Бөкетов, Қ.
Ризашылық: [Е.А. Бөкетовке ескерткіш ашылды] / Камзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан. - 2006. - 14 желтоқсан
Бұл күндері біз менің ардақты да, қымбатты ағам, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы Бөкетовті есте қалдыру шараларының ең бір қошеметті шақтарына куə болып тұрмыз. Биылғы желтоқсанның 13-ші жұлдызында оның арамыздан кеткеніне 23 жыл толады. Қайтыс болғанынан кейін бір жылдан соң, 1985 жылдың басында 12 тараудан тұратын, ресми орындардың бірімен де мұқұлданбаған, тек өзін өте жақсы білетін қоғам қайраткерлерімен, ізбасарларымен, шəкірттерімен ғана келісілген, оның есімін мəңгі есте қалдыру шараларының жоба-жоспары жасалған еді. Бүгінгі күні соның барлығы орындалды, ашылып отырған алып ескерткіш, меніңше, сол іс-шаралардың соңы, аяқталуы.
Осы істердің барлығы аса құрметті, ел Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жан-жақты көмегі мен қолдауы арқасында іске асырылып отыр. Барлықтарыңызға белгілі, елдің бұрынғы басшылары кезінде Евнейдің атын атаудың өзі қиын еді, оның өмірден ерте өтуіне де осылар себеп болды ғой. Міне, енді қазір оның ардақты есімі өз халқына қайтарылды.
Нұрсұлтан Əбішұлына біздің əрбір жасаған өтініштеріміз ешқашан ескерусіз қалған емес, сондықтан да барлық жоспарланған істер жүзеге асты. Сол үшін Нұрсұлтан Əбішұлына шын жүректен үлкен алғыс айтамыз, шын көңілімізден зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!
Облыс əкімі, құрметті Нұрлан Зайроллаұлына ерекше ризашылық пен шын жүректен алғыс айтамыз. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалғаннан кейін, қаланың шаруашылық орындарымен танысу кезінде, ең алғашқылардың бірі болып ескерткіштер жасалатын шеберханада болып, скульптор Билыктың жұмысымен танысып, оның жұмысына қолбайлау болып тұрған, көптеген шешілмеген проблемаларды ықыласпен тыңдап, көпшілігін, əсіресе қаржы мəселесін, сол жерде-ақ шешіп, академик Бөкетовке ескерткіш осы жылғы қазан айында орнатылуын тапсырды. Осыдан кейін жұмыс жедел жүріп, нəтижесін бүгін көріп отырмыз.
Ректор, профессор Еркін Қинаятұлы Көбеев басқаратын Е. Бөкетов атындағы мемлекеттік университет үжымының да бұл іске қосқан үлесі өте зор. Академик Е.А. Бөкетовтің мемориалдық мұражайын қайта жөндеуден өткізіп, ғалымның толық шығармалар жинағын шығарып жəне ескерткішті орнатуда ерекше белсенділік көрсетіп, оған жетпеген қаржыны университет бюджетінен толықтырды. Былтырғы жылы 80 жылдық мерейтой кеңінен атап өтілді, университетте «Бөкетов оқулары» тұрақты түрде жүргізіліп тұрады жəне басқа да жұмыстар атқарылады.
Бұл жұмыста өте ерекше жанашырлық көрсеткен университеттің бұрынғы ректоры Жамбыл Сəулебекұлы Ақылбаевты атап өткім келеді. 1991 жылдың
көктемінен, ректорлық жұмысқа кіріскеннен бастап өзінің ұстазының есімін есте қалдыруда белсенділік көрсетіп, жұмыс жасады. Сол жылы Е. Бөкетов есімі университетке берілді, мемориалдық мұражай ашылды, ғалымның жетпіс, жетпіс бес жылдық мерейтойлары кеңінен атап өтіліп, тағы басқа іс-шаралар өткізілді. Барлық осы істерде ол кісіні мыңдаған санды университет ұжымы қолдап отырды.
Өткен жылдарда үш мемориалдық тақта орнатылды, олар Алматыда, Қарағандыда тұрған үйлерінің, өзі 23 жыл бойы жемісті қызмет істеген Қарағандыдағы Химия-металлургия институтының қабырғасында. Ол 500-ден артық жарыққа шыққан ғылыми еңбектер, біразы өзі қайтыс болғаннан кейін басылған, соның ішінде 9 монография жəне 80-нен астам əдеби шығармалар қалдырды. Оның есімі қалаларда көшелер мен мектептерге берілген.
Менің ағамның есімін есте қалдыру шараларын іске асыруда ерекше белсенділік көрсетіп, еңбек еткен адамдарға үлкен ризашылығымды білдіріп, зор алғыс айтамын. Олардың біразын атап өтейін. Оның алғашқы оқушыларының бірі, марқұм Жантөре Нұрланұлы Əбішев, 1987 қиын жылы Химия-металлургия институтына мемориалдық тақта орнатуға көп көмек көрсетті. Сол жылдары қалалық атқару комитетінің төрағасы болған Рымқұл Ілиясов марқұм, 90 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы болған Ислам Тоғайбаев, сол жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қазіргі мəдениет департаментінің директоры Рымбала Омар-бекова, белгілі ғалым, академик Зейнолла Молдахметов, «Фитохимия» институтының директоры, академик Серғазы Əдекенов. Химия-металлургия институтының директоры Манат Толымбеков, сол институттың лаборатория меңгерушісі Виталий Малышев, марқұм, академик Ғабдолла Құлқыбаев, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ондасын Əшімов, Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің ректоры Ғалымжан Мұратов, химиялық зерттеулер технологиясы орталығының директоры, академик Нұралы Бектұрғанов жəне басқа көптеген адамдарға осы шараларды іске асыруда демеушілік көрсеткендері үшін тағы да алғысымды білдіремін. Бұл шараларды іске асыруға көмек көрсеткен, ақыл берген басқа көптеген адамдарға - қоғам қайраткері, ақын Кəкімбек Са-лықовқа, Евней Арыстанұлының өмір жолы мен қызметін суреттеген, бір жылда үш рет 6 мың дана болып шыққан роман-эссе авторы, жазушы Медеу Сарсекеге жəне көптеген естеліктер жинағын шығарысқан, «Минералды шикізаттарды кешенді игеру орталығының» бас директоры, академик Абдірасул Жəрменовке, облыстық «Орталық Қазақстан» жəне «Ин-дустриальная Караганда» газеттерінің ұжымдарына, осы газеттердің бұрынғы редакторлары - Нұрмахан Оразбековке, Андрей Широкобородовқа, Сұлтан Кемелбаевқа, қазіргі редакторлар - Мағауия Сембаевқа, Владимир Рыжковқа өзімнің шексіз алғысымды білдіремін.
Құрметті жолдастар, соңғы аттары аталған адамдарға мен жағынайын деп атап отырғаным жоқ, өйткені ол кезде М. Сембаев «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болатын, ал В. Рыжков
«Индустриальная Караганданың» бас редакторының орынбасары, кейіннен «Казахстанская правданың» меншікті тілшісі болып жұмыс істейтін. Шынын айтқанда, олар мені өмірден ерте кеткен ағам туралы алғашқы естеліктерімді жазуыма себеп болды. Ақырында олардың ықпалымен ешқашан ойламаған -Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі болдым.
Əр уақытта, əсіресе мерекелік күндерге арналған телерадиохабарлар беріп тұрған республикалық жəне облыстық телерадиокомпаниялардың, Солтүстік Қазақстан облыстық газеттерінің ұжымдарына ризашылық білдіремін.
Тағы мына адамдарға - журналист, ақын, жазушы, Евнейге өлеңдерін, көптеген мақалалар мен очерктер арнаған Бақытжан Тобаяқовқа; республикалық «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы меншікті тілшісі журналист-жазушы, Евнейдің өмірі мен қызметінен мақалалар мен очерктер жазған, əр шығармасында Евнейдің есімін атауды ұмытпайтын Валерий Могильницкийге; өзімнің қадірлі жерлестерім өз ынталарымен Петропавловск қаласында орталық кешелердің біріне жəне облыстық ғылыми-техникалық кітапханаға академиктің есімін беруге сіңірген еңбектері мен баспасөз беттерінде көптеген өздерінің естеліктерін жариялағандары үшін Ғалым Қадыралинге, Қайролла Мұқановқа рахмет айтамын.
Бұлармен бірге бүгінгі орнатылған ескерткіштің авторлары, менің байырғы таныстарым, скульптор Анатолий Билыкқа жəне архитектор Станислав Мордвинцевке ризашылықпен алғысымды білдіремін.
Қартайғанда адамның есінде көп нəрселер сақталмайтын көрінеді, сондықтан есімдері аталмай қалған адамдар бар шығар, мен ол кісілерден кешірім сұраймын.
Тағы да өз атымнан, туған-туыстарымның атынан, бүгінгі мына менің ардақты ағамның есімін мəңгілікке қалдыру ісін атқарған университет басшыларына шын жүректен алғысымды айтамын. Сіздерге үлкен рахмет! Менің ардақты ағам қола бейнеде тұрып қазақстандық болашақ ұрпақтарды өз рухында тəрбиелей берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |