А бай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Филология институты
БОӨЖ-3
Тақырыбы:Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі
Орындаған: 204-топ студенті Тоқтарбай А.Н.
Тексерген: ф.ғ.к., проф. Жүніс М.Ә.
Алматы-2023
Глоссарий
Архаизм— қолданудан әлдеқашан шығып қалған шығарманың тілін қиындата түсетін ескі сөздер мен сөз тіркестері. ...(232б.)
Афоризм-қысқа да нұсқа айтылған, аз сөзбен терең ойды жеткізетін, ықшам да мәнерлі нақыл. (491б.)
Варваризм-фонетикалық жатық дыбысталудан өтпеген, тіл тұтынушыларға бөтендік, өгейлік ретінде сезілгенмен көбірек қолданылатын, алайда тілдің лексикалық жүйесіне енбеген шет елдік сөз немесе тіркес..(168б.)
Диалект-тілдің әртүрлілігі, өзге нұсқалардан жүйелік тәсілдермен ерекшеленетін грамматика. Лексикалық, фонологиялық, синтаксистік және семантикалық айырмашылықтары болуы мүмкін.(608б.)
Дисфемизм- қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту
Жаргон-белгілі бір әлеуметтік немесе кәсіби топтың ерекше сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып сөйлеу мәнері. (596б.)
Идиома-белгілі бір тілге тән сөз тіркесі, оның мағынасы құрамындағы сөздердің негізгі мағынасына сәйкес келмейді; фразеологизммен бірдей.(154б.)
Кәсіби сөздер — белгілі бір кәсіп түрлеріне байланысты қалыптасқан терминдер жиынтығы. Кәсіби сөздер таралу аясының шектеулігі жағынан диалект сөзге өте жақын болып келеді(195б.)
Кірме сөздер-басқа тілдерден алып қолданылатын сөздер. (202б.)
Лексика- белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жалпы жиынтығы, тілдің сөздік құрамы.Лексика – лексикология, семасиология және ономасиологияның зерттеу объектісі (152б.)
Лексикология-тілдің сөздік құрамы мен сөздік қорын зерттейтін тіл білімінің саласы. (152б.)
Неологизм-тілдің сөздік қорындағы жаңа сөз немесе жаңа мағына(154б.)
Омоним - айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары бір-бірінен мүлде басқа сөздер. (157б.)
Полисемия- Бір сөздің бірнеше мағынаға ие болу қасиеті; көпмағыналылық. Полисемия тілдердің бәрінде де бар және ол – сол тілдердің лексикасындағы көптеген сөздерге тән құбылыс (201б.)
Синоним- Айтылуы басқа-басқа болғанмен, мағыналары бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі жүре алатын сөздер.(212б.)
Сөз - белгілі заттың, құбылыстың, оқиғаның, түр-түстің, қимыл-амалдың, тағы басқа да ұғым-түсініктердің атауы. (124б. )
Сөздік қор - көлемі жағынан аз болады да ғасырлар бойына сақталатын , көп өзгерістерге түспейтін, өте баяу дамитын, тілдегі сөздердің көбеюіне негіз, ұйытқы болатын байырғы түбірлік сөздер. (160б.)
Сөздік құрам - сөздік қорға енетін түбірлік сөздерді ішіне алатын, тілде қолданылып жүрген барлық сөздердің жиынтығы. Сондықтан ол сөздік қорға қарағанда көлемі жағынан анағұрлым көп болады. (160б.)
Табу сөздер - полинезей тілінің ta -«белгілеу» және bu - « күллі, түгелімен» тіл білімінде табу айтуға тұрмыстық- этнографиялық, діни, моральдық-этикалық тұрғыдан тыйым салынған сөздер дегенді білдіреді. (169б.)
Фразеологизм- тұрақты сөз тіркесі; бүтін тіркестің мағынасы оны құрайтын бөліктерінің жеке тұрғандағы мағынасынан өзгеше болады(256б.)
Эвфемизм ( грек тілінің euphemeo – « сыпайы сөйлеймін» деген сөзінен алынған термин) -алмастырылып айтылған сөздер. Мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылып жеткізу. (358б.)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |