Дәріс №2
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік түрлердің жіктелуі
Жоспары:
Дәрілік түрлер
Дәрі мөлшері
Дәрілерді қолдану және сақтау
Дәрілік түрлер
Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, гранула немесе түйіршіктер (домалақтар).
Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, шырыш, тұнба тұндырма, қайнатпа, сығынды, экстракт, микстура, шәрбәт, шырын, линимент, май, спирт, т.б.
Жұмсақ дәрілік түрлер: жағылма, ембалауыз (суппозиторий), паста, крем, гель, жапсырма.
Инъекцияға арналған дәрілік түрлер: ампуладағы, құтыдағы стерильді ерітінділер және құрғақ стерильді лиофильді ұнтақтар.
Әртүрлі дәрілік түрлер: аэрозолдар, көз қабықшалары, пластиналар.
Ұнтақтар (Pulvis) - сусымалы қасиеті бар ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілік түр.
Таблетка (Tabulettae) - дәрілік зат, қосымша ұнтақтар мен басқа заттарды нығыздау арқылы алынған, мөлшерленген дәрілік түр.
Драже (Dragee) - қант гранулаларына дәрі мен қосымша заттарды қабаттау арқылы алынған дәрілік түр.
Капсула (Capsula) - арнайы қабықшаларға салынған мөлшерленген дәрі.
Жағылма (Unguentum) - консистенциясы тұтқыр сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрі.
Ембалауыз (Suppositorium) - қуыстарға енгізуге арналған дене температурасында еритін мөлшерленген жұмсақ дәрі.
Жапсырма (Emplastra) - теріге жабысатын қасиеті бар, жұқа қабатты жұмсақ дәрі.
Пасталар (Pastae) - құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар мөлшерге бөлінбеген жағылмалардың бір түрі
Ерітінді (Solutio) - дәріні еріткішпен араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік түр.
Шырыш (Mucilago) - жабысқақ әсерлі, тұтқыр жоғары молекулалы сұйық дәрі.
Суспензия (Suspensio) - қатты дәрілік заттардың бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр
Достарыңызбен бөлісу: |