Бөж тақырыбы: Соғыстан кейінгі жылдары Бауыржан Момышұлының шығармашылығы

Повестері мен әңгімелерінің басты кейіпкерлері көбінесе автордың өзі болып табылады. Қаһарманның өмірбаяндық бейнесін өзіндік сомдау арқылы оның жеке адам ретінде қалыптасу процесі туралы мәселе қойыл

бет5/6
Дата21.05.2024
өлшемі1.49 Mb.
#501667
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
бәм нурбакыт

Повестері мен әңгімелерінің басты кейіпкерлері көбінесе автордың өзі болып табылады. Қаһарманның өмірбаяндық бейнесін өзіндік сомдау арқылы оның жеке адам ретінде қалыптасу процесі туралы мәселе қойылады.

Бауыржан Момышұлы шығармаларының ерекшелігі мынада: батальон командирі Бауыржан Момышұлының бейнесін сомдау тұжырымының негізіне жазушы объектілікті алған. Академик М. Қаратаевтың ойымен келтiрсек: «Сондықтан бұл шығарамалардың айырықша ерекшелiгi – авторы мен кейiпкерiнiң бiр жерден шығуы. Бұл жазушыға қиындық туғызады, жауапкершiлiк жүктейдi. Ол жазушының өзiн кейiпкер ролiнде белгiлi шек пен шеңберде ұстауына байланысты. Мiне бұл ретте Бауыржан өз рөлiн шындық мөлшерiнен асырмай, тасытпай дұрыс көрсете алған. Тiптi көп реттерде автор кейiпкер өзiнiң қателерiн де, ағат, жаңсақ кеткен өкiнiштерiн де тайсақтамай батыл мойындап отырады. Автор майдан өмiрiн салқын қанмен немқұрайды баяндамайды, жүректiң ыстық қанымен суреттейдi. Сондықтан оқушы автор мен кейiпкердiң бұл секiлдi тұтасқан образынан (лирикалық кейiпкерден) жазушы Бауыржан мен командир Бауыржанды қатар сүйедi, қатар сыйлайды.»

Автор өз қаһарманының әлсіз жақтарынан үнсіз айналып өтпейді, көркем бейнелеуде кез келген адам сияқты оған да кемшіліктер тән. Командир өзі туралы, өзінің еңбегі туралы аз сөйлеп, жіберіп алған кемшіліктері мен қателіктері туралы көбірек айтады. Оның атақты “Москва үшін шайқас” атты кітабы мынадай эпиграфпен басталады: “Осы жазбаларымда мен тек бөлісуді ғана емес, өз қателіктерімді әңгімелеп беруді мақсат еттім”. Онда командирлердің өз қарауындағыларға қаталдықпен, мейірімсіздікпен қарағанына айғақ болатын эпизодтар бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет