Бородулиха ауданы әкімінің Петропавловка, Зубаир ауылдық округтерінің тұрғындарына 2013 жылғы 1 ақпанда сағат 10. 00 Петропавловка ауылында өткен есеп беру кездесуі



Дата26.06.2016
өлшемі295.01 Kb.
#158749
Бородулиха ауданы әкімінің

Петропавловка, Зубаир ауылдық округтерінің тұрғындарына 2013 жылғы 1 ақпанда сағат 10.00

Петропавловка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 131 адам. 8 сұрақ, барлығына түсініктеме берілді.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

М.Ж.Тұрғанбаева,

«Майра» ш/қ басшысы.

Воскресеновка ауылының тұрғыны.


«Петропавловка- Воскресеновка» жолдарының жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетін болады?

Түсіндірілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бақылауда.


2

С.В. Андрейцева,

ардагерлер кеңесінің мүшесі,

Петропавловка ауылы


Ауылдағы жастардың бос уақыты бойынша – клуб ашу.


Түсіндірілді. Ағымдағы жылдың бюджетінде клубты жөндеуге қаражат қарастырылмаған. Мектепке спортпен шұғылданамын дегендерге жағдай жасалған, қызығушылықтары бойынша секциялар, үйірмелер қызмет етеді. Іс-шаралар өткізу үшін акт залы ашылған.

3

М.А. Чебакова,

зейнеткер,

Петропавловка ауылы


Қазпошта бөлімшесін жаппауды сұраймыз – ауыл үлкен, зейнеткерлер саны да көп.

Түсіндірілді. Нормативтік актіге сәйкес адам саны 2000 төмен елді мекендердегі бөлімшені жабу шешілді. Ғимарат сатылған жағдайда сатып алу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

4

Қ. Құсманов,

өзін - өзі жұмыспен қамтыған,

Зубаир ауылы


Ауылға су құбыры қашан қосылады?

Түсіндірілді. 2013 жылы Зубаир, Зенковка ауылдарының сумен жабдықтауға және Бородулиха ауылындағы су құбырын жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеуге 16 млн.теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлу қарастырылуда.

5

Н. Мырзаханова,

Шаруа қожалықтың басшысы,

Петропавловка ауылы


Өткен жылы жұмыспен қамту орталығына несие алуға өтініш бергенбіз, сол өтініштің қарастырылып жатыр ма?

Түсіндірілді. Құжаттарды қарастырып, кейін кезек бойынша беру. Қазіргі уақытта түскен өтінімдердің көлемі бөлінген қаражаттардан артық.

6

Ф. Садырдинова,

Округтің Әйелдер кеңесінің төрайымы.



Қазпошта бөлімшесінің жұмысы туралы оң пікірлер – жаппау туралы өтініш.


Түсіндірілді. Нормативтік актіге сәйкес адам саны 2000 төмен елді мекендердегі бөлімшені жабу шешілді. Ғимарат сатылған жағдайда сатып алу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

7

Г.Р.Гердт,

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Петропавловка ауылы



1) Байтанат – Воскресеновка ауылдарының жолдарын жөндеу бойынша.
2)Жастардың бос уақыты.

Түсіндірілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бақылауда.
Түсіндірілді. Ағымдағы жылдың бюджетінде клубты жөндеуге қаражат қарастырылмаған. Мектепке спортпен шұғылданамын дегендерге жағдай жасалған, қызығушылықтары бойынша секциялар, үйірмелер қызмет етеді. Іс-шаралар өткізу үшін акт залы ашылған.


Бородулиха ауданы әкімінің

Новопокровка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 1 ақпанда сағат 13.00

Новопокровка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 217 адам. 3 сұрақ, 2 түсініктеме берілді, 1- бақылауға алынды.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Н.И.Яровой,

Округтің Ардагерлер кеңесінің төрағасы.



Жастардың бос уақыты үшін клуб ашу қажеттілігі

Түсіндірілді. Екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірінші – шаруа бюджеттік қаражат және қожалықтары басшылары мен «Семейгидрогеология» ЖШС демеушілік көмегі есебінен мәдениет үйін сатып алу. Клубты реконструкциялауға ЖСҚ аяқтаулы сатысында. Аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын өткізуге қаражат бөлуге өтінім берілетін болады. Екінші – «Гидрогеолог», оның күрделі жөндеу жұмыстарын «Семейгидрогеология» ЖШС жүргізеді. Бүгінгі күнге 10 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

2

Е.И.Шишлакова,

Зейнеткер



Дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің жұмыс туралы оң пікірлер. Жедел жәрдем жүргізушісінің жалақысын көтеру және жедел жәрдем машинасы үшін бөлінетін бензин көлемін арттыру туралы өтініш.

Түсіндірілді. Жедел жәрдем машинасының шақыруларға келмей қалу жағдайлары тіркелмеген. Шұғыл жағдайларға бензин қарастырылған.

3

А.М.Романов,

Округ белсенділерінің төрағасы



М.Әуезов атындағы орта мектептің жанында қызмет ететін шағын орталықты кеңейту мәселесін округті әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына қосу қажет

Бақылауға алынсын. Білім бөлімінің бастығы шағын орталықты кеңейту қажеттілігін зерделеп, округтегі демографиялық жағдайға талдау жасасын.


Бородулиха ауданы әкімінің

Подборный ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 1 ақпанда сағат 16.00

Камышенка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 390 адам. 1 сұрақ, түсініктеме берілді.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

А.Н.Терехов,

зейнеткер



Камышенка ауылына кіре беріс жолды реконструкциялауды ұсынды.

Түсіндірілді. Шаруа қожалықтары басшыларының демеушілік қаражаты есебінен жыл сайын шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Бородулиха ауданы әкімінің

Степной ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 4 ақпанда сағат 10.00

Шелеховка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 78 адам. 1 сұрақ, түсініктеме берілді.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Ж.Т.Исабекова,

Шелеховка ОМ ата –аналар комитетітінің төрайымы



Мектепті жылыту үшін резервтік дизельді электр станциясын сатып алу немесе электрі жылу беруді қосу мүмкін бе?

Түсіндірілді. Бюджетте қаражат қарастырылған, ағымдағы жылдың наурызында мектепті жылыту үшін дизель станциясын (генератор) сатып алу жоспарланған.



Бородулиха ауданы әкімінің

Белағаш ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 4 ақпанда сағат 10.00

Зенковка ауылында өткен есеп беру кездесуі

Қатысқандар - 210 адам. 6 сұрақ, барлығына түсініктеме берілді.







Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

И.Г.Михов,

өзін - өзі жұмыспен қамтыған Зенковка ауылы



Кент ішіндегі жолдары тазалау, «Белағаш-Сарноғай», «Белағаш -Зенковка» жолдарын шұңқырлы жөндеу.

Түсіндірілді. Кент ішілік жолдарды тазалаумен «Достық» ш/қ (басшысы- А.Н.Құрамысов). Наразылықтар болған жоқ. 2012 жылы Новопокровка-Белағаш жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Белағаш-Зенковка-областық маңызы бар жолдарға қаражат облыстық бюджеттен бөлінуі қажет. Шешім ағымдағы жылдығ мамыр айында көктемгі тексеру өткен соң қабылданатын болады.

2

С.С.Каменская,

зейнеткер,

Зенковка ауылы


Электрдің жиі өшуі бойынша.

Түсіндірілді. Факт бойынша орынға шығу ұйымдастырылды ақаулықтар жойылды. Алдағы уақытта ақаулықтар туындаған жағдайда, Бородулиха АЭС жүгіну ұсынылды.

3

Ю.С. Терещенко,

зейнеткер,

Зенковка ауылы


Телефон байланысы бойынша.

Түсіндірілді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Троицкое ауылында сымсыз телефон байланысының станциясы орнатылатын болады, Зенковка ауылының аумағы қамтылатын болады. Телефон аппараты болған жағдайда барлық ниет бірдіргендерге қосылатын болады.

4

Г.Х.Сергеев,

зейнеткер,

Зенковка ауылы


ҰОС қатысушылар, «ауғандықтар», мүгедектер санаты үшін арзандатылған отын сатып алу мүмкіндігі бар ма?

Түсіндірілді. Тұрғын үй көмегін ресімдеуге арналған құжаттармен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну ұсынылды.

5

Л.Ф.Ющенко,

зейнеткер,

Зенковка ауылы


Пошта бөлімшесін жабу мәселесі бойынша .

Түсіндірілді. Белағаш ауылдық округі адам саны 2000 төмен елді мекендер санатына жатпағандықтан, пошта бөлімшесі жабылмайды.

6

В.И. Яровой,

зейнеткер,

Зенковка ауылы


Жайылым бөлу туралы.

Түсіндірілді. Округте жайылым жеткілікті. Жас төлдерді Васильевка ауылына жазғы жайылымға жіберу ұсынылды.



Бородулиха ауданы әкімінің

Дмитриевка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 4 ақпанда сағат 15.00

Дмитриевка ауылында өткен есеп беру кездесуі

Қатысқандар - 146 адам. 3 сұрақ, барлығына түсініктеме берілді.







Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

А.У.Салимбаев,

Зейнеткер



Жергілікті газеттерде почта бөлімшелерін жабу туралы мақала шықты. Сол рас па?

Түсіндірілді. Қазіргі уақытта «Казпочта» АҚ почта байланысының бөлімшелерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дотация және өзін-өзі ақтамағандыққа байланысты. Жабу мәселесі жоқ, қызмет көрсетуде өзгерістер болады. Поштаны тасу және жеткізу, зейнетақыны төлеу кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

2

П.С.Құрмансиітов,

зейнеткер



Кент ішілік жолдарды тазалау мәселесі. Кім тазалауы керек? Осы мақсаттарға қаражат қарастырылған ба?

Түсіндірілді. Қыс мезгілінде кент ішілік жолдарды тазалаумен өз қаражаттары есебінен, округтің шаруа қожалықтары айналысады. Аудандық бюджетттен қаражат аудандық маңызы бар жолдарды тазалау үшін бөлінеді.

3

П.С. Құрмансиітов,

зейнеткер



Су құбыру қайта қалпына келтіріледі ме?

Түсіндірілді. Дмитриевка ауылында сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша Семей қаласының «Казсельбурводстрой» ЖШС мердігер болып табылады. Қазіргі уақытта сот талқылауы жалғасуда, сәулет бөлімінің талап арызы қанағаттандырылды, орындалмаған жұмыстардың сомасын өндіріп алу туралы соттың шешімі қабылданды. Қазіргі уақытта мергідер аппеляцияға шағым берді. Жұмыстар сот шешімі орындалған және қосымша қаражат бөлінген соң жалғастырылатын болады.


Бородулиха ауданы әкімінің

Бақы ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 5 ақпанда сағат 11.00

Коростели ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 162 адам. 2 сұрақ, 1- түсініктеме берілді, 1-бақылауға алынды.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Р.У.Күмпейісова,

ОДА аға дәрігері,

Коростели ауылы


Дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пунктке су беру мүмкіндігі туралы.

Бақылауға алынды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне мәселені шешуге жәрдемдесу, мердігер- “ Dakar Groop” ЖШС қарастырылсын.

2

К.Г.Чережитенова,

ОМ мұғалімі

Коростели ауылы


Рейстік автобуспен мәселе болып тұр, қыс мезгілінде аудан орталығы мен Семей қаласына жету қиын.

Түсіндірілді.«Коростели-Бородулиха» маршрутындағы автобустың рейсі апта сайын сейсенбі де жеке кәсіпкермен жүзеге асырылады.



Бородулиха ауданы әкімінің

Новодворовка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 5 ақпанда сағат 15.00

Ивановка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 173 адам. 6 сұрақ, 5- түсініктеме берілді, 1-бақылауға алынды.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

В.Т.Гребенюк,

Қоғамдық кеңестің төрағасы


В.Т.Гребенюк,

Қоғамдық кеңестің төрағасы

Х.Ш.Галиева,

зейнеткер


1) Кент ішілік жолдарды жөндеу бойынша.

2) «Тірек ауылы» жобасына енгізу туралы өтініш.

3)полицияның учаскелік инспекторына көлік бөлу туралы.


Түсіндірілді. Алдағы уақыттағы жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ұсынылды..

Түсіндірілді. 2013 жылға «Тірек ауылы» бағдарламасы бойынша 3 ауыл бекітілді.


АІІБ бақылауға алсын. Ұсыныс қаралатын болады.

2

Р.И.Латрайдер,

Шаруа қожалығының басшысы.



Қоршаған орта эмиссиясына салық енгізілген, есептілікті тапсыру мерзімі – тоқсан сайын. Шаруа қожалықтары басшыларының атынан жеңілдету мәселесін қарастыруды сұрады- есепті жылы рет тапсыру.

Түсіндірілді. Табиғи ресуртар басқармасы аталған салықты жеңілдету бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныс дайындауда. Жоғары тұрған ведомтсвоға нақты ұсыныс жолдау ұсынылды.

3

Л.П.Борышко,

Көше комитетінің төрағасы




Ауылдағы үйлерді бұзбай қалай алып қалуға болады?

Түсіндірілді. Жеке меншік иелері сату немесе бұзып алу мәселесін өздері шешуге құқылы. Бұзудан кейінгі дер кезінде қалпына келтірілуіне ауылдық округтің әкімі бақылауды жүзеге асырады.

4

М.М. Рахлеев,

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы



Жерлерді өңдеу мәселесін көтерді. Ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіруді ұсынды.

Түсіндірілді. Ауыл шаруашылық құрылымларының басшыларына біріккен қожалықтардың тәжірибесіне сүйену қажет.



Бородулиха ауданы әкімінің

Переменовка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 6 ақпанда сағат 15.00

Переменовка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 170 адам. 9 сұрақ, 7- түсініктеме берілді, 2-бақылауға алынды.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

В.В. Пазий,

Зейнеткер



ЖКБК болашағы қандай, комбинатты жабуы мүмкін бе?

Түсіндірілді. Комбинатты жабу туралы жауап беру мүкін емес – жиырма жылдай өндіруге болатындай қор бар.

2

В.И. Балтабаева,

Переменовка ОМ директоры



Интернетке қосылу сапасы туралы.


Түсіндірілді. Ағымдағы жылдың 3-4 тоқсанында Мегалайн қосылатын болады.

3

Е.Құрманғалиев,

жұмысшы


Жайылымның жетіспеуі туралы.

Бақылауға алынсын. Ауылдық округтің әкімі аталған мәселені тұрғындардың жиынында қарастырсын.


4

К.К.Әкімбаев,

өзін-өзі жұмыспен қамтыған



Бөлінген шабындық жерлердің көлемі өте аз - 1 га. Бұрын 3-4 га бөлетін.

Түсіндірілді. Шабындық жерлерді мал саны көрсетілген әр шаруашылық бойынша кітаптар бойынша өткізу қажет.

5

С. Қасаинов,

Автобус жүргізушісі



Андроновка ауылында жолдар тазартылмайды, мектеп ғимаратының жанында қар көп- көктемде су басып қалуы мүмкін.

Түсіндірілді. Кент ішілік жолдарды тазалау өз күштерімен – жеке тұлғалардың, шаруа қожалықтарының техникаларымен жүзеге асырылады.

6

Б.Айтқалиева,

зейнеткер



Клубтың ғимаратында суық, бумен жылыту жүргізілетін болады ма?

Бақылауға алынсын. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәселені қарастырсын.

7

Ш.И. Сүлейменова,

зейнеткер



Дәрігерлік амбулаторияны контордың бос ғимаратында орналастыру мүмкіндігі туралы.

Түсіндірілді. Амбулатория үшін ғимарат мәселесі шешілуде.

8

М.Гайсина,

зейнеткер



Қыс мезігілінде кент ішілік жолдарды тазарту.


Түсіндірілді. Кент ішілік жолдарды тазалау өз күштерімен – жеке тұлғалардың, шаруа қожалықтарының техникаларымен жүзеге асырылады.

9

Ш.И. Сүлейменова,

зейнеткер,

М.Гайсина,

зейнеткер



Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша.

Түсіндірілді. Су жергілікті су жинауынан кесте бойынша күніне 2 рет беріледі. Қыс мезгілінде жер асты жодарын тазалау тұрақты бақылауда.


Бородулиха ауданы әкімінің

Жерновка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 7 ақпанда сағат 10.00

Жерновка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 141 адам. 2 сұрақ, түсініктеме берілді.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

А.А. Рожкова,

зейнеткер,

Жерновка ауылы


Почта бөлімшесін жабу туралы.

Түсіндірілді. Қазіргі уақытта «Казпочта» АҚ почта байланысының бөлімшелерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дотация және өзін-өзі ақтамағандыққа байланысты. Жабу мәселесі жоқ, қызмет көрсетуде өзгерістер болады. Поштаны тасу және жеткізу, зейнетақыны төлеу кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

2

Л.Н.Харченко,

кітапханашы,

Жерновка ауылы


Мектепті салған кезде көкніс қоймасы, жылыжай, қызметтік көлікке арналған гараж неге қарастырылмаған?

Түсіндірілді. Объектіні қабылдау актіне қол қойылмаған. Мектеп жобалау-сметалық құжаттамаларда қарастырылған жұмыстар аяқталған соң қабылданатын болады.


Бородулиха ауданы әкімінің

Новошульба ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 7 ақпанда сағат 12.00

Новошульба ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 321 адам. 4 сұрақ, түсініктеме берілді.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

А.И. Бузин

Комаров атындағы мектептің директоры



Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Түсіндірілді. 2012 жылы мәдениет үйінің ғимараты білім бөлімінің теңгерімінен ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгеріміне берілді, 3,100 млн.теңге сомасына ЖСҚ әзірленді. 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталатын болады, 129 млн.теңге көлемінде қажетті сома аздаған түзетулерімен облыстық бюджеттен бөлінетін болады.

2

Н.В.Филатова,

зейнеткер



Полиция бөлімшесін қайта қалпына келтіруге болмайды ма?

Түсіндірілді. Заңнамаға сәйкес шаттарды қысқарту өткізілді.

3

В.Ф. Менделева - зейнеткер

В.А. Васько– өзін-өзі жұмыспен қамтыған

Г.Н. Тихоновецкая– өзін-өзі жұмыспен қамтыған

Н.П. Давыденко- зейнеткер



Кент ішілік жолдарды қардан кейін неге уақтылы тазаламайды?

Түсіндірілді. Жергілікті бюджеттен кент ішілік жолдарды ұстауға қаражат бөлінбейді. Новошульба ауылдарының ұзындығы 29, 26 ш. жолдар шаруа қожалықтарына бекітілген, тазалау бойынша меморандумдар жасалған.


4

В.Ф. Менделева - зейнеткер

В.А. Васько– өзін-өзі жұмыспен қамтыған

Г.Н. Тихоновецкая– өзін-өзі жұмыспен қамтыған

Н.П. Давыденко- зейнеткер



Ауылдық округтің тұрғандары таза ауыз сумен қашан жабдықталады?

Түсіндірілді. Қазіргі уақытта ауданда «Ақ бұлақ 2011-2020» бағдарламасына сәйкес құрамына 15 еоді мекен, сонымен қатар Новошульба ауылы кірген Красный Яр ауылы – Жезкент кентінің су тартқышын орнату жобасына техникалық-экономикалық негіздеме /ТЭН/ бойынша жұмыс басталды.


Бородулиха ауданы әкімінің

Андреевка ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 7 ақпанда сағат 15.00

Михайличенково ауылында өткен есеп беру кездесуі

Қатысқандар - 132 адам. 1 сұрақ, түсініктеме берілді.






Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Л.Н.Штанова,

әйелдер кеңесінің мүшесі,

Михайличенково ауылы


Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Түсіндірілді. Ағымдағы жылға кент ішілік су құбырын ағымдағы жөндеу үшін қаражат бөлінді.

Бородулиха ауданы әкімінің

Жезкент кенттік округінің тұрғындарына 2013 жылғы 8 ақпанда сағат 11.00

Жезкент кентінде өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 370 адам. 10 сұрақ, түсініктеме берілді.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

В.М. Шурова,

зейнеткер



«Жезкент-Бородулиха» жолдарын жөндеу

Түсіндірілді. Жоба келісілді, ағымдағы жылға Қазақмыспен бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша келісім шарт жасалған.

2

В.М. Шурова,

зейнеткер



Халық банкінде үнемі кезек, әсіресе зейнетақы алар кезде, кассирлер қызмет көрсетіп үлгермейді, мұндай үлкен кентке мамандар жеткіліксіз.

Түсіндірілді. Кезек тудырмау үшін карточкалық жүйеге көшу қажет. Зейнеткерлердің карточка арқылы зейнетақы алуы үшін төлем орталығы мамандарының шығуы ұйымдастырылатын болады.

3

Н.Т. Богданова,

зейнеткер



Неге осы күнге дейін бассейн алі жөнделген жоқ, жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетін болады?

Түсіндірілді. Қазақмыс басшылығымен ағымдағы жылға қаражат бөлінді, көктемда жөндеу жұмыстары басталуы тиіс.

4

Н.Т. Богданова,

зейнеткер



Санатории-профилакторияда жөндеу жұмыстары жасалғанымен, әлі күнге дейін мақсатқа сай қолданылмайды, шахтерлар қашан бара алады?

Түсіндірілді. Ағымдағы жылы мәселе шешілетін болады.

5

Н.Т. Богданова,

Зейнеткер



Зиратқа баратын жолға қашан жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады?

Түсіндірілді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде басталатын болады, бюджеттен 7,5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады.

6

Е.А. Деркачева,

зейнеткер



Электр қуаты бағасының өсуі бойынша.

Түсіндірілді. Табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттікпен ШҚО бойынша бірыңғай тариф бекітілмеген, бұл тарифтың өсуіне әкеліп соқты.

7

В.Н. Прокопьева,

Зейнеткер



Күйеуім қант диабетімен ауырады, жылдың басынан бастап жеңілдетілген дәрі-дәрмек ала алмай жүрміз.

Түсіндірілді. Жеңілдетілген дәрі-дәрмек түскен жоқ, таяу арада алып қаларсыздар.

8

Д. Илданов,

зейнеткер



Бородулиха ауылында окулист дәрігер жоқ

Түсіндірілді. Бүгінгі таңда аудандық емханада окулист маманы бар.

9

В.К. Никоненко,

зейнеткер



Жезкент емханасында УДЗ, окулист, стоматолог мамандары жоқ.

Түсіндірілді. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда. Окулист қабылданды. Стоматологтан басқа онколог және нарколог мамандарына қажеттілік бар. УДЗ маманы бойынша мәселе шешілуде, қайта мамандануға жіберілетін болады.

10

В.К. Никоненко,

зейнеткер



Жезкент кентінде «Жезкент-Горняк» бағытындағы рейс қашан ашылады?

Түсіндірілді. Аталған мәселе бойынша Горняк қаласының әкімшілігіне хабарласқанбыз, аталған бағыттағы рейсті ашуға келісетін жеке тұлғаларды табу керек.


Бородулиха ауданы әкімінің

Красный Яр ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 11 ақпанда сағат 13.00

Красный Яр ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 178 адам. 1 сұрақ, түсініктеме берілді.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Ж.Ж. Базилов,

Ауылдық округтің фельдшері



Медициналық пункт үшін ғимарат мәселесі қалай шешілуде? Медициналық пунктке жарамды «Қазақтелеком» АҚ ғимараты аукционға қойылмайды.

Түсіндірілді. Ғимарат құжаттарының дұрыс ресімделмеуіне байланысты аукцион жариялау мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ заңгерлерімен мәселе шешілуде. Ақпан айының аяғында аукцион өткізу мерзімі анықталатын болады.


Бородулиха ауданы әкімінің

Ленин ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 12 ақпанда сағат 14.30

Песчанка ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 150 адам. 8 сұрақ, түсініктеме берілді.




Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Л.С.Лашина, зейнеткер, ардегерлер кеңесінің төрайымы

Песчанка ауылы неге тірек ауылы болмады? Балабақша, шағын-орталық, балалар алңының құрылысы жоспарланған ба?

Түсіндірілді. Бағдарлама 2012-2014 жылдарға әзірленген, бұл бағдарлама аяқталған соң басқалары болады. Тірек ауылы – бұл дамытуға қаражатты мемлекет қана бөлмейді, бұл тұрғындардың да өз учаскелерін тәртіпке келтіруі. ДК, әрекет ететін субъекттер тартылады. Сіздердің округтеріңізде келесідей жағымды жағдайлар бар: 2011 жылы Песчанка ауылындағы су құбырын күрделі жөндеу, қолданыстағы ҚТҚ қоймасы. 2014 жылы «Песчанка орта мектебі» КММ базасында шағын орталық ашу жоспарлануда.

2

Г.Ж. Түсіпжанова,

зейнеткер



Песчанка ауылында тек бір ғана көше жарықтандырылған, басқа көшелер бойынша жарықтандыру жоспарланған ба?

Түсіндірілді. 2013 жылы Октябрь көшесін жарықтандыруға 3 млн.теңге қарастырылған.

3

В.Н.Горбань, зейнеткер, қоғамдық кеңестің төрайымы, «Родник» этномәдени бірлестігінің басшысы;

Т.Н. Қолдомасова,

Песчанка ауылының тұрғыны


Мәдениет үйін жөндеу туралы.

Электр беру желісін жөндеу қарастырылған ба?



Түсіндірілді. Мәдениет үйінен ауыртпалықтар алынған соң (кепілдікте) кейін жөндеумен теңгерімге қабылданатын болады- 2014 жылдан кешіктірмей. Түсіндірілді. Электр бері желісінің қ\тозуы 70% құрайды. Алдыңда электрмен жабдықтау жүйесін шетел кампаниялары басқарған, қазір жүйе мемлекетке берілген. Аталған факторды ескеріп, кезең-кезеңмен жөндеу жүргізілетіндігін айтуға болады.


4

Е.С. Байғаринов,

«Песчанка» АҚ жұмысшысы



Жайылымның жетіспеуі туралы.

Түсіндірілді. Бір мал басына жайылым нормативі есебінен алғанда округте жайылым жеткілікті. Өзінің әрекет етуін тоқтатқан Раёво және Мурзов ауылдарының жерлері «елді мекеннің жерлері» мәртебелерінен айылды және қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлеріне қосылып, мақсатқа сай қолданылуда. Аталған аумақтарда мал бағуға болады.

5

К. Искакова, Песчанка ауылының тұрғыны

Көктемгі тасқынды болдырмау үшін қандай әрекеттер жасалуда?

Түсіндірілді. Ауданда ТЖ алдын алуға жеткілікті қаражат қарастырылған, жеке сектор, ДК, әрекет ететін субъектер тартылатын болады. Барлық тұрғындарға үйлер мен құрылыстардың шатырларындағы қарларды дер кезінде тазалау туралы өтініш. Жылғыз басты зейнеткерлер мен тыл еңбешілеріне ерекше назар аударылсын.

6

З.А.Киреева, Песчанка ауылының тұрғыны

Ауылда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мал шаруашылығын дамыту үшін жүгінген аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылары бар, дегенмен ешқандай көмек көрсетілген жоқ.

Түсіндірілді. Республикалық транферттер түскен жағдайда (150-180 млн.теңге) өтінім берген азаматтарға хабар беріледі.

7

З.М.Зенина, Песчанка ауылының тұрғыны

Ауылға «Мегалайн» байланысын өткізу мүмкін бе?

Түсіндірілді. Мәселе 2013 жылдың наурыз айынан бастап шешілетін болады.


Бородулиха ауданы әкімінің

Таврия ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 13 ақпанда сағат 11.00

Буркотов ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 123 адам. 4 сұрақ, түсініктеме берілді.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Н.С.Шкиркина

Амбулатория мен почта бөлімшесі жұмыс істейтін болады ма?

Түсіндірілді. Аталған мекеме бұл округте жабылмайды.

2

Ю.И.Покатаев

Жолдарды қыс мезгілінде ұстау бойынша.

Түсіндірілді. Қазіргі уақытта жолды кеңейту үшін ауыр трактор тарту мәселесі шешілуде.

3

А.И.Сарбасов

Электриктердің жұмысы көңілден шықпайды- кей кездері жарық болмай қалады, ауылдың көптеген көшелерінде тоқ кернеуі жоғары. Округке электриктің штаттық бірлігі бөлінеді ме?

Түсіндірілді. Ауданға кезекші электриктердің 7 штаттық бірлігін бөлу мәселесі шешілуде, олардың біреуі сіздердің округтеріңізде болуы керек.

4

Т.В.Савченко

Ауылда жылдам Интернет пен ұялы байланыс болады ма?

Түсіндірілді. Жылдам Интернет мәселесі шешілуде. Ұялы байланыс бойынша – ұялы байланысының жабдығы өте қымбат, абоненттердің желткілікті мөлшері болғанда мамандардың шығуы болады және мәселе оң шешілуі мүмкін.


Бородулиха ауданы әкімінің

Бородулиха ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00

Бородулиха ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 296 адам. 3 сұрақ, 2 түсініктеме берілді, 1 бақылауда.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Д.С.Жаботинский,

«Болашақ» аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы



«Лесхоз-Бородулиха» жолындағы көше жарығы бойынша. Бұл мәселе шешімін табады ма? Қай уақытта?

Түсіндірілді. 2013 жылға Бородулиха ауылдық округіне жалпы сомасы 6 млн.теңге көлемінде көше жарығына қаражат бөлінді, оның жартысы «Лесхоз-Бородулиха» учаскесіне бағытталатын болады.

2

М.П.Дементьева,

Бородулиха ауылы «Лесхоз» ауданының тұрғыны



«Лесхоз-Бородулиха» жолдының жағдайы өте нашар, ылғи шұңқыр мен төмпешіктер. Бұл мәселе қалай шешілетін болады?

Түсіндірілді. Аталған сипаттың күрделі шығындарына көп қаражат қажет. Оны аудан бюджеті көтере алмайды. Сонымен қатар, қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінетін болады. Одан әрі облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізілетін болады.

3

М. Ковальчук, Дмитриевка ауылының тұрғыны

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасын толық іске асыру мәселесі: Семей қаласының ЖОО білім алу кезінде студенттерді тіркеу қиыншылықтарына байланысты ауылдық тіркеу қалады- оқуын аяқтап, ауылға жұмысқа орналасқан жағдайда аталған түлек бағдарламамен қарастырылған жеңілдіктерді қолдана алмайды, өйткені құжат бойынша аталған ауылда тіркелген және ауылына қайта оралды деп саналмайды.

Т.сіндірілді. Аталған мәселені қарастыру және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына өзгертулер енгізу туралы ұсыныс енгізу Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатады. Ұсыныс аталған Министрлікке жеткізілетін болады, нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.


Бородулиха ауданы әкімінің

Уба-Форпост ауылдық округінің тұрғындарына 2013 жылғы 15 ақпанда сағат 11.00

Уба-Форпост ауылында өткен есеп беру кездесуі
Қатысқандар - 43 адам. 2 сұрақ, 1 түсініктеме берілді, 1 бақылауда.





Т.А.Ә.

Сұрақтың мазмұны

Ескерту

(түсініктеме берілді,

бақылауға алынды)

1

Е.В.Синявская,

өзін-өзі жұмыспен қамтыған




Қыс мезгілінде жолдарды тазалау бойынша.

Түсіндірілді. Жолдарды тазалауға келісім шарт А.М.Рахметуллмен жасалған. Наразылықтар болған жоқ.

2

Т.Ю. Антонова,

Орта мектептің медбикесі



Тексеру үшін дәрігерлердің тоқсан сайын шығулары туралы ұсыныс.

Бақылауда. Аталған мәселе шешілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет