Тіл қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылады. Сондықтан коммуникативтік құзыреттіліктің кәсіби маман үшін маңызы зор. Коммуникативтік құзіреттіліктің міндеті:
ауызша және жазбаша қарым-қатынасын қалыптастыру;
дылығын жүзеге асыру.
Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:
коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педагогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).
коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен ісәрекет кезінде белсенді әрекет жасау);
эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, т.б.).
өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттей алу іскерлігі, әңгімелесушіні моделдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым-қатынасты болжай алу);
қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және келісім-шарттарды жүргізу, кәсіби әдеп ережелерін сақтау, ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру).
Студенттердің өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік тілдік сабақтарды оқыту үрдісінде қалыптасады. Тұлғаның бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.
Коммуникативтік құзыреттілік: нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға; әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қарым-қатынас құруға топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Оқыту кезінде студенттің өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Студент қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Студенттердің шығармашылығын дамыту жолдарын коммуникативтік құзыреттілік арқылы іске асыруға болады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Студенттермен төмендегідей жұмыстар жүргізу арқылы шығармашылыққа баулуға болады: сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу; жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу; жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесіз құрастыру; өз курстастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру; автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу; өлең құрастыру; жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу; еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу; ұжым болып ертегі құрастыру; ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту; ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу; оқыған кітаптары, мақалалары бойынша ойтолғау жазу; қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту; баспасөз материалдары бойынша пікір айту; өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау; ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу; тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру; оқиғаға қатысты өз ойларын айту; автордың көзқарасы туралы айта білу; көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп студенттің қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық рефлексиялық әрекеттер арқылы студенттер өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындатады.
Коммуникативтік құзыреттілік бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру: ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру.
Сабақтың құрылымын негізгі үш бөлімге бөлеміз: сабақтың басы – тілдік қарым-қатынасқа дайындау; сабақтың ортаңғы бөлігі – жаңа сабақты түсіндіру және бекіту; сабақтың аяғы – қорытындылау, бақылау;
Сабақтың негізгі бөлімі.
Жаңа сабақты түсіндірудің негізгі ұстанымы – коммуникативтік тәртіптегі тілдік материал.
Тілдік материалды ұйымдастыру коммуникативтік мақсатқа сай болу керек. Ең алдымен оқушыға тілдік қарым-қатынасқа қажет нәрсені үйрету жөн. Бұл оқытудың пәндік мазмұнымен анықталады. Оған түрлі салалар, тақырыптар, қарым-қатынас жағдаяттары, мәтіндер енеді. Оның ішінде тіл меңгерушілердің қарым-қатынастарының ниеттері (интенциялары) де анықталады. Тіл меңгеруде оқу кәсіби, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық, қоғамдықсаяси, ресми іскери салалар таңдап алынады. Осы тақырыптар төңірегінде арнайы жағдаяттар құрылуы тиіс.
Грамматикалық материал функционалдық және ситуациялық негізде ұсынылуы тиіс.
Грамматика коммуникативтік ниеттерді, арнайы ойларды жеткізу құралы ретінде үйретіледі. Грамматика тілді оқытудың маңызды аспектілерінің бірі, себебі
қарым-қатынас тек негізін грамматикалық дағдылар мен біліктілік құрайтын тілдік құзіреттілік арқасында жүзеге асады. Бүгінгі таңда грамматикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру үшін сөйлем құрылымын модельдеу (құрылымдық) және сөйлеу үлгілері әдістерін қолдану тиімді болып отыр. Біздің тәжірибемізде әрбір жаңа сөз тек атау ғана емес, белгілі бір мағыналы синтаксема ретінде беріліп, сөйлем құрылымы атаулы сөйлем құраудан басталып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері толық қатысқан жайылма жай сөйлем жасауға дейін күрделене алатын синтаксистік модельдер грамматикалық формаларды оқытуда негізге алынады.
Тілдік мәліметтерді ұсынудың негізгі ұстанымдары.
сабақ тіл туралы емес, сол тілде болу керек, яғни қарым-қатынас арқылы үйрену;
грамматиканы мағынадан формаға ұстанымымен оқыту;
тілді емес, қоршаған әлемді тіл көмегімен оқыту, яғни әлем шынайы жағдаяттарда;
интерактивтік әдістерді пайдалану.
Үйреніп отырған тілді мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты.
Сөйлеу әрекеттері түрлерін (сөйлесім (диалогтық, монологтық), жазылым, оқылым, тыңдалғым) қатар меңгеру барысында танымның барлық түрі (көру, есту, сөйлеу, сезіну, түйсік т.б) әрекетке түсіп, әрбір сөйлеу әрекеті оқытудың мақсаты ғана емес, құралының да рөлін атқара алады.
Сөйлесім: диалог. Үйреніп отырған тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдесетін диалог: өтіну, кеңес беру, ұсыныс жасау; баға бере алатындай пайымдау, пікір алысу; қызығатын тақырып төңірегінде пікірсайысқа түсе алу; т.б.
Монолог. Мәліметтер, оқиғалар жөнінде қысқа мәлімдеулер; эмоционалдық, баға беретін көзқарастарды пайдалана отырып әңгімелеу; заттарды, құбылыстарды, әрекеттерді сипаттау; мәселелер төңірегінде ойтолғау; оқиғалар мен адамдарға мінездеме беру; аргументтеу; оқылған мәтінге сүйене отырып мазмұнын баяндау; т.б.
Тыңдалым: түсініп тыңдау. Күнделікті қарым-қатынаста екінші тілдесушінің сөзін толық түсіну; қайта сұрау, қайталап айтуын сұрау стратегияларын қолдана білу; онша үлкен емес түрлі жанр мәтіндерінің негізгі мәліметін түсіне алу; жарнама және т.б. хабарламалардағы қажетті мәліметтерді тілдік болжамға, контекстке байланысты түсіне білу; т.б.
Оқылым. Оқудың негізгі түрлері мен стратегияларын меңгеру:
әртүрлі жанрда жазылған публицистикалық, функционалдық, әдеби, ғылыми-көпшілік мәтіндерді оқи отырып негізгі ой, идея, мәліметтерді іріктей алу;
құрылымдық және мағыналық талдауларды, таңдап аударма жасауды пайдаланып мәтін мазмұнын толық түсіну;
Мәтінді ішінара іріктеп түсіну. Түрлі жанрдағы мәтіндерді жүгірте қарап шығып, қажетті, қызықтыратын мәліметті іздеп табу және бөліп алу.
Сабақты бекітуде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, жетілдіруге, дамытуға арналған жаттығулар барысында жағдаяттар мен жиі қолданылатын тіркесімділік қабілеті жоғары сөздер таңдап алынуы тиіс. Оқыту үдерісінде техникалық құрал жабдықтарды, көрнекіліктер, атап айтқанда, мультимедиалық компьютер, бейне проекторлар, бейнетаспалар, суреттер, сызбалар, кестелер т.б. қолдану оқытудың тиімділігін арттыратыны белгілі. Жадыда естілген нәрсенің тек төртінші бөлігі ғана сақталып қалады, егер қабылдау бейнелі түрде көзбен көру арқылы жүзеге асырылса, есте сақталып қалатын материалдың үлесі үшінші бөлікке дейін артады. Ал дыбыстық және бейнелі ықпалдардың қатар келуінде материалдардың жартысына дейінгі бөлігі есте қалады. Сабақты бекітуде тек оқытушы мен студент арасында ғана емес, студенттердің бір-бірімен әрекетке түсе алатын әдістер қолдану керек. Тек әрбір әдіс сабақта өз орнымен қолданылуы қажет.
Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар:
коммуникативтік бағытта;
орнына қою – тілдік дағдыны қалыптастыру мен автоматтандыру үшін;
«Сөйлемдерді (диалогты, мәтінді) толықтырыңыз», «Сөздерді тыңдаңыз. Көп болса, қалай айтасыз?» т.б.
сөйлемдерді өзгертіп қайта құруға арналған; сөйлемдерді толықтыру, кеңейту, қосу; ұқсас сөйлем құрау, дайын фразаларды әр жағдайға байланысты сөйлемге қосу т.б.
Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жаттығулары екі түрге бөлінеді.
Шартты сөйлеу – оқу материалы негізінде;
Сөйлеу – шынайы қарым-қатынас үлгісі;
респонсивті – сұрақ жауап, репликалық және шартты сөйлесу жаттығулары;
ситуативтік – бір жағдаятты сипаттау;
рөлдік ойындар – әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби;
Достарыңызбен бөлісу: |