Зертханалық жұмыс №2
Сүйектер туралы ілім - остеология.
1. Сүйектердің фило-және онтогенездік даму заңдылықтары.
2. Сүйектердің физикалық қасиеттері, химиялық құрамы.
3. Сүйектерді жіктеу.
Тірек-қимыл жүйесі активті (қаңқа сүйектері) және пассивті (бұлшық еттер) бөлімдерден тұрады. Бұл жүйе ересек адамның дене салмағының, 60-70%-не сәйкес келеді, оның 1/5-1/7 бөлігі қаңқа сүйектері, ал 2/5 бөлігі бұлшық еттер. Тірек қимыл жүйесі қимыл-қозғалыс, тірек және қорғаныш қызметтерінен басқа зат және энергия алмасу, қан алмасу процестеріне катысады. Сонымен тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйесінің кызметіне де әсер етеді. Қорыта айтқанда бұл аппарат ағзаның барлық тіршілік процестеріне әсерін тигізеді. Адам қаңқасының, жалпы құрылысын барлық омыртқалылардың қаңқасымен салыстырғанда, олардың бір типте түзілгендігін байқауға болады. Салыстырмалы анатомияның мағлұматтары бойынша, қанқа сүйектері филогенездік (тарихи) даму кезінде үш сатыдан өтеді: жарғақты, шеміршекті және сүйекті.
Даму процесінде жарғақты түрден бірден сүйекке ауысатын сүйектер алғашқы (бірінші реттегі) немесе жабынды (ми сауытының сүйектері), ал үш сатыдан өтетіндер — екінші реттегі немесе шеміршек ұлпалы сүйектер деп аталады.
Сүйектің құрылысы.
Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқап болады. Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, кайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті кабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.
Сүйектің құрылысы (жілікті жарып карағандағы көрінісі)
1 - сүйекқап; 2 - өзекшелер; 3 - борпылдак қабат; 4 - қыртысты қабат; 5 - жілік майы; 6 - остеоциттер (сүйек жасушалары); 7 - қантамырлар.
2. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалык зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек.
3. Сүйектің байланысы:
Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |