Бостандық (Ж) ауылдық кітапханасы



Дата14.07.2016
өлшемі17.68 Kb.
#198051
Бостандық (Ж) ауылдық кітапханасыf:\img_2581.jpg

Бостандық елді мекенінде алғаш кітапхана «Қызыл отау» деген атпен 1956 жылы ашылды. Кітапхана ауыл мектебінің бір бөлмесінде болған. Сол кезде ең алғаш ашылған кітапханада шамамен 40-50 дана ОКЖ кітаптары мен мерзімді басылымдар: «Социалистік Қазақстан», «Колхоз жолы», «Пионер», «Жұлдыз», «Ара» газет-журналдарымен қамтамасыз етілген.

Сол кезде 1956-59 жылдары кітапханашы болып, Қожақова Рысты белсенді қызмет атқарды. Ауыл аймағында алғаш комсомол жастарының бірі болған, Рысты өзінің іскерлік қабілетімен ұйымдастырушылық дарындылығымен Қызыл отауға, оқырмандарды тарта білді.

Ол әдебиеттермен мерзімді басылымдарды халыққа таратумен қоса әр мереке сайын кештер ұйымдастырып отырған. Көбіне оқырмандар көркем әдебиетке сұраныс жасаған.

Сонымен қатар, 1959-63 жылдары кітапханашы болып Құсекенова Жұмағаным. Одан соң кітапханашы болып Исмагулова Мүгүлсім, Қабашева Дариға, Молдағалиева Бақыт қызмет істеді.

Кейін Бостандық ауылдық кітапханашысы 1968 жылдары бөлек ғимаратқа, ауыл клубының жанынан салынған кітапханаға көшірілді. Кітапхананың кітап қоры шағын болды.



1996 жылы совхоз тараған уақытта Бостандық ауылдық кітапханасы жабылды. Кітап қорын Жалпақтал ауылдық кітапханасына алып кетті. Содан ауыл бірнеше жыл кітапханасыз тұрды.

2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылында ауылға көңіл бөлініп қараша айында кітапхана қайта ашылды. Осы ашылған 2000 жылы кітапхана меңгерушісі болып Нуфтуллина Аягүл Рухоллақызы жұмыс істеді. Бүгінгі таңда жалпы кітап қоры 4551 дана. Кітапханада 10 шақты атаулы мерзімді басылымдар жаздырып алдырылады. Мектеп және клуб денсаулық қызметкерлерімен тығыз байланыс жүргізе отырып, әртүрлі мәдени көпшілік шараларды өткізілді. Кітапхананың кітап қоры талапқа сай, білімнің барлық саласы бойынша қамтылып, өлкенің бай тарихы туралы мол мағлұмат беріліп, жаңа заман оқырмандарының талап тілектерін қамтамасыз етуде бағытталып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет