Бөлімі: Айнымалы ток



бет1/2
Дата10.09.2023
өлшемі56.32 Kb.
#477048
түріСабақ
  1   2
8 Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген


Қысқа мерзімді жоспар



Бөлімі:

Айнымалы ток

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы. БЖБ №2



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.4.3.6 - R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу;

Сабақтың мақсаты:

- R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептейді;



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут
Өткенге шолу
5 минут

Жаңа сабаққа дайындық
3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.


«Кіру билеті» әдісі арқылы 3 топқа бөлу


Билет бойынша қойылатын сұрақтар:
1.Активті кедергі деп нені айтамыз?
2.Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері қалай анықталады?
3.Активті кедергідегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазалық қатынастары қандай?
4.Сыйымдылық кедергі деген не?
5.Конденсатор қосылған тізбек арқылы тұрақты ток жүрмейді, ал айнымалы ток жүреді. Неге?
6.Айнымалы токтың желісіне жарық шамы қосылған. Егер осы тізбекке тізбектей конденстор қосылса, шам шығаратын жарық энергиясы өзгере ме?
7.Катушканың индуктивтігін арттырғанда индуктивті кедергі қалай өзгереді?
8.Индуктивті кедергі деген не?
9.Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтіктің ток күшінің шамасына қалай әсер ететінін түсіндіріңдер.
10.Айнымалы ток деген не?
11.Айнымалы токтың стандарт жиілігі неге тең?
12.Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні деп нені айтады?
13.Актив кедергінің формуласы
14.Сыйымдылық кедергінің өлшем бірлігі
«Ой қозғау» әдісі
Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында сұрақтар қою


1.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.
2.Айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау



Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді және мұғалім нұсқаған топқа орналасады.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді, қайталау жасайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.





ҚБ: ауызша мадақтау


ҚБ: мадақтау сэндвичі

11 сыныпқа арналған оқулық, интерактивті тақта

интерактивті тақта





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет