Бородулиха ауданының 2009 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ақпарат
Өнеркәсіп
2009 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 7716,8 млн теңге немесе 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы бағасымен салыстырғанда 100,9 % құрады. Аудан өндірісінің негізгі көлемі Жезкент кен өндіру комбинатының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы кәсіпорындарына келеді. 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген негізгі өнім түрлері: кен қазу - 1221,93 мың тонна ал 2008 жылы 1146,29 мың тонна өндірілген, кенді қайта өңдеу - 1219,19 мың тонна, өткен жылы 1149,52 мың тонна өндірілді, мыс және мыс қоспаларын өндіру – 48349,35 тонна (құндық тұлғалау – 7682004,36 мың теңге), өткен жылы 51242,68 тонна өндірілді (құндық тұлғалау – 6228599,66 мың теңге), мырыш және мырыш қоспаларын өндіру - 39824,39 тонна (құндық тұлғалау – 2356852,21 мың теңге) 2008 жылы 37027,82 тонна өндірілді (құндық тұлғалау – 1197561,47 мың теңге).
Ауыл шаруашылығы
Мал және өсімдік шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы ауданымыздың экономикасындағы аса маңызды салаларының бірі. Аграрлық сектордың тұрақты жұмысына жалпы экономиканың жағдайы, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігі және тұрғындардың өмір сүру деңігейі елеулі деңгейде тәуелді.
Бородулиха ауданы облыстағы ірі агаралық өңірлерінің бірі болып саналады.
2009 жылғы 1 қазанына жағдай бойынша астық және бұршақ дақылдарының 98,4 мың га немесе жинау алқабының 81,5 % шабылған. Оның 87,71 мың га немесе 72,7 % бастырылып, 146,3 мың тоннасы жиналған, жалпы түсім 16,7 ц/га құрады. Күздік қара бидай 4,6 мың га немесе 100 % жиналған, түсімділік 12,4 ц/га, жаздық бидай 56,4 мың га немесе 69,5 %, түсімділік 17 ц/га, арпа 18,99 мың га немесе 100 %, түсімділік 18 ц/га, сұлы 2,36 мың га немесе 100 %, түсімділік 20 ц/га, қарақұмық 5,2 мың га немесе 38,6 %, түсімділік 10,6 ц/га, бұршақ 0,16 мың га немесе 100 %, түсімділік 12,3 ц/га.
Картоп 1580 га немесе жинау алқабының 93,1 % жиналған, жалпы түсім 22,1 мың тоннаны құрады, түсімділік 140 ц/га, көкөніс 270 га жиналды, 5,67 мың тонна өнім жиналған, түсімділік 210 ц/га.
Өткен жылмен салыстырғанда жаңбырдың жиі болуына байланысты егін жинау науқаны созылып кетті, сонымен бірге барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі жоғарлады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік резервке және ауданның тұрақтандыру қорына астық тапсыру бойынша тапсырма жеткізілген жоқ.
2009 жылдың 1 қазанына жағдайы бойынша Бородулиха ауданында 37920 бас ІҚМ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 %, оның ішінде сиыр 16894 бас немесе 106,9 %, шошқа – 11937 бас 103,4 %, қой мен ешкі – 28975 бас немесе 95,3 %, жылқы – 3684 бас немесе 98,1 %, құс – 84446 бас немесе 96,1 % өткен жылдың кезеңіне сәйкес.
2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның барлық шаруашылық санаттарында малды және құсты тірі салмақта сойып өткізу 5655,1 тоннаны құрады (2008 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 107,4 %), 35135,7 тонна – сүт сауылған (111,8 %), 6090,0 мың дана – жұмыртқа алынған (101,7 %), 63,0 тонна – жүн қырқылған (123,8 %).
Шағын бизнес
Осы уақытта ауданда шағын бизнестің 91 кәсіпорыны тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне 104,6 % құрайды, соның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорын 46 (өткен жылдың сәйкес мерзіміне 90,2 %).
Сауда және басқа да қызметтер
2008 жылдың қаңтар-тамыз айларына пайыздық бөлшектік сауда айналымының көлемі 95,9 % құрайды.
Еңбекақы төлеу.
Ауданда статистика бөлімінің деректері бойынша 2009 жылдың 1 қазанында 1-ӨК нысаны бойынша есеп беретін ірі және орта кәсіпорындар еңбекақы бойынша қарызы 203886 мың теңге мөлшерінде, оның ішінде кешіктіліген қарыздар жоқ.
Айлық орташа жалақы қаңтар-қыркүйек айларында 50160 теңгені құрады, бұл өткен жыл деңгейінен 11,1 % жоғары. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту.
Аз қамтылған жанұялардың жалпы саны, оның ішінде
2008 жылы – 551/1700 адам
2009 жылы – 504/1559 адам. (Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыспен қамту есебінен кірістерді көбейту түрінде аз қамтылған азматтардың санының төмендеуі)
Экономикалық белсенді түрғындарға тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2008 жылы - 0,8 %
2009 жылы - 0,8 %
Жұмысты және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінде жұмыспен қамтылғандардың саны
2008 жылы – 302 адам
2009 жылы – 880 адам (Жол картасы аясында 576 адам жұмыспен қамтылғандар есебінен көбейді)
Төленетін қоғамдық жұмысқа жіберілгендер
2008 жылы- 325 адам
2009 жылы – 337 жұмыссыз (сандардың көбейуі 2500 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша қаражат есебінен)
Жаңа жұмыс орнын құрылуы
2008 жылы – 212 орын
2009 жылы – 319 (180 орын Ұлттық халықтар саны есебінен көбейді)
Жастар тәжірибесіне жіберілгендер
2008 жылы – 9 адам
2009 жылы – 7 адам (жұмыссыздар саны 7 адамға жоспарланған сәйкес ЖТ жіберілгендер)
2009 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша нақты жұмыспен қамтылғандар саны 745 адам (жоспардың 85 %), оның ішінде жұмыспен қамту органымен жіберілуімен жұмысқа орналасқандар саны 576 адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар санынан 77,3 %. Осы уақытта Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған Жол картасын іске асыратын азаматтар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақта халықтарды жұмыспен қамту бойынша тапсырма жоспарынан артта қалу белгіленуде.
Сонымен «Бородулиха ауылының жиек тасын және суғару жүйесін ағымдағы жөндеу» бағдарламасы бойынша жоспарланған 150 адамнан нақты жұмыспен қамтылған 108 адам құрады, жоспарланған жұмыс орны жоғарланған санынан мәселесі бойынша 72,0 % құрайды.
Білім беру объектісінде жоспарланған 305 адамнан 241 адам жұмыспен қамтылған, ол 79,0 % құрайды, оған себеп құрылыс саласында білікті мамандар жоқтығы.
Бүгінгі күнде Жол картасы бойынша 45 инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды, білім беруде – 22 жоба, коммуналдық тұрғын-үй шаруашылығы – 2 жоба, жолаушы транспорт және автокөлік жолы – 14 жоба, селолық жергіліктің әлеуметтік жобасы – 7.
2009 жылдың 15 қазанына
2009 жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспары 222775 мың теңге құрайды, 222730,9 мың теңге немесе 99,9 % игерілген,оның ішінде жіберілгендер бойынша:
- Инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым жоспарын жөндеу және дамытуға 25031 мың теңге, 25012 мың теңге немесе 99,9 % игерілді
- Мектептерді жылыту және жөндеу 94018 мың теңге жоспарланған, 93992 мың теңге немесе 100 % игерілген.
- Аудандық маңызы бар жолдардың құрылысын және қайта құрылуын жөндеу 72900 мың теңге жоспарланған, 72900 мың теңге немесе 100 % игерілген.
- Селолық жергілікте әлеуметтік жобаның жоспары 30826 мың теңге, 30826 мың теңге немесе 100 % игерілді.
Жастар тәжірибесінің әлеуметтік жұмыс орнын кеңейтуге республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен 6142,0 мың теңге бөлінді.
30 адам жоспарында 24 ұйымдарға жастар тәжірибесіне 38 маман немесе 123 % жіберілді, оның ішінен Бородулиха селолық округ бойынша 20, Новошульба 4, Жезкент 2, Дмитриевка 1, Новодворовка 1, Андреевка 1, Степной 3, Таврия 1, Новопокровка 2, Белағаш 1. 2009 жылдың 1 қазанына қаржыландыру сомасы 1397 мың теңге, 100 % күтілетін игерілім.
Ауданның 15 ұйымдарындағы жоспарында 40 адам әлеуметтік жұмыс орынға 48 жұмыссыз немесе 113 % келесі округтар бойынша жіберілді: Таврия 3, Новошульба 16, Бақы 5, Новопокровка 8, Дмитриевка 4, Андреевка 1, Белағаш 6, Бородулиха 2. 2009 жылдың 1 қазанына қаржыландыру сомасы 2625,0 мың теңге, -2479 мың теңге немесе 94 % күтілетін игерілім.
Кадрларды қайта оқыту мен қайта даярлау жылдық жоспары 152. Кадрларды қайта оқыту мен қайта даярлауға 96 адам немесе 62 % жіберілді
Сумен жабдықтау және су бұру
2009 жылы республикалық бюджет қаражатының нысаналы трансферттер есебінен сумен қамтамасыз ету объектілерінің қайта жөндеулері мен құрылысына сомасы 1744215,0 мың теңге, оның ішінде Бородулиха ауылында (2 кезекті) сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге 19500,0 мың теңге, Белағаш, Петропавловка, Дмитриевка және Коростели ауылдарындағы (2 кезекті) сумен жабдықтау жүйелерін қайта жөндеуге 124715,0 мың теңге бөлінген. 2009 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша 123830,7 мың теңге игеруді немесе 85,9 пайызды құрады.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен Камышенка, Шелехово, Аул ауылдар және Березовка санаториясында сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге ЖСҚ төлеуге жалпы сомасы 21359 мың теңге, сондай-ақ Бородулиха ауылында (3 кезекті) сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге ЖСҚ түзетуге - 2856,0 мың теңге, 2009 жылдың 1 қазанына орындалғаны 100 пайыз.
Сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бородулиха ауылы (1-кезекті) су жүргізу және сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге жалпы сомасы 18957,0 мың теңге. 2009 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша 10548,5 мың теңге немесе 55,6 % игерілген.
Тұрғын-үй
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2009 жылы жеке санаттағы азматтарға тұрғын-үй сатып алуға 3560,6 мың теңге бөлінген, оның ішінде Переменовка ауылында білім беру бөлімінің мамандарына сомасы 350,0 мың теңгеге тұрғын үй сатып алу, Бородулиха ауылында мәдениет бөлімінің маманына сомасы 1000,0 мың теңгеге үй сатып алу және Новашульба ауылы және Жезкент кентінің білім беру мамандарына қызметтік тұрғын-үй сатып алуға 1510 мың теңге сомасында бөлінген.
2009 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша 10548,5 мың теңге немесе 55,6 % игерілген.
Тұрғын үй бағдарламасын орындау бойынша 2009 жылы Бородулиха ауылында Молодежная көшесінде төрт пәтерлі тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 26485,0 мың теңге, 2009 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша 26168,0 мың теңге игерілген.
2009 жылы жергілікті бюджет қаражат есебінен төрт қызметтік үй сатып алынды: Жезкент кентінде 1510 мың теңге тұрады, Новашульба ауылынды 700 мың теңге тұрады, Бородулиха ауылында 400 мың теңге тұрады, Переменовка ауылында 350 мың теңге тұрады. 2009 жылдың қыркүйегінде тұрғын-үйді пайдалану жоспарланған.
Білім беру
Бородулиха ауданының білім беру мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін оқу-әдістемелік кешенін және кітаптарды сатып алуға аудандық бюджеттен 2009 жылы 16915,0 мың теңге бөлінді, 35498,9 мың теңге немесе 81,5 % игерілген.
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық қорын нығайтудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражатынан 2009 жылы 43581,0 мың теңге қаражат бөлінген, 35498,9 мың теңге немесе 22,9 % игерілген.
Білім беру мекемелерінің күрделі жөндеулеріне 2009 жылы 34809,0 мың теңге раеспубликалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен бөлінген, 2009 жылдың 1 қазанда 34797,3 мың теңге игерілген.
Ағымдағы жөндеуді жүргізу үшін 2009 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 70887,0 мың теңге және республикалық бюджет есебінен 2154,0 мың теңге бөлінген.
Жергілікті бюджет қаражат есебінен 2009 жылы Новопокровка ауылының Әуезов атындағы орта мектебінің спорт дәлізі құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға 2567,0 мың теңге бөлінді, 2009 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 2566,8 мың теңге игерілген.
Негізгі капиталға инвестициялар
Аудан бойынша негізгі капиталға инвестиция жасау көлемі есеп берген кәсіпорындар бойынша 1924 млн теңге құрады және 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының деңгейіне 49,4 % азайған.
Бюджеттің кіріс бөлігін орындау
Аудандық бюджет кірісі 2009 жылдың 1 қазандағы 102,0 % орындалды, 1529,3 млн теңге жоспарында 1635,4 млн теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігін орындау
Шығын бойынша ауданның бюджеті 97,8 % орындалған, төлемдер бойынша анықталған жоспар 1609,1 млн теңге 1573,0 млн теңге орындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |