Орындаған: Байбатыр.Г Тексерген: Алдасугурова.Ч Кіріспе - Кіріспе
- Фармацияда ботаниканың маңызы
- Дәрілік өсімдіктер
Тақырыптың өзектілігі - Ботаника-өсімдіктер туралы ғылым.Ол олардың құрылысын,тіршілігін,таралуын,алуан түрлігінің және т.б. зерттейді.Ботаника деген сөз «ботанэ» деген грек тілінен келіп шыққан.Ол өсімдік, шөп деген мағына береді.Ботаника-тірі организмдерді зерттейтін ғылымдар комплексі-биологияның негізгі бір тарауы.
- Өсімдіктер-жануарлар және т.б. организмдер сияқты тірі дүниенің бір бөлігі.Бізді қоршаған орта екі формада болады-тірі дүние және жансыз дүние.Тіршілік дегеніміз тірі дүниенің өмір сүру формасы.
- Ботаника ғылым ретінде б.э.д.IV-V ғасырларда пайда болған.Оның атасы ретінде ежелгі грек оқымыстысы,ұлы Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктер турала бірнеше кітаптар жазған.Біздің эрамыздың ХV ғасырына дейін ботаниканың дамуына медицина және егіншілікпен айналысу өз ықпалын тигізіп келеді.Бұл кезеңдерде ботаниканың дамуына күш салып,аса көп жұмыс жүргізгендердің ішінен Плиний Старшийді және т.б. атауға болады.
- Ботаника ғылымы биологияның басқа да салаларымен тығыз байланысты.Оның ауыл шаруашылық ғылымдарымен де,фармациямен де байланысы зор,себебі ботаника бұл ғылымдар үшін теориялық негіз болып саналады.Фармация-дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылатын шикізаттар туралы ғылым.Қазіргі кездегі шығарылатын дәрі-дәрмектің 30 пайызы арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан жасалады.Ал кейбір нақтылы ауруларды емдеуге арналған препараттарды алатын болсақ,мысалы, жүрек ауруларын,бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын,ішек құрттарына қарсы қолданылатын,қақырық түсіруші және т.б.Өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектердің мөлшері 75-80%-ға дейін жетеді.Сондықтан болашақ фармация мамандары (провизорлар) ботаника пәнін жақсы игеруі қажет,себебі олардың келешектегі кәсіптік қызметі дәрі жасауға шикізат болып табылатын дәрілік өсімдіктерді жинау,олардың сапасын анықтау,оларды қорғаумен байланысты.Сонымен қатар,ботаника пәні фармакогназия пәнін жақсы игеруге де қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |