Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр оқушыға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі керек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Оқушыларды өнерге тарту.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
-
Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары №12 (435) наурыз 2007 ж
-
Болашақ Ш.Парманқұлова «Қиын бала» және отбасы тәрбиесі 2006 №20 мамыр 3 бет
-
Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын балалармен жұмыс түрлері» №20 (305) мамыр 2006 ж
-
Болашақ Оңалбай Е. «Психолог – тәрбие жұмысындағы жетекші тұлға» №14 (209) сәуір 2006 ж
-
Хабаршы «Психология және социология» сериясы №2 (13)
-
С.М.Жақыпов, Т.К.Күнсләмова «Жетекшідегі «мен» бейнесі және агрессивті мінез – құлық пен өзіндік бағалаудың байланысы.
-
Выготский Л.С, «Педология подростка» Собр. Соч. М.1984 93-101 бет
-
Парманқұлова Ш, Қиын бала және отбасы тәрбиесі/Парманқұлова Ш, //Болашақ.- 2006-№2. –С,№2-қаңтар
-
Юсупов И. Қиын оқушы қайдан шығады ? Юсупов // Қазақстан мұғалімі .- 2006.- 1 Қараша.-Б5
-
Қайырова Ж. Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары /Қайырова Ж.// Қазақстан мектебі – 2006 -№1 –С.62-67 бет
-
Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары/Әбеуова И// Ұлағат – 2004-№5-26-30 бет –С.№5 26-30б Әлеуметтік психология
-
Өтеген Қ. Девиантты мінез-құлықты балаларға сипаттама және оны анықтау жолдары /Қ.Өтеген// Бастауыш мектеп. – 2007 -№1 –Б.5-
-
Қоянбаев ж., Қоянбаев м. «Педагогика» Алматы- 2000 ж.
-
Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы; «Санат» -1996
15. Волкова — Гаспарова Е. Особенности работы педагогов, психологов ДОУ с трудными детьми и их родителями. //Дошк. воспитания 1999 №3 33. Кермимов Л.К. «Қиын» балаларды тәрбиелеу мәселелері» Алматы – 1976 ж.
-
Божович личности ее формирование в детском возросте.
-
Сухоллинский в.а. «Балаға жүрек жылуы» Алматы, «Мектеп»-1976 ж.
-
Овчарова «Практическая психология в начальнй школе» Москва–2001 г
-
Жұмабаев М. «Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері» Алматы – 1974 ж.
-
Усманова «Трудный подросток» Алматы – 1996 г.
-
Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры» //Ұлағат 2000ж.№2
-
Сәттімбекова М. «Мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелері» //Қазақстан мектебі 2000 ж. №5-6
-
Мұсырманова «Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы» //Қазақстан мектебі 2004 ж. №11
-
Славина А.С. «Трудные дети» 1998 г.
-
Сухомлинский В.А. «Коллективтің құдіретті күші» Алматы, «Мектеп» - 1979 ж.
-
Әбенбаев «Сынып жетекшісі» Алматы – 2003 ж.
-
Сухомлинский В.А. «Мектептегі жас директормен сырласу».
-
Қожахметова К.Ж. «Сынып жетекші» Астана – 2002 ж.
-
Макаренко «Ұстаздық дастан» Алматы – 1971 ж.
-
Бейсенбаева Б.Р. «Жеке адамның дамуы, қалыптасуы» Алматы – 1991 ж.
-
Қоянбаев «Жанұя және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы – 1990
-
Болдырев «Сынып жетекшісі» Алматы – 1984 ж.
-
Хмель Н.Д., Жанпейісова Қ.Қ. «Педагогика дәріс курсы» Алматы – 2003.
-
Давыдов В.В. «Психическое развитие младших школников» Москва 1990
-
Юсупов И.М. «Психология взаймопонимания» Казан – 1991 г.
-
Трифонов В.В., Керимов Л.К. «Трудный подросок» Алматы – 1989 г.
-
Уманов Г.А., Парфенов А.В. «Бала бақыты» Алматы – 1978 ж.
-
Иляшева Р.Г. «Алкоголизм родителей и здоровье детей» алматы – 1987
-
Серкебаев Қ. «Қиын» балаларға көмек» //Ұлағат 2005 ж. №4-5
-
Ахметжанова «Мінез-құлқы қиын балалар» // Ұлағат 2001 ж. №1
42. Божович Л.И. "Личность и ее формирование в детском возрасте
М., 1968
43. Изард К. "Эмоции человека" М., 1980.
44. Левис Ш. "Ребенок и стресс" СП., 1997.
-
Бютнер К. "Жить с агрессивными детьми" М., Педагогика, 1998.
46. Психологические проблемы готовности детей к школьному
обучению. М., 1991.
47. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании М., Владос, 1996.
48. Запорожец А.В. Избранные психологические труды в 2т М., Н986.
-
Леонтьев А.И. Деятельность. Сознании. Личность.
-
Акимов Н.А. Природные предпосылки педагогических стилей у преподавателей начальных классов //Вопросы психологии
-
Липкина А.И. Самооценка школьника М., Знание, 1976.
52. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка М., 1977.
-
Юсупов И.М. Психология взаимопонимания. Казань, 1991.
-
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. М., ТЦ "Сфера"
55.Прихожан A.M. Психокоррекционная работа с тревожными детьми. М., 1990.
56.Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального развития личности ребенка. М.: Педагогика, 1988
57. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. Алматы, Рауан, 1996.
58. Гоноболин Психология. Алматы, Мектеп 1976.
59.Галиев. /Тәрбие құралы 2003, № 3
60.Е.Батталханов //Қиын оқушылармен жұмыс жүргізу //Тәрбие құралы 2004 №1,2
61. Мұсырманов А. //Қиын балаға тәрбие беру жолдары. Болашақ 2004 №5
62. Еникеев М.И. "Общая психология" Москва, 2000
63. Павелкив Р.В. Психологические особенности осознания младшими школьниками своего поведения. Киев, 1990.
64.Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Психологическое обследование
младших школьников. Москва, Владос пресс, 2003
65. Владос ИМПЭ им. А.С.Гриболдова 2001. (Психологические тесты Под.ред. А.А.Каремена: в 2 т. - М,:
66. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 2004
67. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 1993.
67. Елисеев О.П. "Практикум по психологии личности". Москва, 2000
68. Климов Е.А. Общая психология. Москва, 1999
69.Петровский А.В., Ярошевский М.Г. "Психология". Москва 2000.
-
Абрамова Г.С. Возрастная психология. - Екатеринбург. 1999.
-
Александров, А.А. Современная психотерапия. - СПб.: 1997..
-
Андреева Г.М. Социальная психология. - М.: 1988.
-
Беличева С.А. Основы превентивной психологии. - М.:1993.
-
Берн Э. Игры, в которые играют люди: Психология человеческих взаимоотношений; люди, которые играют в игры: Психология человеческой судьбы.- М.:1998.
75. Бэрон Р., Ричардсон, Д. Агрессия. - СПб.: Изд-во «Питер». 1997.
-
Бютнер К. Жить с агрессивными детьми. -М.: Изд-во «Педагогика». 1991.
-
Вильянс В.К. Психологические механизмы мотивации человека. -М.: 1990.
-
Джейнс У. Психология. / А.А. Петровский. - М.: Изд-во «Педагогика». 1991.
-
Ежов И. В. Введение в психологию духовного развития личности ребенка. Психологические основы духовной педагогики
-
Завражин С.А. Агрессивные фантазии у детей в детском и подростковом возрасте. //Вопросы психологии 1993.№5
-
Игры - обучение, тренинг, досуг. / В.В. Петрусинский. - М.: Изд-во «Прометей». 1991.
-
Крылов А.А. Практикум по экспериментальной и прикладной психологии. -СПб.: 1999.
-
Кулагина, И.Ю. Возрастная психология. - М.: Изд-во УРАО. 1997.
-
Кэрол Флейк Хобсон, Брайн, Е. Робинсон, Петси Скин Развитие ребенка и его отношения с окружающими. - М.: 1993.
-
Кэрролл е., Изард. Эмоции человека. / Л.Я. Гозман, М.С. Егорова. - М.: Изд-во Московского Университета. 1980.
Қорытынды
Бүгінгі тандағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшіне түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап «реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреуінің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез-қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Сондықтанда бала бойында, яғни мінез-құлқында байқалатын қиындықтарды дер кезінде анықтап, арнайы түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сонымен зерттеу барысында біз таңдап алған тақырып бойынша теориялық зерттеулер мен практикалық бақылау нәтижесінде жеткіншек жас оқушыларының мінез-құлқында қиыңдықтардың (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, жасқаншақтық, т.б.) бар екені анықталды. Зерттеу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліңді. Бала бойындағы қиындықтардың пайда болу себептері біріншіден, отбасы тәрбиесінен десек, екіншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмыстардағы кемшіліктермен сипатталатынын анықтадық.
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу тек қана мұғалімнің ғана міндеті емес, сонымен қатар ата-аналардың да міндеті болғандықтан ата-аналармен де жүргізілетін жұмыстарға тоқталдық.
Адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани тірегі ата - ана.Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз. Мектепке балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу — тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шындау үшін бағытталады. Міне, осы орайда оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді қарым-қатынаста болуы, әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларға ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысымызда жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың теориялық негіздері қарастырылды. Оқушының мінез-құлқында қиындықтарды (2 кесте) анықтап, оларды белгілі бір топтарға ж:іктедік. (3 кесте)
Сонымен жеткіншек жас оқушыларында пайда болатын қиындықтар:
-
Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерге;
-
Мектеп оқу – тәрбие процесіндегі процесіндегі кемшіліктер; оның ішінде мұғалім мен бала қарым-қатынас өзгешеліктеріне;
-
Баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне;
Оқушыларды өзіндік бағалауларына байланысты екені анықталды.
Психолог, әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін саулықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағидасын жадымызда ұстап, зерттеу жұмысымыз бойынша анықталған киындықтарды дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Сонымен жұмысымызды қорытындылай келе, оқушыда тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:
Оқушының өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз тентек етіп шығарады. Дегенмен, қиын деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан "қиын" бала тәрбиесінде мына жайттарды ерекше есте ұстаған жөн.
-
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып рухани дуниесін терең зерттеп білу, жүрекпен сезініп, оған қайырымды болу керек.
-
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін және мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
-
Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
-
Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды,
ұстамды болу қажет.
-
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
-
Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
-
Орынсыз жазаламау керек.
-
Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу қажет.
10. Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі "қиын" жеткіншектерді тәрбиелеу - ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне асыруда ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Қосымша «А»
Бағдарлама мақсаты: Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды (дұрыс қарым - қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, ұялшақ) түзету.
Бағдарлама міндеті: 1) өзін және басқаларды сыйлауға; дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету;
2) Оқушының өзіне деген сенімін арттыру.
3)Өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше (самостоятельно) орындауға дағдыландыру.
I бөлім. Өзіне деген сенімсіздікті жою және дұрыс қарым - қатынас
жасауға арналған тапсырмалар.
Міндеттері:
І.Өзіне деген сенімділікті арттыру.
2.Өзіндік «Менін» дұрыс қалыптастыруға үйрету
3.Өзінің жетістіктерін бағалай білуге дағдыландыру
Өткізілетін сабақтар
1. «Сенің есімің» (метод идентификации со своим имением).
-
«Өзіңе дос танда»
3.«Ең - ең»
-
«Паровоз» ойыны
-
«Досыңмен кездесу» этюд
-
Жақсы дегеніміз не? және жаман дегеніміз не?
-
Өзінді таны
-
Қарым - қатынас мәдениеті
-
«Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті.
II бөлім. Жағымды мінез - құлық қасиеттерін қалыптастыру бойларындағы ұялшақтық қасиеттерін жою.
Міндеттері:
1.Оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып, жағымсыз әдеттерден арылту.
2.Дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету;
1. «Туған күн» ойыны
-
«Осылай әділ болады»
3.«Жағымсыз қылықтар»
4. «Сұрақ - жауап» тренинг
-
«Жаман болғым келмейді»
-
«Мен өзімді қасиетім үшін жақсы көремін
7. «Мен орындай алмаймын», «Мен орындаймын».
III бөлім. Қорқыныш қасиеттерін жою. Міндеттері:
1. Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.
2.Өзін басқалармен қарым - қатынас кезінде қалай ұстау керек екендігін үйрету.
-
«Менің қорқынышым қандай түсті»
-
«Сенің туыстарың »
3. «Не істеу керек»
-
«Мен және басқа: біз - әртүрліміз»
-
«Сен неден қорқасың »
Ойын барысын енді балалар бір-біріне сұрақ беріп, жалғастыра береді. «Сұрақ - жауап балаларды сергіту ойыны ретінде, әрі белсенділікке, өз ойларын дұрыс жеткізе алуға дағдыландырады. Ойын соңында балалар ойыннан алған әсерімен бөліседі.
«Менің қорқынышым қандай түстің?
Мақсаты: Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.
Қажетті заттар: Түрлі — түсті қарыңдаштар, сурет дәптер парағы. Барысы: Мұғалім балаларға өз қорқыныштарынан арылуды ұсынады. Ол оқушыларға:
- Балалар сендердің қорқыныштарың қандай түсті? - деп сұрайды.
Мұғалім оқушыларға:
- Балалар алдарыңдағы ақ қағазға қорқыныштарың қандай түсті
болса, сондай түспен бояңдар!- деп тапсырма береді.
Сурет дайын болған соң мұғалім оқушыларға:
-
Балалар енді дайын болған соң суреттерінді ұсақтап жыртып тастаңдар!- дейді.
-
Енді сендер еш нәрседен қорықпайсыңдар, - деп қорытындылайды.
«Жаман болғым келмейді»
Мақсаты: Бұл тақырып бойынша, өткізілетін сабақтар оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып жағымсыз әдеттерден арылтады. Не істеуіміз керек?
Мақсаты: - Балаларды дұрыс шешім қабылдай білуге;
-
Өзін басқалармен қарым-қатынас кезінде қалай ұстау керек. екендігін үйрету
-
қорқыныш сезімін жеңе білуге дағдыландыру.
«Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті. Балаға өзін екі суретте бейнелеп салуға тапсырма беріледі. Бірінші
суретте өзінің қазіргі кезін, ал екінші суретке өзін келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.
Қосымша «Б»
• «Мен және менің денем. Бұл тапсырмалар психогимнастика негізіне бағытталған жаттығулар: Қонжықтар, насос және доп, үш 3 жолдас этюд т.б. Бұл жаттығуларды жүргізгенде бөлмеде жаттығуға сәйкес әуен болуы керек.
• «Мен және менің тілім
1.«Сөзсіз қалай қарым-қатынас жасауға болады» тақырыбында
әңгіме»
2.«Терезе арқылы». Балаларға бір-бірімен терезе арқылы сөйлесіп
тұрғандай етіп, елестеткізіп, жестпен түсіндіру тапсырылады. Мысалы: «Сен қолшатырынды ұмытып кеттің, ал далада болса жаңбыр жауып тұр».
3.«Сөзсіз тақпақ айтып бер».
Оқушылармен ойындарды жүргізіп болған соң, олармен алған әсерлері жайында, адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екендігі жөнінде әңгіме жүргізу тиімді әдістердің бірі.
• «Мен және менің эмоциям».
-
«Көңіл- күй күнделігі»
-
«Көңіл- күйді көтеру тәсілдері»
• «Менжәне мен»
1. Психологиялық автопортрет
Парақтың бірінші бетіне оқушы: «Мені қандай қасиеттерім үшін жақсы көруге болады?» деген сұраққа жауап жазады, екінші бетіне «маған қандай қасиеттерім үшін ұрысуға болады?», деген сұраққа жауап жазады.
2.«Өзіндік қабылдау »
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «Менің кемшіліктерім», оң жағына «Менің жетістіктерім» деп ойларын ашық жаздыру.
Менің кемшіліктерім Менің жетістіктерім
1.
2.
3.
4.
5.
6.
5 минуттан соң 3-4 оқушының өз жазғандарын талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ «сын айтуға» болмайды
Қорытынды: Тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын, жауапкершілігін, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын,өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.
Тренинг барысында баяу әуен ойнап тұрады. Ол оқушылардың ойлануына әсерін тигізеді.
2. «Мен қандай адаммын». Ақ қағаз алып, «Мен қандай
адаммын» деп жазып, мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс: 1.Менің өмірім: қандай жетістіктерім мен кемшіліктерім бар? 2.0тбасы әсері: ата-анам, аға-іні, сіңілі-қарындасым т.б.
Бұл тапсырманы жиі өткізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің жетістігі мен кемшілігін біліп отырады, өз ісіне қорытынды жасап, кемшіліктерді болдырмауға тырысады.
• «Мен және басқалар».
1.Ұжымдық сурет.(ұжымдағы орнынанықтауға бағытталған).
2.«Біз кімді сыпайы деп айтамыз» әңгіме
• «Мен және менің отбасым »
1.Ата-ананы жақсы көру дегеніміз не?- әңгіме барысында
мынандай сұрақтарды қоюға болады: «Отбасында бірі-бірі
жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі жөнінде, ата-
анаға деген өз сенімін, махаббатын қалай жеткізуге болады?»
т.б.
2.«Менің отбасым» тақырыбында сурет салдыру.
3.«Мейірім». Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш
сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық силап
көрейік. Өзіңнің жақын туыстарың, танысың туралы қандай
жақсы сөз айтар едің.
Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.
Қорытынды: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын....»
Достарыңызбен бөлісу: |