлемі ) біздің санамыздан бөлек объективті өмір сүреді.
Субъективті идеализм ( Беркли, Юм)
Негізгі жағдайлар барлығымен танушы субъектінің (адамның) санасында болады.Ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді. Материалды заттық образы да сезім арқылы адам есінде тұрады. Адам санасынан бөлек материя да рухта тіршілік етпейді.
Ерекшеліктері:
Идеализмнің әлсіз сипаты таза ойлардың бар екендігін дұрыс түсіндірмеу мен таза ойдың нақты затқа ойнамауын түсіндіре алмауы.Идеализм философиялық бағыт ретінде орта ғасырларда Плотондық Грецияда әрекет етті, қазіргі уақытта АҚШ, Германияда басқа да Батыс Еуропада кең тараған.Дуализм дейзммен қатар философияның компромистік ағымына жатса, материализммен идеализм полярлы бәсекелі басты бағыттар болып табылады. Бұның негізін Декарт қалаған.
Негізгі жағдайлар
Екі тәуелсіз субстанция бар – материалды (тарту қасиетіне ие ) және рухани (ойлау қасиетіне ие) Дүниедегінің барлығы туынды болып табылады, яғни материалды заттар материамдыдан , ой руханидан туады.Адамда біруақытта екі субстанция материалды да және руханиды да ұштасады. Материя мен сана тұтас болымыстың қарама қарсы және қзара байланысты жақтары Философияның негізгі сұрағы расында жоқ, себебі материя мен сана һзара бірін бірі толықтырып, әрқашан бірге өмір сүреді.Деизм – жақтастары құдайдың бар екенін матындаған, философыиядағы бағыт. Олардың пікірі бойынша құдай дүниені жасап, оныі ары қарай дамуына, адамдардың әрекетіне араласпайды, қатыспайды деген.
Философияның негізгі сұрағын гнесеологиялық жағы.
Философияның негізгі сұрағының гнесеологиялық жағы көрсетілген, философиялық бағыт.
Эмпиризм.
Ерекшеліктері:
Эмпиризмнің негізін қалаушы Ф.Бэкон, эмпиристердің ойынша танымның негізінде тек тәжірибемен сезім жатыр дейді.
Рационализм.
Ерекшеліктері:
Рационализмнің негізін қалаған Декарт Рационализмнің негізгі тұжырымы таза білім тек ақыл арқылы алынады және сезімдік тәжірибеге тәуелсіз.Ирационализм (Ницще, Шопенгауер) ерекше бағыт ретінде көрсетіледі. Ирационализм жақтастарының айтуларына сәйкес, әлем хаосты болып табылады, ішкі логикасы жоқ, сәйкесінше ақылмен табылмайды. Гностоцизм, олардың қайраткерлері материалистер .Негізгі жағдайлар.
Әлем танымды , танымның мүмкіндіктері шексіз.Агностоцизм , ұлы теоретиктер қатарына Имануель Кант жатады. (1724-1804) Кантқа сүйенсек, адам ақылының мүкіндіктері үлкен, бірақта бұл мүмкіндікрердің де өз шегі бар . Адам ақыл есінің танымждық мүмкіндіктерінің шекті, шексіздігіне байланысты, адаммен ешқашан ашылмайтын жұмбақтарда бар, мысалы; құдай бар, құдай жоқ. Негізгі жағдайлар.Дүние танымсыз Танымдық мүмкіндіктері адам ақылының танымдық мүмкіндіктерімен шектеулі.
Философияның негізгі сұрағының қазіргі жағдайы мен оның болашағы.
Ерекшелігі:Қазіргі таңда философтардыі мылжыңдап бергі зерттеулеріне қарамастан, философияның негізгі сұрағы нақты дұрыс, не онтологиялық, не гносиологиялық жақтарынан да шешілмеген және мәңгілік философиялық мәселе болып қала бермек.ХХ ғ батыс философиясында философиялық дәстүрлі негізгі сұрағына аз көніл бөлу тенденциясы дамыды, себебі ол ауыр шешілетіндіктен және біртіндеп өзектілігін жоғалтып бара жатқандықтан.Ясперс, Хайдеггер, Камю философиялық болашақта пайда болуы мүмкін негізгі сұрағының экзистенциализм мәселесінің негізін қалады. Яғни, адам мәселесі , оның өмір сүрүі, өзінің рухани өмірін басқаруы, қоғам ішіндегі өзарақатынасы, еркін таңдауы, өмір мәнін іздеуі, өмірдегі өз орны мен бақытын табуы.
Философияның әдістері
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады. Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігіескерілмейді).
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:
материализм;
идеализм
эмпиризм
рациионализм
Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
Философия функциясы
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары:
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Философия әдіснамасы
Философия өмірде дұрыс жол сілтейтін ақиқаттың шыңын, әдісін көрсетуге тырысады. Әдіс туралы философиялық ілімді, демек, әдіснаманың немен айналысатынын қарастырайық. "Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда — бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үгіттің таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономикалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грекше методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.Философиялық әдіснаманың жалпылама сипаты-адамдардың қызметінде әдіснамалық дүниетаным аса маңызды рөл атқарады. Өзінің табиғатына орай танымның тұтастай және ғылымның тереңде жатқан негіздерімен байланыста әмбебап әдістерді талап ететін міндеттер болады. Мұндайда философияның әдіснамасын айналып өтуге мүмкіндік болмайды. Әр нақты жағдайда, бір көлемді өлшеу қажет болғанда, физик қандай өлшеу амалын таңдап алуды әзі біледі. Гендік инженериямен және организмнің жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеумен айналысатын биолог-генетик ДНҚ-ның қосарланған шиыршығын қандай ферменттермен және қай жерінен ажыратуды және қандай өзге белсенді препараттармен бүл молекуланың жаңа шиыршықтарының үзіктерін жабыстыру амалдарын тандап алады. Осы тектес жағдайлардың бәрінде ғалымға өзінің кәсіби ақпараттарын игеру жеткілікті. Ал қазіргі заманғы нақты ғылыми теорияларды ойлап шығару үшін бүл жеткіліксіз. Өйткені жаңа теорияларды электронды микроскоппен, ферменттермен, лазер құралдарымен құруға болмайды. Ол үшін теория құрудың логикалық ережелері мен ұстанымдарын білу, теориялық және эмпириялық білімдер арасындағы байланыстарды белгілейтін әдіснамалық нұсқауларды игеру керек. Мұндайда философияның әдіснамасысыз еш нәтижеге жету мүмкін емес. Өйткені философия жалпылама әдіснама саласында көрінеді, оның өзіндік әдісінің мәні осында. "'''Философиялық әдіс'''" дегеніміз — нағыздықты игерудің теориялық және практикалық мейлінше жалпылама әдістерінің жүйесі, сонымен қоса философиялық білімдердің жүйе құру әдісі болып табылады.
Ал философияның әдіснамалық қызметі туралы сөз қозғасақ,философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты. Афина батыры Тесей және Крит патшасы Миностың қызы Ариадна туралы аңыз ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. Миностың талабы бойынша, афиналықтар патша сарайының астындағы лабиринтте тұратын құбыжық — Минотаврға азыққа жыл сайын жеті жігіт пен жеті қыз беріп тұруға міндетті болады. Тесей өзінің халқын бұл қорлықтан құтқаруды ойлайды, Минотаврды өлтірмек болады. Оған сүйген қызы Ариадна көмекке келеді. Ол Тесейге қылыш пен жіп береді. Жіпті босағаға байлап, Тесей лабиринтке кіреді, Минотаврды өлтіреді. Сонан кейін жіпті бойлап отырып лабиринттен шығады. Осыдан қалған "Ариадна жібі" деген ұғым қазір қиын жағдайда жол табуға көмектесетін идея дегенді білдіреді. Ғылыми таным белгісіз тылсымға бастап апаратын жол сияқты. Ол жолда ғалымды діттеген мақсатына оңай жеткізетін нұсқаулар жоқ. Мұндай жағдайларда не істеу керек? "Қолданып көру және қателесу" әдісін пайдалану керек пе, әлде барлық мүмкіндікті іске қосу керек пе? Мұндай стратегия қараңғыда адасуға алып барады. Ғалымға әрқашан оны жаңа білімге бастап алып баратын идея керек. Оның қайнар көзі философия болып табылады. Ғылымның жетістіктеріне сүйенген философия "Ариаднаның жібі" қызметін атқарады, ғылым лабиринтінде дұрыс бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
Философияның әдіснамалық қызметі — ғылыми және әлеуметтік танымды сыннан өткен, тексерілген ережелермен, нормалармен, әрекет әдістермен қамтамасыз етуінде. Бүл әрекет ету әдістерінің жиынтығы ойлай білетін адамға қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |