Лексикология



Дата10.12.2022
өлшемі495.5 Kb.
#466988
түріҚұрамы
Лексикология

Лексикология

  • Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.
  • Семасиология
  • Этимология.
  • Ономосиология.
  • Лексикография
  • Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық.
  • Лексикология
  • Тарихи лексикология
  • Сипаттама лексикология
  • Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді.
  • Сипаттама лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.
  • Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызын зерттейді.

Семасиология Ономосиология

  • Нені қарастырады: Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.
  • Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады.
  • Семасиология – (гректің семантикос — білдіру, мән және логос — ілім деген сөздерінен алынған)лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.
  • Нені қарастырады: Ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
  • Ономосиология диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
  • Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады.
  • Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді:
  • Антропонимика- кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алады
  • Топонимика-географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады
  • Дүние жүзіндегі барлық тілдерде туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөзтудырудың бір тәсілі – сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін.
  • Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне тән қасиет.

Лексикография

  • (грек.— сөзге қатысты,— жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Лексикологияда қарастырылады; Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.)
  • Сөздіктердің бірнеше түрлері бар:
  • “Орысша-қазақша сөздік” (1954),
  • “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963),
  • “Абай тілі сөздігі” (1968),
  • “Диалектологиялық сөздік” (1969),
  • “Этимологиялық сөздік” (1996),
  • “Орысша-қазақша терминология сөздігі.
  • Экономика, философия”, 1962),

Қорытынды

  • Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді:
  • біріншіден мағынасы жағынан,
  • екіншіден шығу тегі жағынан,
  • үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан,
  • төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан,
  • бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді.
  • Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет