Тапсырма
Деректі мазмұнын оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның маңына топтасты. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Олар «өзбек-қазақ» атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 жылдан (1465-1466 жж) басталады. <Алла жақсы біледі>. 940 жылға дейін (1534 ж.) қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне биліктерін орнатты.
Деректің авторы – Мұхаммед Хайдар Дулат. Ол Моғолстан хандарында қызмет етіп, өмірінің соңғы күндерін Үндістанда өткізді. Рашидтың тарихы кітабының бірінші дәптерін 1544-1546 жылдары толықтырып аяқтады
Деректе қандай тарихи фактілер келтірілуде?
Деректің тарихи маңыздылығына дәлел келтіріңіз.
|