Жанар таласпаева, Research with a University of Alabama at



Дата24.02.2016
өлшемі48.8 Kb.
#13908
Жанар ТАЛАСПАЕВА, ??? Research with a University of Alabama at viagra viagra Use alcohol cautiously dosage sildenafil. This has occurred in a small amount of people taking Cialis, almost all of whom also had cardiovascular disease, diabetes, hypertension, high cholesterol levels, or certain pre-existing eye problems, as well as in individuals who smoke or are gone for good years order online viagra.

argaiv1555

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл және әдебиет институтының директоры,

филология ғылымының кандидаты, доцент.

Жаңа стратегияны да жүзеге асыратынымызға сенім мол

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XХI ғасырдың ең дамыған отыз мемлекетінің біріне айналуымыз үшін белсенді, білімді, дені сау азаматтар қажет екендігін айта келіп, ол үшін сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру керектігін баса көрсетті. Ұлттық білім берудің барлық сатыларын дамыта отырып, 2020 жылға дейін мектепке дейінгі білім беруді 100 пайызға жеткізуіміз қажет, ол үшін педагог кадрлардың біліктілігін көтеріп, жаңа бағдарламалар, озық әдістемелер жасалу тиіс екендігі баса көрсетілді. Елбасының қойып отырған талабына орай, өткен оқу жылы “Өрлеу” АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығында институтымыздың 11 оқытушысы біліктілігін арттырып, оның үшеуі шетелде білімдерін жоғарылатты. Оның үстіне “Герман филологиясы” кафедрасының оқытушылары шетелдік жоғары оқу орындарына дәріс оқуға жүйелі түрде барып тұрады. Бұл үдеріс әрі қарай да жалғасын таба беретіні сөзсіз.

Ел азаматтарына деген қамқорлық, олардың әл-ауқатын арттыру, тұрғындар үшін жаңадан игіліктер жасау, тағы да басқа әлдеқайда тиімді тетіктер қарастыру – Жолдау жүктеген негізгі міндеттер. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдармен, зейнеткерлермен жұмыс істеп жүргендердің жалақысын көтеру мәселесі айрықша назарға алынуы көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе, мүгедектер, жәрдемақыға өмір сүріп келе жатқан жандарды жұмыспен қамту мәселесінің көтерілуі өте орынды.

Мемлекет басшысы айтқандай, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан”. Оған қоғам болып ынтымақтаса кіріскенде ғана жемісті жеңіске жете алатындығымыз белгілі. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп отырған ортақ Отанымыз – Қазақстанда барлық ұлттардың өкілдеріне салт-дәстүрлерін жандандыруға, өткен тарихтарын түгендеуге жағдайлар жасалған.

Балабақшадан бастап, мектептер, жоғары оқу орындарының болашағы, студенттер шәкіртақысы, ғылымның дамуы, кәсіптік білімді қалай беру керек екендігін жіліктеп айтып берді. 2016 жылдан бастап студенттердің шәкіртақылары 25 пайызға өсірілетіні жастардың оқуға деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз.

Қоғамды алаңдатып келген қазақ тілінің мәселесіне екпін берілуі өте орынды болды деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі кезде мемлекеттік тілге деген сұраныс жыл санап артып келеді. “Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық” деген Олжас ақынның қанатты сөздерін көптілділік, жаһандану жағдайындағы қазақ тілінің рухы мен өміршеңдігін әлемге паш ететін киелі сөздер деп ұғынған абзал. Мемлекеттік тілдің ертеңі мен болашағына, қазақ тілінің құндылықтар төрінен сөзсіз орын алуына тиісті тетіктерді дамытуға бүкіл қауым, ата-ана, тәрбиеші, оқытушы, саясаткер, қызметкер, оқушы, студент болып қорғап қалуға атсалысуымыз қажеттілігі, айтпаса да белгілі деген ойдамыз. Қазақ тілін жан-жақты өркендету мәселесі тек Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының немесе тіл ғылымының құзырындағы мәселе емес, оны ұлттық санамен, ұлттық мәдениеттің алға басуымен, өрлеуімен тікелей байланысты ақиқат деп түсінген дұрыс болар еді. “Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн” деген Елбасы, шынында да сөзден іске көшетін кез келгендігін меңзеді. Бүгінгі таңда қазақ тілінің қолдану аясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып, қазақ тілін дамытуды алдымен өзімізді қамшылаудан бастауымыз керектігін аңғартты. “Қазақ тілі ғылымның, білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Республика бойынша 57 тіл үйрету орталықтарында 1000 даған адам оқып жатыр және соңғы 3 жылда оған 3 млрд.-тан астам қаржы жұмсалған”, – деп көрсетті Елбасы. Осыған орай айта кетер жайт, 2004 жылдан Тіл және әдебиет институтында басқа ұлттың өкілдерінен құралған студенттер “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығында білім алып келеді, олардың 18-і бүгінгі күні өз мамандықтары бойнша еңбек етіп жатса, 8-і аталмыш мамандықтың күндізгі және сырттай оқу бөлімінде әлі де білім алуда. Аталмыш мамандықтың студенттері Екатерина Сафронова, Диана Мелихова, Екатерина Шайхутдинова “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының екінші курс студенті Екатерина Жукова қазақ тілінде талай мінберлерде сөйлеп, елдің мақтанышына айналып жүр. Осы мамандықтың бірінші курс студенті Александра Назаренко мемлекеттік тілді кең қолданысқа енгізу бағытында өткізілген облыстық деңгейдегі бірнеше шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. “Журналистика” мамандығының үшінші курс студенті Екатерина Смирнова университеттік конференцияларда үш тілде сөйлеп, шешендігімен көзге түсті. Оқуда үздік, қоғамдық жұмыста белсенді студенттер жемісті нәтижелерге жетуде.

Мемлекеттік тілде еркін көсіліп, ағылшын тілінде пікір алмасатын осындай студенттеріміздің қатары көбейе түсетіндігіне шүбәміз жоқ. Сонымен бірге, университетімізде қазақ тілі мен ағылшын тілін үйретуге байланысты қосымша курстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Үш жыл бұрын басталған қазақ және ағылшын тілдерінде оқылатын дәрістер байқауы да өз нәтижесін беруде.

Елбасының “мектеп түлектері үш тілді еркін меңгеріп шығумен қатар, ізденімпаз, шығармашыл, ақпаратты тереңінен талдай алатын тұлға болып қалыптасулары керек” деген ойларымен де толық келісеміз. Ол үшін болашақ үш тілді меңгерген мамандарды бүгін ЖОО-да даярлау қажет. Сондықтан университетімізде 2011-2012 оқу жылынан бастап оқуы үш тілде жүргізілетін көптілді топтар көбейіп келеді. Бүгінгі күні олардың саны 9 топқа жетіп отыр. “Қазақ тілі” кафедрасында “Достар” клубы өз жұмысын бастап та кетті. Клубтың ашылуының мақсаты – қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет аламын деген кез келген оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізге, студенттерімізге мүмкіндік жасау. Білім беру тәрбиемен ұштасқанда ғана өз жемісін берері сөзсіз, сондықтан ұйымдастыратын барлық тәрбие жұмыстарымыз жастардың бойына елжандылықты, биік моральдық қасиеттерді дарытуға бағытталған.

Жолдауда техникалық және кәсіби білім беруді дамыту алға қойылып отыр, нәтижесінде техникалық мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп, талантты жастарды қолдау тетіктері дами түсетіндігі даусыз. Сонымен қатар, бұл құжатта ЖОО-ларды автономияландыру мәселесінің қозғалуы да осы жүйеде туындайтын өзгерістерден хабар береді.

Елбасының қандай да болсын тапсырмасын орындау үшін ең алдымен отансүйгіштік сезім керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде еліне деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, жігер мен намыс жатыр. Осындай ұлы мұраттардың арқасында “Қазақстан – 2030” Стратегиясында белгіленген мақсаттарға мезгілінен бұрын қол жеткізсек, 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының талаптарын да 7 бесжылдықтың ішінде орындай аларымызға сеніміміз зор. Жолдау жүктеген міндеттер халқымыздың бірлескен іс-қимылымен, еселі еңбегімен орындалатыны айқын. Олай болса, еліміз келешегі кемел, дамуы жедел дәулетті де сәулетті елге айналары сөзсіз.


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 4 ақпан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет