Болашақ агроинженер маманы мен қазіргі ауыл шаруашы-лығы өндірісі арасындағы байланысты нығайту мәселелері
Абуова Н.Ә.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында техникалық еңбек-тің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және бі-ліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларына жан-жақты сипаттама берілген [1]. Мұнда жалпы орта білімі бар азаматтар үшін атал-мыш бағдарлама жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ қызметін айқындайтын оқу-өн-дірістік жұмыстарды орындауды ең негізгі талап ретінде қояды. Агроөнер-кәсіп кешенінің болашақ маманы жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқу барысында игерген теориялық білімін міндетті түрде тәжірибедегі іскер-лікпен байланыстыруы қажет. Ол үшін теориялық білімнің сапасына ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі таңда орта кәсіптік білім беретін оқу орындарымен қатар, жоға-ры оқу орындарына, оның ішінде техникалық мамандар даярлайтын білім ор-даларына білім сапасын арттыру жөнінде қатаң талаптар қойылуда. Өйткені, басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан Республикасында осы атал-мыш мамандарды дайындау көрсеткіштері білім, ғылым және өндіріс инте-грациясының жеткіліксіздігі жөнінде өте төмен деңгейді көрсетіп отыр. Оның негізгі себебі – жалпытехникалық білім беру мен ғылымның өндіріс орындарымен және ауыл шаруашылығымен байланысы өте аз. Сонымен қа-тар, оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың және эксперименттік-тәжірибе орталықтарының материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталу дең-гейі төмен. Агроинженер маманын даярлайтын оқу орындары ғылыми қыз-меткерлерінің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ студенттердің өндіріс орындарына барып, тәжірибе жұмыстарын жүргізулеріне қаржы бөліну мәсе-лесі үнемі шешімін таппайды. Осыдан кейін білім беру мен өндірістегі іс-тә-жірибенің ара қатынасы алшақтай түсуде.
Еліміздегі техникалық білім беретін оқу орындарының осыдан 15-20 жыл бұрынғы қалыптасқан білім беру жүйесі өндіріс орындарымен байла-нысы жөнінде әлдеқайда алда болды. Студенттердің оқу, технологиялық, өн-дірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибелері өндіріс орындарымен, егін шаруашылығымен, арнайы тәжірибе орталықтарымен өте тығыз байланыста болды. Ал соңғы жылдары осындай агроинженерлерді даярлайтын оқу орын-дарының жаңа құрылымдағы ауыл шаруашылығымен – фермерлік шаруашы-лықтармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен және шаруа қожалық-тарымен байланысы қандай деген сұрақ туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» тақырыбындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттеріне арнаған лекциясында «ересек халақтың сауаттылық деңгейі бойынша біз әлемдегі 3% -дың қатарындамыз, ал әл-ауқат деңгейі бойынша соңғы 40 % елдің сапын-дамыз. Инженер мен ғалымдардың саны бойынша біз тізімнің үштен бірінің алғашқысындамыз, ал жоғары технологияларға келетін экспорттың үлесі жө-нінен артта қалушылар қатарындамыз» деп пайыздық көрсеткіштер арқылы салыстыру беріп өткен болатын [2]. Сонда Қазақстандағы инженерлік-техни-калық білім алып жатқан студенттердің, техникалық білімі және соған сәйкес ғылыми атағы барлардың жаңа технологияға, жаңа құрылымдағы өндіріс орындарына, ауыл шарушылығы саласына деген өзіндік ізденісі, шетелдік озық өндіріс орындарының іс-тәжірибесімен байланысының тағы да өте аз екенін аңғаруға болады. Сондықтан болашақ агроинженер маманын даяр-лайтын оқу орындарының қызметкерлері білім сапасын жаңа құрылымдағы ауыл шаруашылығы жұмысын игере алатын дәрежеге арттырулары тиіс.
Мен, жалпытехникалық және арнайы пәндердің оқытушысы ретінде егін жинау кезіндегі техниканы ұтымды пайдалануға негізделген толассыз әдісті болашақ маманға түсіндіруді жөн көрдім.
Мұнымен қоса, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді дақылдарды жинау күрт артты» деп көрсеткен [3]. Мұндағы технологияны да, жаңа техниканы да, егін жинау тәсілі мен әді-сін де меңгеріп жүргізетін – біріншіден агроинженер, одан кейін қарапайым жұмысшы болып есептеледі. Жалпы, егін жинау жұмысы барлық уақытта тек ауыл шаруашылығы үшін ғана емес, басқа да салалар үшін еңбек сиымды-лығы өте жоғары, сондай-ақ жұмыс күшін көп қажет ететін кезең болып сана-лады. Сондықтан егін жинау жұмысының технологиясы бұрынғы тәжірибе-лерді негізге ала отырып, одан әрі жетілдіруді қажет ететін технология болып табылады. Қазір астық өндірісін дамыту басты мәселе болып отыр. Ол үшін егін түсімділігін арттыру, астық жинау кезіндегі ысырапты төмендету, дәнді дұрыс сақтау қажет. Мұның барлығы астықты жинау технологиясына және тасымалдау операцияларының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланыс-ты.
Жоғарыда айтып өткен егін жинаудың толассыз әдісі қазіргі шаруашы-лықтар үшін өте тиімді деп есептеледі. Өйткені жаңа құрылымдағы шаруа-шылықтарда әлі де болса техника тапшылығы өте жоғары. Ал егін жинауда толассыз әдісті меңгеру арқылы кез-келген шаруашылық қолда бар техни-каны басқа шаруашылыққа жалға бере алады. Толассыз әдісте астық ору, бас-тыру және тасымалдау операцияларының өзара байланысы ұйымдастырыл-ған жүйелермен қалыптасуы қажет. Бұл байланыстардың тығыздығы мен си-паты көбінесе бастыру процесінің таңдап алынған тәсіліне, өлшеміне, жұмыс көлеміне, орындалу дәрежесіне сәйкес анықталады. Сонымен қатар, дән жи-нау мен тасымалдаудың толассыз әдісі өзінің экономикалық тиімділігімен және басқа да шығындарымен өте төмен көрсеткішті көрсетуі қажет [4]. Оны шаруашылықтарды пайдалану үшін болашақ агроинженер маманы егін жи-наудың толассыз әдісін дұрыс ұйымдастыруға негізделген «жаппай қызмет көрсету жүйесін» меңгерулері керек.
Жаппай қызмет көрсету (ЖҚК) жүйесі белгілі бір құрам мен олардың функционалдық байланысын анықтайтын структурамен сипатталады. Ол мы-надай элементтерден тұрады: талаптардың кіру ағыны, қызмет көрсету құ-ралдары, талаптар кезегі, қызмет көрсетуді күтушілер, талаптардың шығу ағыны [5]. Бір ғана құралдар тобынан тұратын жаппай қызмет көрсету жүйесінің схемасы төменде 1-суретте берілген.
°
° °
° ° ° ° ° ° ° ° ° ° ° ° °
° °
°
Кіру ағыны кезек 1 құралдар шығу ағыны
1-сурет. Жаппай қызмет көрсетудің қарапайым схемасы
Мұндағы кіру ағыны ретінде күрішті дестеге салу талабын аламыз. Жүйенің құрамы негізінен құралдар санымен анықталады. Құралдарды ка-налдар деп те атайды. Каналдар өзінің санына байланысты бір каналды және көп каналды болып бөлінеді. Көп каналды жүйе ауыл шаруашылығында өте көп кездеседі. Дегенмен мұндағы құралдар саны шектеулі болады. Біздің жүйедегі құралдарға жаткалар, бастыру агрегаты, тасымалдау көліктері және т.б. жатады. ЖҚК жүйесінің кез-келген түрінде қызмет көрсетудің сапасы маңызды роль атқарады. Жұмыстың сапасы сол қызмет көрсету қанша-лықты жақсы орындалғанымен ғана түсіндірілмейді, ол басқа критериялары-мен бағаланады, атап айтқанда – қызмет көрсетудің жаңаша ұйымдастыры-луымен, қызмет көрсету құралдарының қаншалықты деңгейде жүктелген-дігімен, кезектің көп болмауымен немесе сол кезек көлемінің жүйенің қызмет көрсетілмеген бөлігінен аз болуымен түсіндіріледі. Шығу ағыны – бұл жүйе-нің ең шеткі операцияларынан тұратын талаптар жиынтығы. ЖҚК-дің негіз-гі міндеті – жүйенің қалыптастырушы сандық көрсеткіштерді және кіру ағы-ны параметрлері мен жүйе структурасының тәуелділігін анықтау болып та-былады. Бұл міндетті шешу – жүйедегі ең нашар звеноны тауып, оның ЖҚК- дің тиімділігіне кері әсерін анықтау, сонымен қатар, осы кемшілікті жойып жақсартатын жол табу болып есептеледі. Біздің қарастырып отырған ЖҚК жүйесі дәнді дақылдарды оның ішінде күріш дақылын жинау, тасымалдауда қолданылады. Мұндағы қызмет көрсетушілер: жатка, бастырғыш комбайн және тасымалдау көліктері. Қызмет көрсету құралдары жүйеге қызмет бас-талмай тұрып дайын тұруы тиіс. ЖҚК ашық және тұйық жүйелерден тұрады.
ЖҚК-дің ашық толассыз жүйесі осы қызмет түрінің күту арқылы атқа-рылатын әдісімен түсіндіріледі. Ал ашық жүйе келіп түсетін талаптар шексіз болғанда қолданылады. Мысал үшін, 800 га күріштік жері, 17 дана жаткасы, 11 дана бастыру комбайны және 14 тасымал көлігі бар шаруашылыққа астық жинау кезінде жоғары өнімділікте жұмыс жасап, шығынды мейлінше аз жұм-сайтын техника санын есептеу жолын ұсынамын.
Осы мәліметтерді қолдана отырып, дәнді дестеге салу операциясының жүйедегі жұмыс нәтижелері анықталады. Қызмет көрсетуге тиімді деп қа-былданатын жатка саны анықталуы тиіс. Әрбір жатка бір мезгілде тек бір ға-на талапты орындайды. Бір мезгілде піскен дақылды ору талабы барлық жат-каға бірдей қойылғанымен, ору жұмысы сол жаткалардың жұмыс жасау мүм-кіндігімен ғана шектеледі. Жүйені қалыптастыру, яғни дәнді дестеге салу жұ-мысын бірқалыпты қамтамасыз ету сол жүйеге келіп түсетін пуассондық та-лаптар ағынына байланысты болады. Жатка саны аз болса, ору жұмысында кезек көбееді, мұның өзі сабақтағы дәннің түсіп ысырап болуына әкеліп соқ-тырады. Сонда бұл түсіндіріп отырған жүйеміз жаппай қызмет көрсетудің ашық жүйесі болып шығады. Шығу талабы – дестедегі күріш атыздары бола-ды. Ағынның тығыздығы немесе күрішті орып бітіру талабы шектеулі бол-ғанымен келіп түсетін талаптар ағынының көзі шексіз. Кез-келген талапты орындау, қызмет көрсету уақыты tқызм - параметрлерімен сипатталатын та-ралу заңына сәйкес кездейсоқ мән деп қабылданады [5]. Жүйедегі барлық құ-ралдың, яғни жатканың өнімділігі бірдей. Жүйенің негізгі көрсеткіштері жат-калар бос немесе бос еместігіне, кезек ұзындығын математикалық күтуіне, бос еместік коэффициентке, жаткалардың бос тұру ықтималдығына сүйенеді.
Сонда жаппай қызмет көрсетудің ашық жүйесінің негізгі параметрлерін есептеуде мына формулалар қолданылады.
-
Параметр
мұндағы, - талаптар ағынының тығыздығы, - жүйедегі қызмет көрсету уақыты көрсеткіш заңының параметрі [5].
,
,
мұндағы, F - егістік ауданы, га; Дк – жұмыс күн саны; к – дестеге салу агромерзімінің ауытқуын ескеретін коэффициент, к = 1...1,2; - бір атыздың ауданы, = 2,4 га; В – жатканың алым ені,м; Vж – жатканың жүріс жылдамдығы, м/с; Тсм – ауысым уақыты, сағ; - ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; ксм – ауысым саны.
-
Барлық жатка бос болғанда
/n0 болғанда
мұндағы, n – жүйедегі жатка саны
3) Жүйеге R талап түсіп, R жатка дәнді дестеге салу ықтималдығы
1Rn болғанда
4 )Барлық жаткалар бос болмағанда
болғанда
5) Орташа күту уақыты болғанда
мұндағы, tобс= 1/ - жүйедегі орташа қызмет көрсету уақыты.
6) Кезектің орташа ұзындығы
7) Бос тұрған жаткалардың орташа саны
8) Жаткалардың бос тұру коэффициенті
Осы көрсеткіштер есептелгеннен кейін, күрішті дестеге салатын жатка-ның тиімді санын анықтайды. Бұл экономикалық көрсеткіш төмендегі фор-муламен есептеледі.
мұндағы, U – егіннің түсімділігі, т/га; Цр - 1тонна күріштің бағасы тг/т; СR – жаткалардың күтіп бос тұруынан келетін шығын, тг [6].
Енді 800 га күріштік алқапты ору операциясының көрсеткіштерін есептейміз.
-
27,7/8,75 3,15 3
800/ (101,2 2,4) 27,7 ,
3 болғанда n = 4 деп қабылдап, есептеу жүргіземіз
2) Р0 =
3)
4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн
5) tож= (0,1140,509)/1 = 0,058 күн
6) Мож = атыз
7) N0 = 0,037
8)
9) С = 6,1 2,4 5 2500 + 0,98 5000 = 187900 тг
n = 5 болғанда,
2) Р0 =
3)
4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн
5) tож= (0,1140,232)/1 = 0,0132 күн
6) Мож = атыз
7) N0 = 0,037
8)
9) С = 0,87 2,4 5 2500 + 1,696 5000 = 34580 тг
n = 6 болғанда,
2) Р0 = 0,0392 3) 4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн
5) tож= 0,003 күн 6) Мож = атыз 7) N0 = 2,4 8)
9) С = 0,158 2,4 5 2500 + 2,4 5000 = 16740 тг
n = 7 болғанда,
2) Р0 = 0,037 3) 4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн
5) tож= 0,0016 күн 6) Мож = 0,073 атыз 7) N0 = 3,023 8) 3
9) С = 0,073 2,4 5 2500 + 3,023 5000 = 17305 тг
Алынған мәліметтер бойынша кезектің орташа ұзындығының Мож, ком-байнның бос тұру коэффициентінің Кпр, атыздар мен комбайнның күтіп тұ-руынан келген шығынның жатка санына тәуелділігі түсірілді (2-сурет).
Кезектің орташа ұзындығының Мож, комбайнның бос тұру коэффициентінің Кпр, атыздар мен комбайнның күтіп тұруынан келген шығынның С жатка санына nж тәуелділігі
С, тг
140000
100000
50000
20000
4 5 6 7 nж
3.3-сурет Есептеу нәтижелерінің тәуелділігі
2-суреттен жасайтын қорытындымыз – жатканың саны 6 болғанда ке-зектің ұзындығы мен жалпы ору жұмысы кезінде пайда болатын шығындар азайған. Сондықтан астықты дестеге салу жұмысында 6 жатканың қатар жұ-мыс жасауы шаруашылық үшін тиімді болмақ. Осы 6 жаткамен орылған атыздағы дестені ысырапсыз және уақытылы бастыратын комбайнның тиімді саны тура осы жолмен анықталады. Нәтижесі тағы да осындай тәуелділікпен түсіндіріледі.
Ал, астық тасымалдау операциясы ЖҚК-дің тұйық жүйесінде жүргізі-леді. Ол күріш бастыру агрегатының жұмысымен тікелей байланысты. Астық жинау-тасымалдау звеносына (ЖТЗ) дән бастыру комбайндары мен астықты қырманға таситын көліктер жатады. Жинау-тасымалдау звеносының құра-мындағы тасымал көлігінің қажетті санын анықтауда шаруашылықтан атыз-дар мен талаптар көлемінің барлығы дерлік есепке алынады, яғни жоспар-дағы барлық егістікті жинап-тасымалдаудағы техника саны анықталу қажет.
Белгілі бір уақыт аралығында толып отыратын комбайн бункерлері кү-ріш дәнін қырманға таситын қызметінің талаптар ағыны болып есептеледі. Бункердегі дәнді көлікке артып бергеннен кейін комбайндар қайтадан бастыру операциясын орындап, талап тудырады. Сонда талап-талаптар ағынының шектеулілігін көрсететін бірыңғай комбайндардан түсіп отырады [6]. Сонда бұл талаптарды орындайтын құралдар жаппай қызмет көрсетудің тұйық жүйесінде жұмыс жасайды. Бұл жүйедегі тасымал көліктерінің жетіспеуші-лігі комбайндардың бос тұруына әкеп соқтырады. ЖҚК-дің мұндай тұйық жүйесі комбайндар мен тасымал көліктерінің саны өзара сәйкес келуі қажет, яғни комбайндар мен тасымалдау көліктерінің өзара күту уақыты сол техни-каның санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Есептеулер нәтижесі арқылы біз, бір маусымға қажет егін жинау агре-гаттарының санын анықтай аламыз. Ал, шаруашылық осы маусымда өзінің үлесіндегі артық техникасын қажет ететін екінші бір шаруашылыққа жалға бере алады. Бұл екінші шаруашылық та өзінің егістік жер көлеміне байла-нысты алдын-ала есептеу жүргізген жағдайда техника алмасу жөнінде үшін-ші бір шаруашылықпен байланыса алады. Жалпы, ЖҚК жүйесі арқылы ас-тықты толассыз әдіспен жинаған шаруашылықтар мол экономикалық тиімді-лікке қол жеткізе алады деп болжам жасауға болады және осы «теорияны» меңгерген болашақ агроинженер маманы Қазақстанның ауыл шаруашылы-ғын дамытуға, өнім сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін жоғарылатып, әр жыл сайынға жұмсалатын шығын мөлшрін кемітуге өзіндік үлесін қоса ала-ды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Рспубликасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 320-ІІІ ҚРЗ // Егемен Қазақстан № 160 15.08. 2007
-
Назарбаев Н.Ә. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттеріне арнал-ған лекция. Егемен Қазақстан, № 115 27.05.2006
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты // 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған Елбасы Жолдауы. Ана тілі № 7, Ақпанның 14-і, 2008
-
Пенкин М.Г. Новые технологии уборки зерновых культур. – Алма-Ата: Кайнар, 1988. – 280с.
-
Новиков О.А., Петухов С.И. Прикладные вопросы теории массового обслуживания. М., Изд-во «Советское радио», 1969, 400 с.
-
Рахатов С.З. Научные основы проектирования производственных процессов уборки риса по критериям ресурсосбережения. Монография. – Кызылорда, 2002. -168 с.
Достарыңызбен бөлісу: |