(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады
|
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
|
1.. Отан, туған жер деген ұғымдарды қалай түсінесің?
2. Қазақстанның елордасы туралы не айтасың?
3. Еліміз туралы қандай мәлімет қосар едің?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша, (ә) тапсырмасын орындайды.
Ертеректе бір молда кісі бала оқытумен Арқа өңіріндегі ел жұртқа танылады. Оның көріпкелдік қабілеті де бар еді. Қасиеті бар адамды жұртшылық әулие тұтып, жоғалтқанын сұрап отырады екен.Бірде бір адамның бірнеше жылқысы жоғалып, молдаға келеді. Мұның соңы немен бітерін ойланбастан, молда оны көрші ауылдың бір бай адамының барымташылары айдап әкеткенін айтады. Молданың болжамы дұрыс келіп, жоғалған жылқылар байдың табынынан табылады. Өшіккен бай молданың соңына түсіп, маза бермей қояды. Түрткі көбейген соң, молда елден қашып кетеді. Қашып жүріп, жолда суық тиіп сырқаттанған ол жапан түзде қайтыс болады. Өлерінің алдында жанындағы серіктеріне: «Мені алысқа апарып әуре болмаңдар, осы жерге қойыңдар. Бейітіме саз балшықты ешкінің майы мен сүтіне араластырып илеңдер», – деп аманаттап кетеді. Аманатын екі етпестен орындаған халық мазарды тұрғызып қойғаннан кейін байқаса, молданың мазары күн көзінде де, түнде де жарқырап, ақ түске боялып тұрады екен. Сол себепті де оны жұртшылық Ақмола деп атапты. Кейінірек осы жерде орыс казактары Ақмола станциясының негізін қалайды. Тың өлкесінің ордасына айналған бұл қалаға кеңес заманында Целиноград деген атау беріледі. Бұдан соң Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілген кезде, оның атауы Астана, кейін Нұрсұлтан болып өзгертіліп, жаңаша атқа ие болыпты.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|