Бөж тақырыбы: юнеско бүкіл әлемдік мәдени байлықтары тізіміне енген ҚР аумағындағы мәдени және тарихи ескерткіштер



бет1/4
Дата14.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470775
  1   2   3   4
казак тылы софия


Шымкент университеті

БӨЖ

Тақырыбы: ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік мәдени байлықтары тізіміне енген ҚР аумағындағы мәдени және тарихи ескерткіштер.


Орындаған: Егемберді Айғаным

Қабылдаған:



2022-2023
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
3. Таңбалы петроглифтері
4. Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері.
5. Қостөбе қалашығы.
6. Қорытынды


Кіріспе Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мәдениет саласына ерекше назарын аударып, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, дамыту, насихаттау жұмыстарын қарқынды жүргізгені барлығыңызға белгілі. Соның мысалы, Елбасының бастамасымен 2004-2011 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы жемісті жүзеге асырылды. Өздеріңізге белгілі, Елбасының тапсырмасымен өткен жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары дайындалып, оны жүзеге асыру жұмыстары қарқынды қолға алынды. Осы жоспардың аясында 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Сонымен қатар, қолданыстағы мәдениет саласындағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында бүгінде ҚР Парламентінің қарауында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жатыр. Бұл мәдениет саласының халық қалаулыларының жіті назарында екендігін көрсетеді

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Бүгін біз ЮНЕСКО қорғауындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жайлы білетін боламыз. Қазіргі Түркістанның ескі атауы Яссы болғаны тарихтан белгілі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сол тарихы тереңде жатқан шаһарда бой көтерген. Бұл негізі Сырдарияның аңғарынан орын тепкен жай қалалардың бірі болған. Оның мәртебесінің өсуі Яссауидің атымен тығыз байланысты. Кесене ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші қатарына жатады. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені — 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы — 18,2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы — 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы — 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Шамамен он бес жыл жүргізілген құрылыстан кейін Яссауи кесенесі мінәжат орнына айналды. 6-7 ғасыр бойы сақталып келе жатқан кесене тек Қазақстанның ғана емес, ислам өркениетінің керемет тарихи орындарының қатарынан саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет