Бөлім:
|
10-бөлім: Жер байлығына аяулы көзқарас
|
Педагогтың Т.А.Ә.
|
Болатова С.С.
|
Күні:
|
12.02.2024ж
|
Сынып: 6 Т2
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!
|
Оқу мақсаттары:
|
6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сұраулысөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.
|
Сабақ мақсаттары:
|
6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін түсінеді
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ кезеңдері/уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
|
Амандасу.
Оқушыларды түгел қосылғанын қарап, сабақ барысына өту. Сынып оқушыларының оқу белсенділігіне қарай, тапсырмаларды толығымен немесе жеке ерекшеліктеріне сай беру.
|
Мұғаліммен амандасады, дайындықтарын білдіреді.
|
|
|
Жаңа білім
5 мин
|
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
«Ой түрткі» сұрақтары ,
«Миға шабуыл» әдісі арқылы картаға қарап, сұрақтарға жауап бер.
Сен тұратын мемлекет Жердің қай бөлігінде орналасқан?
Картадан өз мемлекетіңнің географиялық аумағын көрсет?
Сенің мемлекетің қай елдермен шегаралас?
Дескрипторы:
-берілген сұрақты түсінеді.
-сұраққа жауап береді.
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер оқылады.
Жаңа сөздер:
Шикізат- тұтынуға қолайлы өнделмеген зат
Қазба – жер қойнауынан қазып алынатын заттар
Кен – жердің қойнауынан қазып алынатын пайдалы зат.
Кенші - кенде істеуші
Мәрмәр – әк тастың түріне жататын қатты тас
Қорғасын – көкшіл-сұр түсті, жұмсақ, өте ауыр металл
Мұнай - май тәрізді минералды сұйық зат
Құбыр – жер астымен ылғалды я газды бір орыннан екінші орынға жеткізетін түтік.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!» тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
Сабағымызды бастамас бұрын, сын –қимыл үстеуі туралы түсінік алайық.
|
Сұрақтарға дұрыс жауап береді, ой бөлісулері күтіледі.
Жаңа сөздерді есте сақтауы, дұрыс айта алуы күтіледі.
|
|
Оқулық
Жаңа сөздер
|
|