Бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит



бет1/16
Дата17.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Балалардағы бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит. Пневмония

Жоспар:

  • I. Кіріспе
  • II. Негізгі
  • Жедел бронхит
  • Жедел бронхиолит
  • Жедел обструктивті бронхит
  • Пневмония
  • III. Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Обструктивті синдром немесе бронхобструкция негізіне аллергиялық қабыну және бронхтар гиперреактивтілігі жататын, тыныс қиындығы ұстамаларымен білінетін, диффузды обструкция, беткейлі бронх еттерінің спазмы, шырыш гиперсекрециясы, бронх қабаты ісінуімен белгілі ауру.
  • Бронхобструктивті синдром – көбінесе балалар ауруы болып табылады, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар. Төменгі тыныс жолдарының ауруымен ауыратын балалар 40 % , респираторлы вирусты инфекциямен ауыратын балалар 50 %, аллергиясы бар балалар 30 % кездеседі.

Жедел бронхит

  • бронхтар кілегей қабығының диффузды бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит), сирегірек -қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы (панбронхит).

Этиологиясы

  • Көбінесе жедел респираторлы вирусты инфекцияның (ЖРВИ) салдарынан бронхтардың шырышты қабаттарында өзгерістер болады, дегенмен бронхиттің клиникасы әрдайым көрініс бере бермейді. Рино-, респираторлы синцитиалды және паратұмаудың (парагрипп) 3 типтегі инфекциялары бір жасқа дейінгі балаларда бронхитті жиі туындатады, ал ересек балаларда тек қана жоғарғы тыныс жолдарынының катаральды өзгерістері ғана болады.
  • Балаларда бактериалды (пневмококтар, стрептококтар мен стафилококтар, гемофилді таяқша) қоздырғыштар әсерінен болатын бронхиттер сирек кездеседі. Олар негізінде мукоцилиарлы клиренстің қатаң бұзылыстары болған кезде ғана дамиды (бөгде зат, көмекей стенозы, интубация, трахеостома, бронхтардың дамуындағы ақаулар, муковисцидоз, цилиарлы дискинезия).
  • Бір жасқа дейінгі балаларда бронхитті респираторлы вирустармен қатар «атипті» микроорганизмдер, яғни микоплазма және хламидиялар да туындатады. Олардың жиіленуі мектеп жасындағы балаларда, әсіресе күз айларында байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет