Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы



бет1/12
Дата13.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#131469
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы
хабарландыру (2015 жылғы 10 қазандағы № 194 (28672) және
13 қазандағы № 195 (28673)
«Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


C-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

С-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

C-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы; сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды;

C-O-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

C-O-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген).


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

min

max

C-4


106344

143501

C-O-5


64063

86485

С-5

80078

108266

C-O-6


57656

78157

С-О-3


94813

128126

C-R-4


56375

76235

С-О-4


84563

114032

C-R-5


49969

67906


I. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті, 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 36, анықтама үшін телефон: 8 (7242) 27-05-47, электронды мекенжай: kzbilbak@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттар жобасын жасау және жетілдіру; талдамалық материалдарды, есептерді, тиісті сұрақтар мен Департамент қызметін жетілдіру бойынша әдістемелік-нұсқаулық құжаттарды дайындау; білім беру ұйымдарын лицензиялау мен мемлекеттік аттестаттаудан өткізу бойынша Департамент материалдарының ҚР заңдарына сәйкестігіне талдау жүргізу; білім беру ұйымдарын тексеру материалдарына талдау жасау; білім беру ұйымдарына тексеру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу. Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес осы салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



ІІ. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 740548, ombudsman-kz@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Сараптамалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жылдық есебі жобасын және адам құқықтары мен бостандықтары бойынша арнайы есептерді, баяндамаларды дайындау; Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау; адам құқықтары саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық ұйымдарға дайындаған есептерге материалдарды жүйелеу; Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келісу үшін түскен нормативтік құқықтық актілер жобасын қарау; адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілер бойынша азаматтардың өтініштерін, арыздары мен пікірлерін қарау, олар бойынша мониторинг және ақпараттық материалдарды жедел талдау; азаматтарды қабылдау жұмысын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім; адам құқықтары саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ережелерді білуі; азаматтық, қылмыстық құқықтар саласындағы заңдарды білуі; компьютерде жұмыс істеу кәсіби дағдылары.



ІІІ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, 040008, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, электронды мекенжайы: itk.alm@mid.gov.kz, анықтамалар үшін телефон: 8 (7282) 24-09-15, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 13 тамыз 2016 жылға дейінгі демалыс кезеңіне).

Функционалды міндеттері: кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көліктік оқиғаны тіркеу, тергеудің өткізілуі және жіктеуді жүзеге асырады, кеме қатынас су жолдарының жағдайы мен навигациялық құрал-жабдықтарының жай-күйлеріне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, кемелерге (соның ішінде шағын көлемді), ішкі су жолдарында орналастырылған салдар мен өзге жүзу объектілері мен ғимараттарына олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне байқау өткізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізіліміне мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің команда құрамының тұлғаларын аттестаттауды және дипломдауды, шағын көлемді кемелер үшін техникалық қадағалау өткізуді,шағын көлемді кеме жүргізушілерін дайындау бойынша курстардың есебін жүгізуді, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беруді жүзеге асырады. Кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуына бақылау және қадағалауды,кемеде барлық кемелік құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен су көлігінің қызмет тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына, анықталуына оларды бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шара қабылдауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, жеке және заңды тұлғалармен ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерінің сақталуына бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көліктік бақылау органдарына бекітілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бөлімнің атқарылған жұмыстары бойынша апталық, айлық, тоқсандық есептері мен талдауды жасауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Компьютерде Word, Eхcel, E-mail бағдарламаларымен жұмыс істей білу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: заңгерлік, экономикалық, техникалық. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



IV. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесi 22, анықтама телефоны: 8 (7172) 32-01-88, 8 (7172) 32-74-93, факс: 8 (7172) 32-01-88, электронды мекенжайы:ok_dchs_ast@emer.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы, С-О-4 cанаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеті: бөлім қызметін ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды талдау және осы мәселелер бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындалу бойынша қалалық тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды жүзеге асыру. Қаладағы аудандардан тұрғын үй-коммуналдық саладағы, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы ақпарат жинау және талдау. Қысқы кезеңде қалалық тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мәселелері бойынша құжаттарды, шешімдерді, өкімдер мен қаулыларды дайындау және іске асыру. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету (жерге орналастыру). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

2. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету іс-шараларын бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиямен тексеруге қатысу. Бөлім басшысы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету (жерге орналастыру). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

3. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлiмiнің бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеті: бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс - шараларын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін ақпараттандыру жүйесін құру, дамыту және тұрақты дайындықта ұстауды ұйымдастыруға қатысу. Құзіретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ақпараттық мәселелер бойынша жетекшілік ету және үйлестіру. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттандыру жүйесін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Бөлім басшысы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әскери іс және қауіпсіздік, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымы (информатика, механика, физика), білім (информатика) мамандығы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

4. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Заң тобының бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік (2015 жылғы 20 желтоқсанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеті: Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің наразылық-талап қою жұмысының жай-күйі бойынша мәліметтерді, анықтамалар-есептерді әзірлеу; Құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда уәкілетті өкіл ретінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мүддесін ұсыну. Жеке құрамды қызметтік дайындық жүйесінде құқықтық мәселелер бойынша сабақтарды өткізу, Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрықтарына, келісімшарттарына құқықтық сараптама жасау. Астана қаласы бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департаментімен күнделікті қызметті үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдқ міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.

5. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 cанаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеті: материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуына қадағалау және есеп жүргізуді, қажеттілік нормасына сәйкес формалық киім-кешектер беру, қызметкерлердің киім-кешек алғандығы туралы кәртішкелеріне белгі жазу, материалдық құндылықтарды есепке алу кітабын жүргізу, құжаттарды тіркеу, арматуралық кәртішкелер реестрін, инвентарлық мүліктерді есепке алу, материалдық шығынның толықтай қайтарылуын қамтамасыз етеді, әр апта сайын жұмыстан шыққан тұлғалар бойынша салыстыру жүргізу, ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттарды тіркеу; белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу. Келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін қамтамасыз ету; белгіленген мерзімдерде келіп түскен бақылау құжаттарды орындау; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша талдау, ақпарат, анықтамалар; тауарларды жеткізу (көрсетілген қызметтердің орындалған жұмыстар) актілерін тексеру; мемлекеттік сатып алу туралы есептерді дайындау және мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) саласында. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу басқа да міндетті білімінің болуы.



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 060003, Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53 «А», анықтама телефоны: 8 (7122) 55-83-04, электронды мекенжайы: dchs_atyr@emer.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеті: материалдарының экспресс-анализі және тез жинақталуы. Департаменттің басшылары және қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастыру. Департамент қызметінің толық және объектілі баяндалуы мақсатында газет, журналдардың бас журналдардың бас редакторларымен, ақпаратты агенттіктермен, телерадиокомпаниялар, сонымен қатар БАҚ корпункттерімен өзара қарым-қатынас орнату.Төтенше жағдайлар өңірінде БАҚ өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: әлеуметтік ғылымдар (журналист; қоғамдық байланыс); білім (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет; педагогика және психология). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік (2017 жылғы 8 қарашаға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеніне).

Функционалды міндеті: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшілердің тестіден өтуін ұйымдастырады, конкурс өткізу, кадр резервін құру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың кадр қызметтерімен тығыз байланыс жасайды. Мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан уақытында өтуін ұйымдастырады. Департамент жұмысына тиісті тәжірибесі мен біліктілік талабы бар кадрларды тарту жұмыстарымен айналысады. Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің конкурстық іріктеуден өтуін ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты шектеулердің сақталуын бақылауға алады. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті. Жеке және жедел шарттарды әзірлеп, ресімдейді. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: құқық, экономикалық, педагогикалық, гуманитарлық. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Заң тобының бас маманы, С-О-5 cанаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеті: Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Департаментте дайындалатын құқықтық сипаттағы бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және өзге де актілер жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, сондай-ақ, қажет болған жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады. Департаментте қолданыстағы заңнамалар туралы және оларды қолдану тәртібін түсіндіру, даулы жұмыстарда құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, сот органдарына қажетті материалдарды дайындау және беру сияқты құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді. Сотта, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Департаменттің мүддесін қорғайды. Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне заңгерлік көмек көрсетуді, қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді ұйымдастырады. Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметтерді алуға облыс аумағында орналасқан аймақтық органдарға, орталық атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға сұраныстар жіберуді жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет