Коллаж (франц. collage — жапсыру, желімдеу) — 1) бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі.
Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен.
Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды.
20 ғсырда музыкада орын алған тәсілді — шығармаға өзге композиторлар туындыларынан стильдік тұрғыда бөтен фрагменттерді енгізуді де Коллаж деп атайды.
полиграфиялық безендіру ісінде әр түрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі сурет жасау тәсілі.
Коллаж (французша соllage желімдеу деген сөз) әдісі белгілі бір жазық тұғырға түрі мен болмысы әр түрлі материалдарды желімдеу арқылы өнер туындысын дүниеге келтіруге мүмкіндік береді.
Коллаж (французша соllage желімдеу деген сөз) әдісі белгілі бір жазық тұғырға түрі мен болмысы әр түрлі материалдарды желімдеу арқылы өнер туындысын дүниеге келтіруге мүмкіндік береді. Коллаж жасау екі әрекеттен тұрады: қию және желімдеу. Кейде қию өзіндік жеке мағынаға ие болады. Осындай әдіспен жасалған шығарма коллаж деп аталады.
Қолөнердің бұл түрі күні бүгін табылған жаңалық емес, оны халық өнері туындыларында көптеп кездестіруге болады. Коллаж көптеген елдерде көп тараған, әсіресе Въетнам, Жапония және Шығыстың басқа елдерінің өнерінде өте жоғары сатыда тұр.