БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!
қазақстан. 2017 мақсаттары
ұлттық іс-қимыл жоспары
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫ
Астана
2011
мазмұны
І. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАН. БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ
|
3
|
ІІ. НҰР ОТАН: АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ
|
5
|
ЭКОНОМИКА: ДАҒДАРЫСҚА ҚАРАМАСТАН ӨСУ
|
7
|
ӨМІР СҮРУ САПАСЫ: ТЕҢДЕССІЗ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ
|
8
|
ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ НЕГІЗІ
|
10
|
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛ
|
11
|
ІІІ. БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ
|
13
|
ІV. БІЗ ҚҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН
|
15
|
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
|
16
|
ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ ҚУАТЫ
|
21
|
ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ
|
24
|
Инновациялық экономика – білім экономикасына көшу
|
25
|
Қолайлы инвестициялық ахуал құру
|
28
|
Отандық бизнесті қолдау
|
29
|
Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы
|
30
|
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БАСТЫ НӘТИЖЕСІ – ТАБЫСТЫҢ ӨСУІ
|
31
|
АДАМ. ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ
|
32
|
Ана мен баланы қолдау
|
33
|
Мұқтаж адамдарға қамқорлық
|
33
|
Зейнеткерлерге лайықты өмір
|
35
|
Жастар жетістігі – ел жетістігі
|
35
|
Жайлы өмір сүру жағдайы
|
36
|
Болашақтағы ауыл
|
37
|
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МҮЛТІКСІЗ САҚТАУ ЖӘНЕ
ЗАҢНЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ
|
40
|
Құқық тәртібі және қоғамдық қауіпсіздік
|
40
|
Тиімді мемлекеттік қызметтер
|
41
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
|
43
|
Сот жүйесін жетілдіру
|
44
|
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН қазақстан: ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – ЕЛ БІРЛІГІ
|
46
|
Көптүрліліктегі бір тұтастық
|
46
|
Рухани байлықты еселей отырып
|
47
|
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің факторы
|
48
|
Қазақстандық демократия
|
49
|
Қазақстан: жаҺандық стратегия
|
50
|
Тиімді сыртқы саясат
|
50
|
Отанды қорғау
|
51
|
V. 2017 КОНСЕНСУС НҮКТЕСІ
|
53
|
VІ. НҰР ОТАН – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІЛІК
|
54
|
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
қоғамдық бірлестігінің ХІV съезінің
2011 жылғы « 25 » қараша №1қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
І. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАН. БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ
Құрметті қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
2012 жылдың 15 қаңтарында Парламент Мәжілісіне сайлау болады. Қазақстан маңызды таңдаудың алдында тұр. Еліміздің ертең қандай жолмен дамитындығы біздің әрқайсысымызға байланысты.
«Нұр Отан» – ел Президентінің партиясы, халықтық партия. Ағымдағы жылғы 3 сәуірде өткен соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаевты жаппай қолдайтындығын және халықтың Мемлекет басшысының стратегиялық бағытымен одан әрі жүруге дайын екендігін көрсетті.
Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық ойларын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін өзімізге жауапкершілік жүктеуге дайынбыз.
Қазақстанның болашағын, біз, нұротандықтар, әрбір азамат лайықты өмір сүретін әрі өз балаларының болашағы үшін сенімді болатын, әр адам жеке табысқа жету және өзінің барлық қабілеттерін іске асыру үшін мүмкіндігі бар мықты мемлекет ретінде көреміз. Әрбір қазақстандық сапалы біліммен, жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетумен, жалақысы жоғары жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Біз барлық ұлт өкілдері бір-бірін сыйлайтын, өзінің Отанын мақтан ететін, өмір сүру үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз елде тұратын боламыз.
Және бұл бұлдыр қиялдағы арман емес – әбден шынайы, нақты мақсат. Бұған қол жеткізу үшін бізде барлығы: біздің Елбасымыз, тәжірибеміз, бірлігіміз, болашаққа ұмтылысымыз бар. Және ең бастысы бізде перспективамыздың анық көрінісі – «Қазақстан – 2020» президенттік стратегиясы бар.
Осы мақсаттармен алға ұмтыла отырып, біз отандастармызға «Ұлттық іс-қимыл жоспарын» ұсынамыз. Бұл жаңа парламенттік мерзімге арналған біздің сайлауалды тұғырнамамыз. Бұл – президенттік «Стратегия 2020» іске асырудың бес жылға арналған біздің тиянақты, қадамдық жоспарымыз.
Біздің партиямыздың қатарында 850 мыңнан астам адам бар. Бүкіл ел бойынша 7 мың бастауыш партия ұйымдары қызмет етеді. Бізде 500-ден астам өңірлік филиал мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Осының бәрі: біз адамдарға, елге не қажет екенін білеміз деп нық айтуға мүмкіндік береді.
Біздің баршамыз – қуатты да гүлденген Қазақстанды құрғымыз келеді. Және біз бұған қалай жетуге болатындығын білеміз.
ІІ. НҰР ОТАН: АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ
2007 жылдың сайлауы қазіргі заманғы Қазақстан тарихында бірегей болды – алғаш рет үкіметтің құрамын сайлауда жеңіп шыққан партия құрды. Және осы өткен бес жыл біз партиялық үкіметті қолдап, оның жұмысы үшін жауапкершілікте болдық.
Өткен кезең біз үшін жеңіл сынақ болған жоқ. Бүкіл әлем сияқты біз жаһандық экономикалық дағдарыстың соққысына тап болдық. Жағдайдың күрделілігі жылдам, батыл да табанды шаралар қабылдауды талап етті.
Кез келген кідіріс бағаның тоқтаусыз өсуіне, жаппай жұмыссыздыққа және әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін еді. Осынау қиын сәтте «Нұр Отан» өзінің жұмысын бірнеше бағытқа топтады. Партия Үкіметпен бірлесіп, Елбасының дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асырды. Біз елдің өңірлерінде Президентіміздің дағдарысқа қарсы бағытын және партияның саясатын түсіндіре отырып, белсенді жұмыс істедік. Біз бағаның өсуін және дағдарысқа қарсы қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алдық. Біз қоғамдық келісім мен тұрақтылықты белсенді түрде нығайттық.
Нәтижесінде, беделді халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан соңғы он жылда экономикасының өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кірді. Ақырында дағдарысқа қарсы күрестің қазақстандық үлгісін әлемнің көптеген елдері қолданды.
Еуропа мен Америка елдерін жұмыссыздық жайлаған кезде Қазақстанда Елбасы бастамашылық жасаған және партиялық үкімет іске асырған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» екі жылда шамамен 400 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 4 мыңнан астам мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды, мәдениет үйлерін, кітапханаларды,
5 мың километрге жуық жергілікті жолдарды жөндеуге, 400-ден астам ауылды абаттандыруға мүмкіндік берді.
Көптеген елдер дағдарыстың ықпалынан әлеуметтік шығыстарды, жалақы мен зейнетақыларды қысқартса, Қазақстанда Елбасы, біздің партияның Көшбасшысы өзінің қағидатты ұстанымынан тайынбады – және дағдарысқа дейін жоспарлаған барлық әлеуметтік төлемдер мен жалақыларды көтеру орындалды.
Дамыған елдерді әлеуметтік толқулар мен жаппай ереуілдер жайлаған кезде біз елімізде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай алдық. Біздің партия барлық саяси және қоғамдық күштерді жұмылдыру миссиясын өзіне алды. «Нұр Отан» Партияаралық кеңес құрып, жетекші үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіптік одақтармен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау туралы меморандумдар жасасты. Қазақстандықтардың біртұтастығы мен ауызбірлігі дағдарыспен күрестегі біздің басты қаруымыз болды.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері бүкіл елде қарапайым азаматтардың көкейтесті проблемаларын шешті. Бағаны партиялық мониторингілеу әрбір қала мен ауылда дерлік ең қажетті тауарларға бағаның күрт өсуін ұстап тұруға көмектесті. Партиялық бақылау комитеті мемлекеттік қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын қатаң бақылады.
«Нұр Отан» партиясының алдында бір мезгілде дағдарысқа қарсы тұру және сайлауалды міндеттемелерді орындау сияқты күрделі міндет тұрды. Елбасының тиімді стратегиясының, партиялық Үкіметтің және Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жедел әрі келісілген іс-қимылдарының арқасында біз өз уәдемізді орындадық.
ЭКОНОМИКА: ДАҒДАРЫСҚА ҚАРАМАСТАН ӨСУ
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ең ауыр кезеңінің өзінде біз елдің жалпы ішкі өнімінің үздіксіз өсуін қамтамасыз еттік. 2007-2011 жылдары Қазақстанның ЖІӨ
2 есеге дерлік ұлғайды.
Біз 81 млрд. АҚШ долларынан астам мөлшерде тікелей шетелдік инвестициялар тарта алдық.
Біздің негізгі міндеттемелеріміздің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болды. Және өткен парламенттік мерзімде біз, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін азайтқан жоқпыз – ол бүгінгі таңда 30%-дан астамды құрайды. Бізде қазір барлығы 1,2 млн. астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» табысты іске асырылуда. Бұл Бағдарламаның ерекшелігі – біздің партия барлық уақытта басты назар аударатын қазіргі бар жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын ашу болып табылады. Мәселен, Бизнестің жол картасы іске асырылған екі жылдың ішінде ғана 60 мыңнан астам жұмыс орны сақталды, ал
10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Біз бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатын қойдық. Партиядағы депутаттардың белсенді жұмысының нәтижесінде 2011 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онымен рұқсат беру құжаттары анықталған 1015-тің ішінде 30%-ға қысқарады, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері оңайлатылады. Аталған шаралар лицензиялық-рұқсат беру құжат айналымын 800 мың бірліктен астамға қысқартуға әкеледі, бұл – кәсіпкерлікті шынайы қолдаудың көрінісі.
Біз экономикалық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті ізгілендіруге бағытталған заң жобасын әзірлеуге бастамашы болдық, оны қабылдау кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық қорғалуын едәуір арттырады.
ӨМІР СҮРУ САПАСЫ: ТЕҢДЕССІЗ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ
Өткен бес жылда әлеуметтік салада серпілісті қамтамасыз ете алдық. Әлеуметтік көрсеткіштер өсуінің мұндай қарқыны тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында болған емес.
Уәде берілген мерзімнен бұрын бюджет саласы қызметкерлеріне жалақы және студенттерге стипендиялар
2 еседен астамға, зейнетақы төлемдері 2,6 есеге өсті. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 1,4 есеге өсті. Бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша жәрдемақы 2,6 есеге және төртінші және одан да көп баланы туған кезде 5 есеге дерлік өсті.
Жан басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс 2 есеге дерлік ұлғайды (2007 жылы орташа есеппен – 25226 теңге, 2011 жылғы тамыз – 48527 теңге). Халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымдары 1,5 трлн. теңгеге ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 7,3%-дан 5,3%-ға дейін азайды. Жаңадан 1,2 млн. жұмыс орны ашылды.
Біз білім беруді, ғылымды қаржыландыруға шығыстарды 2 есеге, денсаулық сақтауды 2 еседен астамға ұлғайтуға қол жеткіздік.
Біз 250 мектеп мен 150 денсаулық сақтау объектісін салу туралы мәлімдедік. 2011 жылдың өзінде 343 мектеп пайдалануға берілді, техникалық және кәсіптік білім беретін 49 оқу орны және 145 денсаулық сақтау объектісі салынды. Біз мектепке дейінгі ұйымдардың желісін 4000 объектіге дерлік ұлғайтуға қол жеткіздік.
Біз қазақстандық білім берудің әлемдік стандарттарға жақындауына ұмтыламыз. Бұл бағытта ауқымды қадам жасалды: әлемдік деңгейдегі университет – «Назарбаев Университеті» және интеллектуалдық мектептер желісі салынды, 5 ұлттық ғылыми зертхана және жоғары оқу орындары жанынан инженерлік бейіндегі 15 зертхана құрылды.
Біз өмір сұру ұзақтығының екі жасқа ұлғаюына, ана өлімінің 60%-дан астамға азаюына, бала өлімінің 26%-ға азаюына қол жеткіздік.
Партияның белсенді қатысуымен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша пәрменді шаралар қабылданды. 2008 – 2010 жылдардың өзінде 19,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы кезеңде 535 мыңға жуық қазақстандық өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Біз өзіміздің күш-жігерімізді ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттаймыз.
Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары стационарлық, оның ішінде елорданың үздік клиникаларында емделу үшін медицина ұйымдарын еркін таңдай алады.
Мемлекеттік қолдау шаралары ауылдық жерлерге әлеуметтік саланың 14 мыңнан астам маманын тартуға мүмкіндік берді. «Дипломмен ауылға» жалпыұлттық жобасын іске асыру барысында жыл сайын ауылға келетін педагогтардың саны 2008 жылға қарағанда 2 есеге дерлік көп болды. Жұмысқа орналасқан дәрігерлердің саны 2,7 еседен астамға ұлғайды.
ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ НЕГІЗІ
Күрделі уақыттар – бұл халық бірлігінің төзімділігін тексеру. Ал біз, қазақстандықтар, бұл сынақтан абыроймен өттік. Өз Елбасымыздың айналасына топтасып, біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайта алдық, бұл біздің экономикалық және әлеуметтік табыстарымыздың түйінді шарты болды.
Партия бейбітшіліктің сақталуына және қоғамдағы келісімнің нығаюына жәрдемдесті. Біз үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы әріптестік қатынастар жүйесін белсенді түрде дамыттық.
«Нұр Отан» Ел бірлігі доктринасын әзірлеуге және оның негізгі ережелерін халық арасында түсіндіруге белсенді түрде қатысты. Нақ осы құжат бүгінде Қазақстан ұлты бірлігінің тұжырымды негізі болып табылады.
Біз жоспарлы түрде теңдестірілген тіл саясатын жүргіземіз, Тілдерді қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды.
Біз қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын балабақшалардың санын ұлғайттық, қазір олардың саны 1178. Барлық жалпы білім беретін мектептердің жартысынан астамы – қазақ тілінде оқытатын мектептер.
Этномәдени орталықтар жанында 190 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, оларда Қазақстанда тұрып жатқан
30-дан астам этнос өкілдерінің ана тілін оқуы үшін жағдай жасалған.
Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық бедел
Серпінді дамып келе жатқан мемлекетті құрудың қазақстандық моделі әлемде жалпыға бірдей танылған. Біз еліміздің өңірдегі беделін нығайта алдық. ЕҚЫҰ-ға және ИКҰ-ға төрағалық ету халқымыздың мақтанышына айналды, ал біздің елімізде адамзаттың жартысынан көбін біріктіретін қысқы Азиада-2011 өткізу Қазақстанның әлемдік аренада беделінің артқандығын көрсетті.
Экономикалық табыстардың арқасында еліміз өзінің қорғаныс қабілетін едәуір арттыра алды. Партиялық үкімет Қарулы Күштерді одан әрі нығайту жөніндегі күш-жігерді жалғастырды.
Өткен бес жыл – күрделі шешімдер мен істер кезеңі. Бірақ еліміз дағдарысты еңсеріп қана қоймай, қуаты арта түсті, тіпті дағдарыс шыңына шыққан 2009 жылы бізде экономиканың өсуі 1,2%-ды құрады. Мұнда біздің барлығымыздың, әрбір қазақстандықтың еңбегі бар. Бұл – бүкіл халықтың ортақ табысы!
Біз «Нұр Отан» партиясында сөз істен ешқашан алшақтамайтындығын дәлелдедік. Нұр Отан – халық сенімінің партиясы, ол сенім біздің шынайы істерімізбен беки түспек.
ІІІ. БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ
Әлем тұрақсыздық пен белгісіздік кезеңінде тұр. Жаһандық экономика жаңа толқулар табалдырығында тұр. Әлемдік дағдарыс біткен жоқ – жетекші экономист-ғалымдардың болжамы бойынша дағдарыстың жаңа толқынының болуы сөзсіз.
Еуропалық Одақтағы қарыз дағдарысы бірқатар елдерді дефолттың шегіне әкелуде. Әлемнің ірі елдері қаржы проблемасын сезінуде. Бүкіл әлемде ірі банктер мен қаржы корпорацияларының пайдакүнемдік іс-қимылдарына, кірістерді әділетсіз бөлуге, ушығып отырған әлеуметтік теңсіздікке қарсы ауқымды акциялар өтуде.
Біздің еліміз барлық әлем сияқты алдағы жаһандық проблемалардың ықпалын сөзсіз сезетін болады. Және бүгінгі таңда әрбір қазақстандықты мынадай түйінді мәселелер толғандырады:
Біз жаңа сынақтарға дайынбыз ба?
Біздің ертеңгі күніміз не болады?
Біздің іс-қимыл жоспарымыз қандай?
Мен үшін елім не істейді?
Мен ел үшін не істей аламын?
«Нұр Отан» партиясында бұл сұрақтарға нақты жауаптар бар.
Қазақстан – табысты ел және әрқашан да осындай болады.
Елбасы стратегиясы – біздің табысымыздың негізі.
Тек біртұтас және ұйымшыл ұлт қана болашақтың сынақтарына қарсы тұрып, дамудың жаңа деңгейіне шыға алады.
Бұл біздің нық сеніміміз, біз оны барлық уақытта ұстана аламыз. Біз қиындықтарға төтеп бере аламыз, сондықтан болашаққа батыл қараймыз. Бізді:
Біздің Елбасы,
Өз күшімізге сенім,
Жақсы өмірге ұмтылыс біріктіреді.
Біздің партиямыз «Қазақстан 2020» Елбасы Стратегиясын іске асырудың саяси кепілі болады. Таяу уақыттағы бес жылға біз егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын ұсынамыз.
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
ІV. БІЗ ҚҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН
Таяу уақыттағы бес жылда біз іс-қимылымыздың тоғыз түйінді бағытын алға тартамыз. Олар республикалық және өңірлік бюджеттерді қалыптастырған кезде, заң шығару қызметі және барлық салалық даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдар болады.
Табиғи байлық, өнеркәсіптік инфрақұрылым және қаржылық мүмкіндіктер – бұлар бізге алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін біздің артықшылықтарымыз деп санаймыз. Бұлай бола тұра, елдің басты игілігі – бұл адам, оның білімі мен мүмкіндіктері, оның денсаулығы мен әл-ауқаты екендігіне нық сенеміз. Адам – бұл біздің маңызды ресурсымыз, оның негізінде біздің болашақ дамуымыздың іргесі қаланатын болады.
Міне, сондықтан да таяу арадағы бес жылда және бұдан әрі де біздің партияның назарында әрдайым адам, оның білімі мен денсаулығы тұратын болады. Білімді және сау-саламатты ұлт бола отырып, біз өз кезегінде біздің барлығымызға ауқатты өмір мен жоғары деңгейдегі кірісті қамтамасыз ететін мықты экономиканы құра аламыз. Біздің болашақ табысымыздың формуласы – адами әлеуетті дамыту арқылы әрбір қазақстандық үшін жоғары өмір сүру деңгейіне жету.
Біз болашақта қазақстандықты жоғары білімді және дені сау, бастамашыл да жауапты, мәдениеті жоғары әрі рухани бай, тұрмыс-жағдайлы және бәріне қолы жеткен азамат кейіпінде көреміз.
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ –
ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
Жаһандық бәсекелестікте жүйелі негізде өз азаматтарының зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайтын елдер жеңеді. Сондықтан партия өзінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде барлық деңгейде сапалы білім беруді дамытуды айқындайды. Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру еліміздің барлық жерінде қол жетімді болады. Білім берудің барлық деңгейінде үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.
Біз инновациялық ойшыл азаматтар даярлайтын сапалы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін құратын боламыз. Біз әрбір екінші білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестер құру арқылы оқытудың сапасына қоғамдық бақылауды кеңейтуге ниет білдіріп отырмыз.
Біз мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесін дамытуға жәрдемдесетін боламыз. Әрбір ата-ана жоғары оқу орындарында және колледждерде оқытуға ақы төлеуге екінші деңгейдегі банктерде депозит аша алады. Бұл ретте мемлекет білім беру жинақтарын жылдық 5-тен 7%-ға дейінгі мөлшерде сыйақымен көтермелейтін болады. Бұдан басқа, банк жылдық 8 – 9% мөлшерінде сыйақы беретін болады.
Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің түпкілікті нәтижесі жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің тұрғындар үшін қолжетімділігін кеңейту болады.
Жоғары мектеп мен ғылым біздің ұлттық білім беруді өңірде көшбасшы ұстанымға шығаратын локомотив болады.
Біз білім беру инфрақұрылымын жаңартатын, оқытушылар құрамының біліктілігін түбегейлі арттыруға ықпал ететін, барлық педагогтарға лайықты еңбекақы төлеуге қол жеткізетін және педагог кәсібінің беделі мен мәртебесін арттыратын боламыз, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлай отырып, әлемдік деңгейге шығару мақсатында қазақстандық ғылымды дамытатын боламыз.
Таяу арадағы бес жылда біз:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда:
-
балаларымыздың 80%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге ниет білдіріп отырмыз. Бұл үшін 2017 жылдың аяғына дейін жеке сектормен бірлесіп, 3000-нан астам мектепке дейінгі ұйым салуға;
-
мектепке дейінгі білімді сапалы жақсартуға және баланы мектепке барынша дайындау үшін қазіргі заманғы оқыту стандарттарын енгізуге ниет білдіріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |